Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет115/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   170
З. Базарбаева
филология ғылымдарының
докторы, профессор
АКАДЕМИК Р.СЫЗДЫҚТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК-ИНТОНАЦИЯЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДА
Академик  Р.Сыздықтың  еңбектерінде  қазақ  тіл  білімінің  əртүрлі 
салалары  қамтылған.  Ғалымның  еңбектеріне  арнап  əлденеше  кітап-
мақалалар жазуға болады. Бұл мақалада біз автордың Абай өлеңдері 
тілінің синтаксистік ерекшеліктеріне арналған еңбегін суперсегмент -
ті фонетика тұрғысынан қарастырамыз. 
Кітаптың  алғы  сөзінде  автор: «Поэзиялық  шығармалардың  өзіне 
тəн  заңдары  болады.  Бұл  заңдар  ырғақ,  ұйқас,  шумақталу,  интона-
циялық-мелодиялық  құбылыс  тəрізді  өлең  белгілеріне  қарай  пайда 
болады», – дейді. Поэзия тілінің синтаксистік ерекшеліктерін танып-
білу  үшін  автор  күрделі  синтаксистік  тұтастық,  шумақ  категорияла-
рын,  олардың  бір-бірімен  байланысын,  инверсия,  ықшамдау,  тармақ 
ұғымдарын  жан-жақты  талдап,  Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құ-
рылысын,  олардың  композициялық  құрамы  мен  өлшем  түрлерін 
анықтап сипаттайды.


248
Рəбиға Сыздық
Жұмыстың  бір  тараушасы  күрделі  синтаксистік  тұтастық  тура-
лы  ұғымға  арналған. «Күрделі  синтаксистік  тұтастықтар  прозада  да, 
поэзияда  да  болады,  ол  өлеңде  сөйлемдердің  бір-бірімен  органика-
лық  түрде  əлдеқайда  тығыз  байланыстығына  орай,  поэзия  тіліне, 
оның  ішінде  əсіресе,  строфикалық  өлеңдерге  көбірек  тəн  категория 
болып табылады», – дейді автор. 
Рас,  поэтикалық  мəтінде  күрделі  синтаксистік  тұтастық  (кейде 
оны  күрделі  фразалық  тұтастық  деп  те  атайды),  өлеңнің  шумағында 
айқын  көрінеді.  Əдетте  күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  бірліктері 
өзара  байланысқа  түсіп,  сегменттеу  ережелері  бойынша  топтасып, 
белгілі  бір  ойдың  нəтижесі  болып  табылады.  Сөйлеу  барысында  ой 
білдірушінің  мақсатын  түсіндіруі,  дəлелдеуі  арқылы  сөйлеу  актісі 
өрбіп дамиды. Сондай-ақ күрделі синтаксистік тұтастықтың көлеміне 
кірген  əр  алуан  сөйлемдер  бір-бірімен  семантика-грамматикалық 
жəне  интонациялық  байланыста  болып,  коммуникативтік  мақсатты 
орындауға  меңзейді.  Мəтін  сегменттеудің  күрделі  синтаксистік  тұ-
тастық  деңгейінде  мүшеленуі  сөз  түзуші  мен  қабылдаушының 
арақатынасын,  олардың  прагматикалық  бағдарын,  көңіл-күйін  ин-
тонация  компоненттерінің  құбылуынан  байқауға  болады.  Күрделі 
синтаксистік  тұтастық  адресант  пен  адресаттың  арасындағы  қа -
рым-қатынастың  көрінісі,  ой  дамуының  нəтижесі  болғандықтан,  ол 
өзіндік  мазмұны  мен  құрылымдық  моделімен  ерекшеленіп,  сөйлеу 
тілінде просодикалық тəсілдер арқылы жүзеге асады.
Енді  күрделі  синтаксистік  тұтастыққа  автор  келтірген  төрт  тар-
мақты шумаққа көңіл аударайық: 
Жазғытұры қалмайды // қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар // жердің жүзі, 
Жан-жануар, //адамзат // анталаса, 
Ата-анадай елжірер // күннің көзі.
Автор  айтқандай, «мұнда  поэтикалық  ой  тұтас,  біреу:  жазғытұры 
табиғат-тіршілік  сипаты,  ал  жеке  сөйлемдер  үшеу,  үшеуі  бірігіп, 
синтаксистік күрделі единица құрап тұр». 
Оқшау түрде тұрған жеке-дара сөйлем шеңберінде жеткізуге мүм-
кін  болмайтын  ой  өрбуі  күрделі  синтаксистік  тұтастықтарда  орын 
алатынын  көріп  тұрмыз.  Ырғақты,  буындық  ұқсастыққа, pифмалық 
үндесуге  құpылған  он  бір  буынды  төpт  таpмақтан  тұpатын  өлеңнін 
əp  таpмағы  екі  синтагма  болады.  Ол  синтагмалаp  екi-екiден  қо -
сылып,  үш  сөйлемді  құpап  бір  ойды  жеткізіп  тұр.  Мұндағы  төpт 
таpмақтан  тұpатын  өлеңнің  ыpғақ, pифма  үйлесуi  олаpдағы  сөздеp-
дiң  буын  санының  бipдейлiгiмен  ғана  емес,  олаpдың  дыбыстаpының 
ұқсас, кейде бipдей болып тұpғанынан да байқалады. 


249


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет