Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


АКАДЕМИК Р.СЫЗДЫҚ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ЕМЛЕСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет146/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   170
АКАДЕМИК Р.СЫЗДЫҚ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ЕМЛЕСІНІҢ 
КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ  тілтанымының  дамуы  мен  қалыптасуына  жарты  ғасырдан 
астам  уақыт  бойында  қарымды  үлес  қосқан  ғалымдардың  алдыңғы 
легінде академик Рəбиға Сыздықтың есімі мен еңбегі айрықша орын 
алады.  Тіл  тарихы,  əдеби  тілдің  пайда  болуының  бастау  көздері, 
қазақ  сөзінің  этимологиясы,  сөз  мəдениеті,  функционалды  стильдің 
қисындары,  қазақ  көркем  əдебиеті  стилінің  ұлттық-лингвомəдени 
ерекшеліктері, əдеби норма жəне оның қалыптануы, орфография жəне 
орфоэпия  салаларындағы  ғалымның  пікір-тұжырымдары  осы  мəсе-
лелерге  қатысты  анық-қанығы  бұлтартпастай  ғылыми  негіздемелер 
ретінде  кейінгі  зерттеулер  үшін  теориялық  тіреккөзге  айналды. 
Мəселен,  өткен  ғасырдың  орта  тұсында  қазақ  əдеби  тілінің  функ-
ционалды  стильдерінің  тарамдалуы,  өзіндік  айырым-белгілері  орыс 
лингвистикасындағы үлгі-сұлбаға сəйкес бағамдалып, ұғындырылып, 


299
Тіл-ғұмыр
осылайша  мойындатылып  келсе,  академик  ғалым  қазақ  тілінің 
коммуникативтік  жағдаяттарға,  қазақ  ұлтының  сөз  саптауына  қарай 
қазақ сөзінің, оның құрылымдық заңдылықтарының өз ерекшеліктері 
бар  екендігіне,  осы  себепті  қазақ  əдеби  тілінің  мақсатты  (функцио-
налды)  тарамдалуының  басқашалау  сипатына  назар  аудартты;  Абай 
тілінің  қыр-сырын  əбден  зерделеуден  бастап,  кейінгі  тұстардағы 
тарихи,  философиялық  мазмұндағы,  қазақ  халқының  ұлттық  ой-
санасын,  дүниетанымын  арқау  еткен  көркем  əдеби  шығармалардың 
тілі  мен  стилін  талдау  арқылы  академик  ғалым  соңғы  жылдары 
көкейкесті  проблемалар  дəрежесіне  көтерілген  ұлттық  когнитоло-
гия,  антропоөзектік  лингвистика,  лингвомəдениеттану  тəрізді  сала-
лар  бойынша  алғашқы  түйіндерді  қалыптастырды.  Қазақ  тілінің  сөз-
құрылымдық  сипатын  ұлттық  пайымдау  мен  қабылдауға,  ұлт  сана-
сындағы  əлемнің  тілдік  көрінісіне  байланыстыра  қарайтын  кейінгі 
зерттеулерге  Рəбиға  Сыздықтың  ой  қорытулары  əрдайым  сүйеніш 
болып келе жатқандығы осыған дəлел. 
Қай  салада  да  болмасын,  тіл  ғылымының  іргетасын  қалаған 
жəне  оның  нығайтылуына  үлес  қосқан  өз  ұстаздарының  ғылыми 
тұжырымдарын  одан  əрі  тереңдете  жалғастырып  келе  жатқан  ғалым 
Р.Сыздықтың  байыппен  қарастырған  мəселелерінің  бірі – қазақ 
емлесінің  қағидалары  мен  нормалық  заңдылықтары.  Қазақ  сөзі  мен 
оның  фонетикалық-құрылымдық  ерекшеліктерінің  бірегей  тəртібі, 
қалыптасқан  ережесі  болу  керектігінің  алғашқы  түйіндері  ғалым 
Қ.Жұбановтың  зерттеулерінде  кездесетіні  белгілі.  «Тілдің  ілгері 
басып  өсуі  үшін  оның  емлесі  мен  термин  мəселесі  дұрыс  шешіл -
мей  болмайды»  деп 1935 жылы  ғалым  айтқан  сөз  қазірде  де  аса 
өзекті [1, 335]. Содан  кейінгі  кезеңдерде  алфавит  ауысулары,  қоғам 
өміріндегі  саяси  ауытқулар  салдарынан  кейінге  ысырылған  тармақ-
тардың бірі – жазу мəселесінің ережесін қалыптастыру, бірізділендіру 
болатын.  Дегенмен  өткен  ғасырдың 50-інші  жылдарының  өзінде-ақ 
орта  мектептерге  арналған  лингводидактикалық  базаны  жасау  ісінің 
басы-қасында  болған  академик  Р.Сыздық  əрі  тұрақты,  əрі  көпші -
лікке  ортақ,  тиянақты  емле  ережелерінің  қажеттілігін  ұлттық  əдеби 
тілдің  қалыптасуымен,  нығаюымен  байланыста  қарап,  сол  тұста  жа-
салған  мектеп  оқулықтарында  жазу  қағидаларының  (правописание; 
бұл ұғым тыныс белгілеріне қатысты ережелерді де қоса қамтиды
біркелкі  сақталуын  үзбей  қадағалады.  Қоғам  өмірінің  тілге  қатысты 
барша дерлік құбылыстарын, туындаған өзгерістердің білім-ғылымға 
ықпалын  елгезектікпен  бақылап  отыратын  ғалым  жазу  ережелерінің 
(сөйлеу  сазы  мен  сөз  мəдениетінің  де)  сауатты  қалыптасуының  орта 
мектепте  білім  беру  ісін  нысаналы  түрде  жолға  қоюдан  басталаты-


300


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет