Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет35/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   170
– Ғылымда бақталастық бар ма?
– Қай салада болмасын, бақталастық болады ғой. Ол – өзі адамның 
табиғатына  тəн  нəрсе  емес  пе?  Басқа  салаға  қарағанда,  ғылым  сала-
сында  ұрысып,  соттасып  жату  кемде-кем.  Бірақ  ғылыми  пікірталас 
көп  болатыны  рас.  Ғылым  жаңа  ой,  жаңа  пікір  айту  үшін  керек. 
«Ғылымда  бақталастықтан  гөрі  бəсекелестік  көп  болса!»  деймін. 
Өйткені  бəсекелестік  бар  жерде  даму  бар. «Жаңалық  ашамын,  зерт-
теймін»  деген  адамға  ғылым – айна.  Сенің  жазған  еңбегіңді  басқа 
біреу  де  жазуы  мүмкін.  Бірақ  халыққа  қажеттілігіне,  құндылығына 
қарай, уақыт өте өзі-ақ сараланады.
–  Қазір  «диссертацияны  сатып  алады  болмаса  біреулерге  жаз-
дыртып  алып  жатады»  деген  əңгімелер  көп  айтылып  қалады. 
«Ғылым кандидаттары көбейіп кетті» деген əңгіме жүр ел арасын-
да.  Əсіресе,  мемлекеттік  қызмет  атқаратындардың  арасында.  Бұл 
ғылымның беделін түсірмей ме?
–  Мен  кезінде  Абай  атындағы  педагогикалық  университетте  ғы-
лыми кеңестің мүшесі болдым. Одан бері де Ғылым академиясының 
Тіл  білімі  институтындағы  кеңестің  мүшесімін.  Осы  уақытқа  дейін 
біреуге  жаздырып  алып,  жалған  еңбекпен  қорғап  алғандарды  көрге-
нім жоқ. Мүмкін, тіл білімі ғылымында шығар? Біз қорғатардан бұрын 
семинарда тыңдаймыз. Сонда өзінің жазып жүрген тақырыбын қалай 
меңгергендігі өзінен-ақ білініп тұрады. Қыруар сұрақ қойылады. Со-
сын  қорғар  алдында  диссертацияны  талқылаймыз.  Сонда  да  байқа-
лады.  Ал  басқа  салаларда  бар  ма,  жоқ  па, – оған  жауап  бере  алмай-
мын. Бізде көбіне қорғайтындар – ЖОО-да істейтіндер, ішінара болса 
да,  мектепте  жұмыс  істейтіндер  бар.  Ал  теміржолда  істейтіндер  тіл 
білімінен  қорғамайды  ғой.  Үкімет  жұмысында  жүріп,  қорғап  жат-
қандарға  өзім  де  куəмін.  Бірақ  адам  баласының  қолынан  келмейтіні 
жоқ қой. Ықыласы, білімі болса, уақытында жазатын шығар, мүмкін. 
«Кандидаттардың  көбейіп  кеткені  ғылымның  беделін  түсіреді»  де-
генге  келіспеймін.  Бұл  тіл  ғылымы 300 жылдан  бері  келе  жатқан 
болса, жарасар еді. Ал енді біздің қазақ ғылымы енді-енді дамып келе 
жатыр. Мың кандидаттың ішінен оны іріктеліп, нағыз ғалым шықса, 
ол  да – олжа.  Ресми  дəреже  алу  ғалымның  нағыз  белгісі  деп  айта 
алмаймын. «Көбейіп кетті» деген дұрыс емес. Қайта көбейте берейік. 
Бұрын  біз  орыс  ғылымының  жетегінде  келдік.  Енді  қазақ  ғылымын 
дамытатын  кез  келді. «Ғалымдыққа  ұмтылып  жатқандардың  бəрі 


72
Рəбиға Сыздық
Америка  ашып  тастайды»  деп  үміт  күту  де  дұрыс  емес.  Ғылымда 
Америка  ашатындар  аз.  Бұрынырақта  Америкамен  қырғи-қабақ  кез-
де  бір  ғылыми  кеңесте  Ахмет  Жұбанов: «Ойбай-ау,  ашылып  қойған 
мына  Америкаға  əліміз  келмей  жатыр.  Əрбір  кандидат  бір-бір  Аме -
рика  аша  берсе,  не  болады?» – деп  еді.  Сол  сияқты  бір-бір  Америка 
ашылмас ғылымда. Неғұрлым көп болса, соғұрлым нағыз ғалым көп 
шығуы мүмкін.
–  Қазіргі  фамилиялар  -ов/-ев  деген  жалғаулардан  қол  үзіп  келе 
жатыр. Кейде қайсысы аты, қайсысы фамилиясы екенін білмей дал 
болсың.  Мəселен,  Мəди  Барат  болса,  соны  есімінің  орнына  «Бəке, 
Бəке»  деп  шатасатындар  көп.  Жалпы,  осы  ата-тегіміздегі  -ов/-ев-
тардан арылған дұрыс па?
– «Санамызға  сіңіп  қалған  орыстың  идеологиясынан  құтылсақ, 
өзіміздің  ұлттық  мəдениетімізге  көшсек»  деген  ниет  дұрыс.  Бірақ 
бұл – əркімнің  өз  еркіндегі  шаруасы.  Мəселен,  бірге  істейтін  жақсы 
бір  əріптесімнің  фамилиясы – Жаманбаева.  Соның  «овасын»  алып 
тастаса,  қалай  болады?  Пəленше  Жаманбай  деген  біртүрлі  сияқты. 
Ал  Жаманбайқызы  дейін  десем, «мен  оның  қызы  емеспін,  немересі-
мін», – дейді.  Кейде  «ова»-ны  қалдырған  да  дұрыс  сияқты.  Сондай-
ақ «қызы», «ұлы» де келіспейтін секілді. Мұндай фамилияларды тек 
өзінің балалары ғана ала алады. Ары қарай немересі, келіні, шөбере-
сіне  болмайды  ғой.  Негізі «-ов», «-ев»-тарды  алып  тастағанда  жа-
зылуын  бір  жүйеге  түсіру  керек.  Фамилиясын  түгелдей  бас  əріппен, 
атын кіші əріппен дегендей. Қазаққа тəн фамилиясын арқалап ештеңе 
бітірмей  жүргендер  де  бар.  Орысша  фамилиямен  жүріп,  қазақ  үшін 
қыруар  тірлік  тындырып  жатқандар  бар.  Айналып  келгенде,  мұның 
бəрі адамның өзіне байланысты. Жазудың айналасында жүрген адам-
дардың ұлтымызға тəн ата-текті таңдағаны дұрыс қой.
– Өзіңіз ше? Жалғаудан құтылдыңыз ғой?
– «Сыздықов»  деген – менің  бірінші  жұбайымның  фамилиясы. 
Ол  күйеуім  жүрек  ауруынан  қайтыс  болған.  Мен  бұл  фамилияны 
Сыздық  деп  қалдырдым.  Қызы  дей  алмаймын,  қазір  келіні  де,  еш-
кімі  де  емеспін.  Ал  бұрынғыша  Сыздықова  деп  қалдырайын  де-
сем, «Өзі  «тіл,  тіл!»  деп  шырылдап  жүрген  адам  неге  фамилиясын 
қазақшаландырмайды?!» – деп айта ма дейсің.
– «Оқулық сапасын жақсартудың механизмдері жетілді», – дей -
міз. Дегенмен оқулықтар туралы оңды пікір аз. «Оқулықтардың күр-
делі, балаға ұғынықсыз болуының сыры неде?» деп ойлайсыз?
–  Əр  шығарманың,  əр  кітаптың  өзіндік  стилі  болады.  Ғылыми, 
публицистикалық,  көркем  əдебиет  деген  сияқты.  Енді  оқулық  жа-
затындар  «тек  тақырыптың  мазмұнын  қалай  түсіндіремін»  деп  бір -
жақты кетсе, қателеседі. Қай кластың оқушысына, қай жастағы балаға 


73
Тіл-ғұмыр
арнап  жазып  отыр,  осыны  негізге  алуы  керек.  Сөйлемдерін  қысқар -
тып,  ойланып  жазу  керек.  Сол  ойлануға  мұршамыз  келмей  жатқан 
сияқты. Қытайдың қарғысы бар ғой: «Бақытсыз болғың келсе, өтпелі 
кезеңде өмір сүр!» деген. Сол айтпақшы, қазір өтпелі кезеңнің өтке-
лінде тұрмыз. Нешеме реформа жасап, оқушылардың миын ашыттық 
қой. Уақыт өте келе реттелер.
Сұхбаттасқан: Гүлжан Көшерова
 «Евразия-KZ».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет