Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет36/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   170
ТІЛІМІЗДІҢ ЖЕТІМСІЗДІГІ – 
ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСПЕУІНЕН
Үстіміздегі  қараша  айының 12-13 күндерінде  Х.Досмұхамедов 
атындағы  Атырау  мемлекеттік  университеті  «Қазақ  тіл  білімі 
даму  жолында»  атты  республикалық  ғылыми-практикалық  кон-
ференция  өткізді.  Конференцияға  жоғары  оқу  орындары,  мектеп, 
лицей,  колледж  оқытушылары,  ғалымдар,  əдіскерлер,  тіл  ма-
мандары  шақырылды.  Шақырылған  мамандар  ішінен  Республика 
ғылымына  Еңбек  сіңірген  қайраткер,  филология  ғылымдарының 
докторы,  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі  Рəбиға 
Сəтіғалиқызымен сұхбаттасудың орайы келген еді. Бүгінгі əңгіме-
мізді оның ғылыми саладағы ұстаздық, жастық өмірі төңірегінде 
өрбіткелі отырмыз. 
–  Рəбиға  апай,  ұлттың  ұлт  екендігін  көрсететін,  басты  құнды-
лықтарымыздың  бірі – ана  тіліміздің  тағдыры  үшін  ғылымның  ыс-
тық-суығын  бірге  кешіп  келесіз.  Əйтсе  де  еліміз  егемендік  алғалы 
осы тіл мəселесін шеше алмай келеді. Тіл маманы, тіліміздің жана-
шыры ретінде осыған не айтар едіңіз?
–  Тіл  мəселесі – еліміздің  басты  назарында  тұрған  проблема. 
Қазақ  тілінің  ахуалы,  əрі  қарайғы  тағдыры  жөнінде  түрлі  ой-тұжы-
рымдардың,  əр  алуан  көзқарастардың  айтылып  келе  жатқанына 
10  жылдан  астам  уақыт  өтті.  Елде  жасалып  жатқан  игі  шаралардың 
көпшілігі осы мəселені қамтиды. Əйтсе де нақты жетістіктерге, яғни, 
ең  басты  мақсатқа  жете  қойған  жоқпыз. «Қазақ  тілінің  жетімсіздігі, 
қалыптасу деңгейінің нашарлығы ұлттық рухымыздың жетіспеуінен» 
деп  түсінемін.  Сондықтан  өзін  «қазақпын»  деп  санайтын,  ана  тілін 
құрмет тұтатын əрбір азаматтың ұлттық рухы биік болуы тиіс. Қазіргі 
кезде  ұлттық  тілімізге  деген  немқұрайлылық,  мəн  бермеушілік  ба-
сым боп барады. Айта берсек, тілге қатысты мəселелер көп қой. Оның 


74
Рəбиға Сыздық
тағдырын  шешу  өз  қолымызда,  өз  сана-сезімімізбен  сезінуімізде  жа-
тыр. Тіл маманы ретінде «Сөздер сөйлейді», «Қазақ əдеби тілінің та-
рихы», «Абайдың  сөз  өрнегі»  т.б.  көптеген  еңбектер  жаздым.  Осын-
дай  маңдай  термен  келген  шығармашылық  істерім – тек  əрбір  қазақ 
азаматының ана тіліне деген аяушылық сезімін оятып жатса, ұлттық 
намысын  қайраса – басты  мақсатымның  жүзеге  асқаны,  еңбегімнің 
еленгені дер едім.
–  Тіл  білімі  институтында  көп  жыл  қызмет  еттіңіз.  Шəкірт-
теріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай жағдайда болды?
–  Иə,  Тіл  білімі  институтында  тура 50 жылдай  қызмет  етіппін. 
«Бұл – менің ғылыммен түбегейлі айналысуыма айрықша əсер еткен 
жылдар» десем, артық айтқандық болмас. Шəкірттеріммен де қарым-
қатынасым  өте  жақсы  деңгейде  болды.  Олармен  көп  жағдайда  шы-
ғармашылық  байланыста  болдым.  Бір  кездері  Мұқағали,  Төлеген, 
Ізтай  секілді  біртуар,  талантты  шəкірттерімнің  туындыларына  сүй-
сініп  өткендігімнен  болар,  қазіргі  шəкірттеріме  тікелей  дəріс  беріп, 
сабақ  оқытпасам  да,  ғылыми  ізденістеріне  тың  тақырыптар  тауып, 
бағыт-бағдар  беріп  отыру  күн  тəртібіндегі  шаруама  айналған.  Сон -
дай-ақ олардың шығармашылық қабілетін де ерекше бағалап, қалам-
герлік қарымын жетілдіруге жұмыстанамын.
– Студенттік өміріңіздегі əдемі де əсерлі шағыңыз, естен кетпес 
қызықты күндеріңіз жайлы айтсаңыз.
–  Біздің  студенттік  шағымыз  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарымен 
тұспа-тұс  келді  ғой.  Сондықтан: «Айта  қаларлықтай  қызықтар  бол -
ды», – дей  алмаймын.  Əйтсе  де  ең  алғаш  конференцияда  баяндама 
оқыған кезімде белгілі жазушы, академик М.Əуезовтің өзге студент-
тердің  ішінен  менің  ғылыми  жұмысымды  ерекше  бағалағаны  бар. 
Осы  бір  есте  қаларлықтай  күнді  əсерлі  де  əдемі  сəттерімнің  біріне 
балаймын.
–  Ғылым  саласындағы  қызметіңіз  бен  қарапайым  үй  шаруасы 
тірліктерін бірге алып жүру əйелге қиындық келтірмей ме?
– Əйел болғандықтан, үй шаруасына араласпай тұрмайсың. Алайда 
ғылымға əбден беріліп кеткендіктен болар, осы жолда табандап тұрып 
алдым. Көп уақытымды да осы бір игі іске арнадым деуге де болады.
– Студент-жастарға айтар тілегіңіз?
–  Барша  студент  халқының  алдағы  келе  жатқан  мейремдары  құт -
ты болсын! Оқуларын жақсы оқып, білдей маман иесі ғана емес, елі -
нің де жанашыр азаматы бола білсін деймін!
– Əңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан: журналистика бөлімінің
IV курс студенті Садықова Г.
«Атырау» газеті, 2004, 17 қараша. 


75
Тіл-ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет