Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет34/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   170
ты құлтемір деп атасақ», – депті. Біріншіден, құлтемір емес. Керек 
десеңіз,  ол  адамның  өзін  бағындырып  жатыр  ғой.  Екіншіден,  ол  тек 
темірден  ғана  жаралмайды  ғой.  Роботты  өз  атымен  атағанда  неден 
ұтыламыз? Сондай-ақ компьютерді де өзгертейік деп «ұран» тастап-
ты.  Неге  өзгертуіміз  керек  оны?  Жалпы  тілдің  табиғатында  «қор» 
деген  болады.  Сол  тілдің  ата  тілдік  түпкі  қоры  бар.  Соның  ішінде 
халықаралық  қор  да  болады.  Ол  жалғыз  қазақта  ғана  емес,  бүкіл 
дүниежүзіндегі  тілдердің  бəрінде  бар.  Сондықтан  аударуға  келмей -
тін  халықаралық  терминдерді  сол  күйінде  қалдыру  керек.  Сөздерді 


70
Рəбиға Сыздық
жаппай  қазақшаға  аудару  науқаны  жүрген  кезде  «бəрін  түгел  қазақ-
шалау  керек»  деп  тіпті  кейбір  əріптестерім  диссертация  да  қорғады. 
Сонда: «Алгебралық  терминдерді – тангенс,  котангенс  дегенді  қа-
зақшалап  берші  онда!» – дедім.  Үндей  алмай  қалды.  Тіпті  алгебра -
ның өзін қалай қазақшалайсың?
– «Дұрыс  аударылмаған  сөз»  дегеннен  шығады.  Мына  оралман 
деген  сөзге  байланысты  кейбір  ағайындар  «Бұл  сөз  «оралғым  кел-
мейді» деген мағынаны білдірмей ме? Бұл – дұрыс емес» деген пікір -
лер де айтты...
–  Келер  шақ  есімдікте  «ман»  жұрнағы  жалғанғанда  əлі  болмаған, 
бірақ  болуға  дайын  істі  білдіреді.  Мысалы, «Көшерменде  жұрт  жа-
ман, тастарманда қатын жаман», – дейді қазақ. Көшермен дегенде əлі 
көшкен жоқ, енді көшейін деп тұр. Сол кезде жұрт, яғни қонған жері 
тозады ғой, тозаңданады. Содан «жұрт жаман», – дейді. Ал əйелін əлі 
тастаған  жоқ,  тастағысы  келіп  жүр.  Жаман  қылықтарын  көріп  жүр. 
Сөйтіп,  тастарманда  қатын  жаман  болып  шығады.  Оралман  дегенде 
«ор» деген келер шақ есімшеге емес, оралу дегеннің түбіне жалғанып 
тұр.  Біріншіден,  грамматика  жағынан  дұрыс  емес.  Ораларман  бол-
са, бір жөн. Оқырман деген сөз де тез сіңіп кетті. Негізінен түбірінен 
алып  қарасақ,  ол  да  дұрыс  емес.  Оқырман  деген  «əлі  оқыған  жоқ, 
енді  оқиын»  деп  жүрген  сөз  болып  шығады.  Ал  біз  оқып  отырған 
адамды атаймыз... Тілдің қасиеті сол – дəстүрлі фактор деген болады. 
Бір  сөз  аударылса,  сол  мезет  дəстүрге  айналып  кетеді.  Қалыптасып 
кетеді.  Оны  қалыптастыратын – тағы  сол  БАҚ.  Олардың  тілді  қа-
лыптастыруда  атқаратын  рөлі  күшті.  Тілді  байытуда  да,  бұзуда  да. 
Əрине,  жаңартып,  жақсартып  жатқаны  көбірек  болар.  Бірақ  бұзып 
жатқаны  да  бар.  Ал  енді  сөз  бұзуды  дағдыға  айналдырып  жіберсе, 
онда ол – сор.
–  Мектепте  ер  мұғалімдердің  үлесі  өте  аз.  ЖОО-да  да  солай. 
Мұның  ұрпақ  тəрбиесіне  тигізер  əсері  қандай?  Осыдан  келіп  «қыз-
мінез» қалыптаспай ма?
–  Негізі,  əйел-аналардың  көп  қызмет  атқаратын  жері – медицина 
мен  тіл  білімі  саласы  екен.  Дүниеге  бала  келгенде  оның  денсаулы -
ғын сақтап, қарайтын – дəрігерлер. Сосын жаңадан тілі шыққанда да 
оған  тіл  үйрететін – анасы.  Сондықтан  да  өмірде  ананың  атқаратын 
рөлі  зор.  Мұғалімдікке  əйелдердің  көп  баратыны  да  осыдан  шығар. 
Айта  кететін  бір  жайт: «қазір  қазақ  мектептерінде  білім  дəрежесі 
төмен.  Сондықтан  да  балаларын  орыс  мектебінде  «оқу  керек»  де-
ген  бір  кертартпа  түсінік  бар.  Бұл  пікір  мүлдем  дұрыс  емес.  Кешегі 
атағы  мəшһүр  ғалым  Өмірзақ  Сұлтанғазин,  əлемді  мойындатқан  ма-
тематик  Асқар  Жұмаділдаев  сияқты  зиялылар – қазақ  мектебінен, 


71
Тіл-ғұмыр
ауыл  мектебінен  шыққандар. «Оларға  əйел  мұғалім,  ер  мұғалім 
сабақ  берді», – деп  бөліп  қарау  жəне  дұрыс  емес.  Білім  қайнарынан 
сусындау мұғалімге де байланысты. Бірақ оны миға сіңіру, ары қарай 
дамыту əркімнің өзіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет