Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


«КӨП ТУСА ҚАЗАҚ ДƏЛ СІЗДЕЙ ҚЫЗДЫ»



Pdf көрінісі
бет38/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   170
 «КӨП ТУСА ҚАЗАҚ ДƏЛ СІЗДЕЙ ҚЫЗДЫ»
 (Р. Сыздықпен сұхбат)
Қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі,  филология  ғы-
лымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының 
академигі,  Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  инсти ту-
тының  бас  ғылыми  қызметкері  Рəбиға  Сəтіғалиқызы  Сыздық 
80 жасқа келді.
Ғалым  апамыз  «Осыншама  жасаған  жасында  елі  мен  жұрты 
алдында не істедім, не тындырдым?» – деп өзінен өзі сұрауы хақ. 
Ол да – бөлек айтылатын үлкен əңгіме. Бірақ біздің мақсатымыз 
көпті  көрген,  білімді  адамның  өмір  бойы  түйіп  тоқыған  кейбір 
ойларын  білгіміз  келді,  өзінен  кейінгілерге  айтатын  қызықты 
пікірлерін сұрауды парыз деп білдік. Олай болса, екеуара осы əңгіме-
сұхбатты жұрт назарына ұсынып көрсек. 
– Рəбиға апай, сіздің қайратыңыз бен жігеріңіз қазіргі жастарға 
да,  тіпті  өз  замандастарыңызға  да  үлгі  деуге  болады.  Дегенмен 
«шаршау,  қажу»  деген  анда-санда  болса  да  қылаң  бермей  ме?  Қы-
рықшырақты əйелдің күш-жігері осы жаста ғылымда өнімді іс тын-
дыра ала ма?
–  Кейде  жыл  сайын,  кейде  екі  жылда  бір  кітаптарым  шығып, 
баспасөз  бетінде  мақалаларым  жиі-жиі  басылып  жатады.  Əріптес  ер 
адамдар: «Біз  сияқты  таңертеңнен  кешке  дейін  институтта  жұмыста 
жүресің. Қай кезде үлгеріп жазасың?» – деп сұрайтыны бар. Мен де 
басқалар  сияқты, 8 сағаттық  жұмысыма  барамын,  үйіме  келемін, 
үйде тамақ істеймін, кір жуамын, əйтеуір бар жұмысты тындырамын. 
Əйелдердің үйдегі жұмыс түрлері көп қой. Соның ара-арасын пайда-
ланып  қалуға  тырысамын.  Тіпті  ет  пісіргенде  сорпаның  көбігін  ала-
тын аралықта бір қолымда кітап, ара-тұра қажетті мысалдарымды сы-
зып,  оқып  жүремін.  Əрине,  үнемі  бұлай  болмайды  ғой.  Өнімді  бола 
бермейді  ғой.  Бірақ  бір  сəт  уақытымды  бос  жібермеуге  тырысамын. 
Телесериалдар  қарау,  бос  салақтап, «ана  жерде  той,  мына  жерде  қо -
нақ»  дегендерге  көп  бара  бермеймін,  тартынып  жүремін.  Онда  да 
кітап жазу үшін емес. «10-12 сағаттан жұмыс істейтін шығарсыз, қай 
кезде дем аласыз?» – деп жатады. Анда-санда ондай да болады, бірақ 
шаршап,  жанымды  қинап  жұмыс  істемеймін.  Керісінше,  бір  жақсы 
мақаланы  жазып,  бір  кітапты  бітіріп  тастасам,  дүнием  түгелденіп, 
шабыттанып,  жерден  жеті  қоян  тапқандай,  нəтижесінде  бір  олжаға 
батқандай  болып  жүремін.  Бұл – шығармашылық  адамдардың  кез 
келгенінде  болатын  жайт  қой.  Қазірдің  өзінде  Ясауиге  байланысты 


78
Рəбиға Сыздық
40 баспа табаққа жуық жұмысты жазып бітірдім. Сондай бір керемет 
қалыпта риза болып жүремін.
–  Сіз  Ясауи  хикметтерінің  тілдік,  көркемдік  ерекшеліктері  ту -
ралы  алғаш  рет  тілдік  талдау  жасап  отырсыз.  Бұл  тақырыпты 
қашаннан бері зерттепжүрсіз?
–  Жазуға  соңғы 3-4 жылда  кірістім.  Ал  материал  жинауым  одан 
бұрын  басталған.  Жалпы  мақала  мен  кітап  жазуда  ең  көп  уақытым 
материал  жинауға  кетеді. «XII ғасырда  жазылып,  ең  бергісі  ХVІІ–
ХVІІІ  ғасырларда  хатқа  түскен  қолжазбамен  жұмыс  істеу»  деген 
сөз – қолжазбаны  арабша  жазудан  оқып,  оны  қазіргі  таңбаға  түсіру, 
содан  кейін  неге  назар  аудару  керек,  міне,  материал  жинау  үстінде 
əртүрлі  ой,  идеялар  келеді.  Қожа  Ахмет  Ясауи  туралы  материал-
дарды  жылдап  жинап,  содан  кейін  нақты  соңғы 3-4 жылда  жаздым. 
Соның бəрін осы 75 жастан кейін істеп отырмын. 75 жас дегенің де – 
əйел  адамға  əжептəуір  жас  емес  пе?  Шаршайтын,  қазақша  айтқанда, 
отырсаң – тұра  алмайтын,  тұрсаң – отыра  алмайтын  кездердің  бірі 
емес  пе.  Қалжың  болсын,  жұмыста  жастарға: «Түске  дейін  жақсы 
жұмыс істеймін, кешке қарай шаршап қаламын, сірə, «пəленбай жас» 
деген – осы шығар!» – десем, олар: «Апай, сіз кешке қарай ғана шар-
шасаңыз, біз күндізден шаршап жүреміз», – деп күлдіреді. Жұмыстың 
көпшілігін  таңғы 8-ден  түске  дейін  істеймін.  Ясауи  тақырыбына 
қайта  оралайын.  Ясауи  хикметтері  соңғы  бір-екі  ғасырдан  бері  зерт-
теліп келеді. Еуропа ғалымдарының, орыстардың зерттеуі бар. Ясауи-
дің  еңбектерінің  философиялық,  діни  жақтары  əр  кезде  айтылып 
келеді.  Бір  қызығы:  Ясауидің  еңбектері  туралы  көп  зерттеу  үлгілері 
орыстарда.  Ал  өзің  айтып  отырған  «қазақ  тіл  біліміне  не  береді?» 
деген  жағына  келсек,  қазақ  тіл  білімі  Ясауи  тақырыбына  енді  ба-
рып  жатыр.  Орыстарда  А.К.  Боровков  тілдік  жағын  қарастырған. 
Менің мақсатым – еңбек қай тілдік негізде жазылғанын анықтау еді. 
Зерттеушілердің бірі: «қарлұқ тілінде», бірі: «таза оғыз тілінде», енді 
бірқатар зерттеушілер: «оғыз-қыпшақ аралас əдеби тілде жазылған», – 
дейді.  Мен  сөз  таптары  мен  сөз  тұлғаларындағы  өзгерістерді,  фоне-
тикалық  жағындағы  айырмашылықтарды  қарастыра  келе, «Ясауи 
хикметтері  қыпшақ-оғыз,  яғни  қыпшақ  элементтері  басым  аралас 
тілде жазылған» деген пікірді жақтап, дəлелдеуге күш салдым. Мұны 
мен «Самарқан» немесе «Залеман» деп аталатын ертеректегі қолжаз-
басы  бойынша  ескерткіштің  лексикасы  мен  грамматикалық  тұлға -
ларын  талдап  айтып  отырмын.  Бұл  қолжазба  түпнұсқаға  барынша 
жақындау деуге болады. 230 беттік қолжазбаны 4-5 рет қайта жазып 
(транскрипциялап) шықтым ғой. Сөздік қабаттарын: түркілік, шеттіл-
дік  кірме  қабаттарын  қарап  отырсам,  тіпті  кейбір  фразеологизмдер -


79
Тіл-ғұмыр
дің  өзі  қазіргі  қазақ  тілінде  сол  күйінде  кездеседі.  Ясауи  тақырыбы 
бізді дінмен қайта табыстырды, ғылым көкжиегін кеңітті. Осы күзде 
бұл  кітап  оқырмандар  қолына  тиеді.  Сол  кезде  ғалымдар  пікірлерін 
айта жатар.
–  Апай,  сіз  басқа  ғылым  саласына,  мəселен,  химия,  математика 
сияқты  ғылым  саласына  барсаңыз,  дəл  қазіргідей  жетістікке  жет-
кен болар едіңіз. Дегенмен неге тіл білімі ғылымына келдіңіз?
Құтқожиндер əулеті математикаға бейім болдық. Мен де алгебра-
ның  есептерін  жақсы  шығаратынмын.  Шетінен  домбыра  тартатын 
біздің  актөбеліктердің  арасында  домбыра  үйірмесіне  де  барып  көр-
генмін. Бірақ қанша тырыссам да, домбыра қонбады. Сонда домбыра-
шы  ер  балалар: «Алгебраның  есептерін  тез,  жақсы  шығара  білгенде 
домбыраны  неге  үйрене  алмайсың!» – деп  сабарман  болатын.  Ал 
«Неге тіл саласына келдіңіз?» – десең, біздің жастық шағымыз соғыс 
кезінде  болды.  Керемет  ойланып,  мамандық  таңдайтын  уақыт  емес 
еді.  Армандайтын  кез  өтіп  кетті.  Мен  математикамен  қатар  əдебиет 
пəнін  де  жақсы  оқыдым.  Əкемді 37-жылдың  құрбанына  бердік,  ағам 
соғысқа кетті. Сөйтіп, 16 жасымнан мұғалім болып, мектепте жұмыс 
істеуге  тура  келді.  Қазақ  тілі  мен  əдебиетінен  сабақ  бердім.  Содан 
соғыс  біткен  соң 1945 жылы  Абайдың  туғанына 100 жыл  толуы-
на  арналған  мерекеге  жəне  Алматыға  мұғалімдер  конференциясына 
келіп,  сол  конференцияда  пысықтығым  ба,  жастығым  ба, – əйтеуір, 
мінбеге  шығып,  сөз  сөйлеп,  көзге  түсіп  қалғаным  бар.  Содан  сол 
кездегі ҚазПИ-дің ректоры – Ахмеди ЬІсқақов мені институттың тіл-
əдебиет факультетінің 3-курсынан бастап оқуға түсуге шақырды.
– Тіл білімі сан салалы, өзіңіз білесіз, грамматика бар, синтаксис 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет