Рəбиға Сыздық
нын ұдайы айтып келеді. «Басылып шыққан кітап, газет, журналдар
дұрыс жазудың бірден-бір көзі əрі үлгісі болуға тиіс жəне сауатты
жазуға алғашқы бастап үйрететін орын – мектеп»; «Адамның ана
тілін үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі бір баспалдағы – мек-
теп» деген нұсқау сөздері емле, жазу, сөйлеу ережелерінің тиянақты
білім арқылы бекітілуі қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін орнық-
тырудағы іс-шаралардың қатарында маңызды екендігін көрсетеді.
Емле ережелерінің сақталуы мен қолданылуы үшін, бір қарағанда,
үкімет тарапынан бекітілген заң күшіне ие қағидалардың жиынтығы
болса жеткілікті сияқты болып көрінеді. Алайда заңнамалық құжат
түріндегі емле ережелерінің жиынтығында қазақ тілінің барлық
ерекшеліктерін нақтылап, айқындап түсіндіріп беретін мысалдар
шектеулі болады, осыған байланысты заңмен бекітілген емле ереже-
лерін, қоғам өмірінде тілдің үлес-салмағының өзгеруіне, ұлғаюына
қарай туындап отыратын өзгешеліктерді таратып, түсіндіріп, осы
арқылы тілді пайдаланушының сауаттылығын арттыруға, əдеби нор-
маларды қалыптастыруға ықпал ететін көмекші құралдар қажет
болады.
Қазақ емлесін жетілдіру, реттеу бағытындағы ғылыми-практи -
калық, шолу-жинақтау, ұсыныстар беру мазмұнындағы бірқатар
мақалалардан кейін ғалым Р.Сыздық қазақ емлесі мен тыныс белгі-
лерінің ережелерін жинақтап баяндайтын тұңғыш анықтағыш [2]
құрал шығарды (1960 жыл). Мəселеге теориялық жағынан да, прак-
тикалық жағынан да келгенде, бұл еңбек аса құнды тіл-құрал бо-
лып табылды; саяси-əлеуметтік оқиғаларға толы кейінгі кезеңдердің
тілдің прогрессивті жылжуы мен жетілуіне қосқан өзгерістерінің
нəтижесінде жазуға қаншалықты жəне қандайлық толықтырулар мен
түзетулер, сұрыптаулар мен нақтылаулар енгізілгені, оның себептері
осы анықтағыштың кейінгі басылымдарында (1974; 1996; 2000 жыл-
дар) мазмұндалды.
Түркі халықтары тілші-ғалымдарының қолданбалы лингвистикаға
қатысты еңбектерінде «қазақ емлесі мен жазу əбден жетілдірілген,
үлгі ретінде алуға тұрарлық» деген бағалаулар кездеседі [3, 4], ал
бұны қазақ жазуының морфологиялық-фонематикалық жəне фоне-
тикалық ұстанымдары негізінде емле ережелерін қалыптастырып
берген академик Р.Сыздықтың салмақты еңбегін тану-мойындау деп
түсінген жөн.
Қазақ емлесі мəселелерінің қатарында ғалым əсіресе сөздерді
біріктіріп жазу жағдайына жіті көңіл бөледі. Мəселен, «Анықтағыш-
тың» 10 тармағы түгелдей дерлік осы ерекшелікке арналған (42-49-
беттер), бұнда біріккен сөздерді жазудың негізінен морфологиялық
301
Тіл-ғұмыр
ұстанымға сүйенетіндігі, біріккен сөз болатындар (топонимикалық
атаулар, адам есімдері, терминдік мəнге ие болған атаулар жəне т.б.)
мазмұндалған; таңбалануы бірдей күрделі сөздердің кейде бөлек
жазылатындығының лингвистикалық негіздері дəлелденген (мысалы,
ақы сөзі арқылы жасалған терминдік мəндегі жалақы, қаламақы бірге
жазылса, фразеологизм құрамындағы ақы бөлек жазылады; табан
ақы, маңдай тері немесе тақтатас, зертас, сынтас терминдерінің
компоненттері бірге таңбаланады да, тас сөзі адъективті сыңарымен
тіркесіп, өзінің тура мағынасында тұрған жағдайда бөлек жазылады:
дөңбек тас, меруерт тас). Біріккен сөз болуға тиісті ғалым көрсет -
кен тұлғалардың көпшілігі дерлік орфографиялық сөздіктің кейінгі
басылымдарына сұрыпталып енгізіліп, одан əрі бекітіле түсті [5].
Емле ережелері бекітілген заң (1957 жыл) жарияланғаннан кейін
жарық көрген орфографиялық сөздікке байланысты ойласу, мəселені
негіздей түсу мақсатында мерзімді басылымдарда бірқатар ойлар
айтылды [6], оларда негізінен біріккен сөздердің жазылуы сөз бола-
ды. Қазақ емлесінің осы жағы қазірге дейін əрқилы пікірдің туында -
уына себепші болып отыр.
«Жазуда қиындық тудырып келе жатқан жайт ереженің өзі емес,
сол ережеге бағынатын біріккен сөз категориясын ажыратуда бо-
лып келе жатыр», – деп көрсетеді академик Р.Сыздық. Əрине, кез-
келген жеке сөздердің біріге бермейтіндігі белгілі. Демек, сөздердің
бірігу заңдылығы неге байланысты деген сауал пайда болады. Бірігу
заңдылығы сөздердің жаңа мəн, жаңа атау алуына негізделеді, сөйтіп,
жеке сөздер бір бүтіннің құрамды бөлшектеріне айналады да, бірге
таңбаланатын болады. Бұл – жаңа сөз жасаудың өнімді тəсілдерінің
бірі жəне бұл əдеби тілдің даму үдерісінде үзбей жүріп жататын
үдерістердің қатарынан танылады. Сондықтан да терминжасамды
қазақыландыру үдерісін қарқынды ету, реттеу жолында соңғы жыл-
дары жарияланған саналуан типтердегі лексикографиялық еңбектер -
де, ғылыми əдебиетте сөз біріктіру амалы белсенді көзге түседі.
Біздің тарапымыздан Қазақстан Республикасы Үкіметі жанын -
дағы Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен 31 томдық
көлемді еңбектің бірқатар ғылым салаларына (мəдениет жəне өнер,
əдебиет жəне лингвистика, философия жəне саясаттану, əскери іс
жəне заңтану, іс жүргізу жəне мұрағат ісі) қатысты томдарынан жəне
орта мектептерге арналған биология, анатомия, астрономия, физи-
ка салаларына арналған оқулықтарынан тілдік фактілер жинақталып
ұсынылып отыр (шамамен 200-ге жуық сөз іріктелді). Бұлар бекітіл -
ген терминдердің қатарынан алынған, оқу-ағарту əдебиетіне енгі-
зілген, оларды осылайша емле қалпында пайдалану керек деп
302
Достарыңызбен бөлісу: |