Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет150/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   170
ауырдəулетті, басқатырушылық (бірақ: бас қатыру), тізеқосушылық 
(бірақ: тізе қосу) нысандары да бар. 
  Осылайша  таңбалану  мəселемен  тікелей  айналысатын  маман-
дардың  дəйектемелерін  қажет  етеді,  өйткені  қазақ  əдеби  тілінің 
қазіргі  динамикасында  сөз  біріктіру  амалының  жандана  түскендігі-
нің  сыртқы  жəне  ішкі  себеп-факторларын  норма  регламентациясы 
тұрғысынан реттеу айрықша қажет. Бұл қажеттіліктің жауапты жағы 
мынада  деп  ойлаймыз:  біріншіден,  ұлттық  мазмұнға  ие  аталымдар-
дың немесе биологиялық, анатомиялық бірқатар терминдердің емлесі 
орныққан,  дəлелденген  десек  те,  сөз  біріктіру  амалы  тек  осылармен 
ғана шектелмей, бірнеше сөздің тіркесі арқылы жаңа ұғымды білдіре -
тін  қоғамдық-саяси,  ғылыми  аталымдарды,  терминдік  орамдарды 
біріктіріп  жазудың  ең  өнімді  амалға  айналып  бара  жатқандығы  бай-
қалады. Мерзімді баспасөз беттерінен сөз біріктіру амалында еркіндік 
бар.  Олардың  жазылуындағы  əрбасқалық  проблеманы  тереңдете 
талдаудың  өзектілігін  байқатады.  Мəселен,  орфографиялық  сөздікте 
«дер  кезі»  түрінде  берілгенімен,  жазу  практикасында  «деркезінде» 
нысанында  таңбалау  нормаға  айналған.  Біріккен  сөз  емлесінің  тал-
данып  түсіндірілуі  терминжасам  ісінде  де,  мектепте  білім  беруде  де 
аса  маңызды.  Ұсынылған  сөздердің  біріге  жазылуы  тілдің  үнемдеу 
заңдылығынан  туындап  отыр  немесе  бұл  жайт  əралуан  мазмұндағы 


305
Тіл-ғұмыр
ақпаратты жеткізудегі қазақ тілінің мол мүмкіндігін танытатын белгі 
деп  те  бағалауға  болар;  дегенмен  бұл  ретте  нақты  бір  ұғымның  ата-
уын  қазақша  жеткізуде,  өзге  тілдік  терминге  балама  іздеген  кезде 
жеке  тұлғаның  санасында  өзгетілдік  терминнің,  атаудың  семанти -
калық  сыйымдылығы,  мағынасымен  қатар  құрылымдық  пішіні  көз 
алдында  тұратындығы  анық  байқалады.  У.Вайнрайх  «тіларалық 
бірдейлестіру»  деген  терминді  атаған  болатын,  ғалымның  пікірінше, 
қостілді  адам  өзара  қарым-қатынаста  болатын  екі  тілдің  өзара  ұқсас 
элементтерін  теңдестіреді,  бұл  ретте  теңдестіру  бірінші  тілдің  ерек-
шеліктеріне  бағынады.  Осыған  байланысты  қазақ  тілінің  тіпті  жазу-
сызуда  да  «тіл-реципиент»  ыңғайында  келе  жатқандығы,  демек, 
сөз  біріктіру  амалының  кейбір  сипаттарын  əлеуметтік  лингвистика, 
психолингвистика  тармақтары  арқылы  түсіндірудің  маңыздылығы 
ғалымдарды  ойландыруы  тиіс.  Екіншіден,  бекітілген  терминдер 
қатарынан  орын  алып,  орта  білім  беру  жүйесінің  лингвовдидактика-
лық  құралдарына  енгізілген  біріккен  тұлғалардың  емлесі  сауатты -
лық,  əдеби  норма  үшін  басшылық  алынатын  орфографиялық  сөздік 
арқылы  орнықтырыла  ма;  яки  оларды  жинақтайтын  тіркеуші  жеке 
сөздік  түзілуі  мүмкін  бе;  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту-меңгерту 
ісіндегі  пəрменділігі,  қолданысы  қандай  (бүгінгі  көптілділік  за-
манында  ресми,  публицистикалық,  ғылыми  стильдерге  қарағанда, 
кірме  сөздердің  əсіресе  ауызекі  сөйлеу  тілінде  қолданылу  жиілігі 
басым  екендігін  ескерсек,  оқушының  коммуникативтік  актісінде 
кеппешөп – гербарий; ұсақағза – микроорганизм; тəлімбақ – питом-
ник  дегендердің  қайсысы  көбірек  пайдаланылады,  яғни  хатқа  түскен 
қазақша  аталымдар  тіл  қолданысында  проформа  түрінде  қала  ма) 
деген  де  жайттар  бар.  Осындай  мəселелердің  нақты  ғылыми-прак-
тикалық  тұжырымдалуы  сонымен  қатар  латын  əліппесіне  көшуге 
арналған іс-шаралардың қатарында да назарда болғаны жөн. 
Емле мен жазу, əдеби норма мен сөз мəдениеті ұлт тілінің қалып-
таса  бастаған  кезеңінен  бастап-ақ  орныға  бастайды,  алайда  қоғам 
дамуының  əр  тұстарында  олардың  тұрақтылығы  мен  бірегейлігі 
жəне  əлеуметтік  лингвистикалық  мəні  өзгеріп  отырады,  демек, 
қазақ  емлесі  мен  жазуы  мəселесі  де  ұдайы  жетілдіріп,  толықтырып, 
қайырадан зерделеп отыруды қажет етеді. 
Əдебиеттер: 
1.  Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілінің  емлесін  өзгерту  жайлы // Жұбанов  Қ.  Қазақ  тілі 
жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 335-341-бб. 
2. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Аста-
на: Елорда, 2000. 


306
Рəбиға Сыздық
3. Мусаев К.М. Орфография тюркских языков СССР. – М.: Наука, 1976.
4.  Абдуллина  Р.С.  Орфография  и  орфоэпия  татарского  литературного  языка. – 
Казань: Магариф, 1996.
5.  Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігі // Құраст.:  Н.Уəлиұлы,  Қ.Кү деринова, 
Ғ.Əнес. – Алматы, 2007. 
6. Балақаев М. Біріккен сөздердің орфографиясы // Балакаев М. Казахский лите-
ратурный язык. – Алматы, 1987. – 217-228-бб.; Маманов И. Орфографиялық сөздіктегі 
олқылықтар // Қазақ əдебиеті. – 1983, 4 февраль; Нұрже кеев Б. Тіл заңдылықтарын 
сақтайық // Қазақ əдебиеті. – 1984, 12 октябрь; Аханов К. Емледе ғылыми принципті 
ұстанайық // Социалистік  Қазақстан. – 1977, 4 март;  Есенов  Қ.  Біріккен  сөздер // 
Қазақ əдебиеті. – 1977, 11 март; Қалиев Ғ. Біріккен сөздердің жазылуы жайында // Сөз 
өнері. – Алматы, 1978. – 155-162-бб. 
7. Қазақша-орысша/орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 31 томдық (Фило-
софия жəне саясаттану. – 23-том; Мəдениет жəне өнер. – 26-том; Əскери іс. – 12-том; 
Заңтану. – 30-том;  Əдебиет  жəне  лингвистика. – 27-том;  Іс  жүргізу  жəне  мұрағат 
ісі. – 29-том). – Алматы: Рауан, 2000. 
8.  Қалиев  Б.  Өсімдік  атауларының  орысша-қазақша  жəне  қазақша-орысша  сөз -
дігі. – Астана: ІС-Сервис, 2005. 
9. Күдеринова Қ. Құрама сөздер жəне олардың емлесі // Сыздық Р. Тілдік норма 
жəне оның қалыптануы (кодификациясы) – Астана: Елорда, 2001.
10.  Сыздық  Р.  Жаңа  жазуға  көшуіміз  керек,  бірақ  оған  емле  ережелері  дайын 
емес // Қазақ əдебиеті. – 1998, 19 қаңтар. 
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. 
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет