Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет50/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   170
Б. Əбілқасымов
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институтының бас ғылыми қызметкері, 
филол. ғ.д., профессор
ЕРЛІК ПЕН ӨРЛІККЕ ТƏН ҒҰМЫР ИЕСІ
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  акаде -
мигі,  мəшһүр  тіл  маманы,  Қазақстан  Республикасына  еңбегі  сіңген 
ғылым  қайраткері,  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институ-
тының  бас  ғылыми  қызмет кері,  филология  ғылымдарының  докторы, 
профес сор  Рəбиға  Сəтіғалиқызы  Сыздық  (Құтқожина) 1924 жылы 
17  тамызда  Ақтөбе  облысы  Темір  ауданы,  Ойыл  қаласында  қызмет -
кер от басында дүниеге келген.
Рəбиғаның  əкесі  Сəтіғали  Құтқожин  Қаратөбедегі 2 кластық 
(6 жылдық) орыс мек тебін бітіріп, сол кездегі едеуір білімді жас ре-
тінде  Кеңес  өкіметі  мекемелерінде  қызметке  тартылады.  Ол  кісінің 
көп жыл бойғы істеген жұмысы – аудандық байланыс бөлімінің бас-
тығы  екен.  Осы  жұмысты  ол  Ақтөбе  қаласында,  Ойыл,  Байғанин 
(Табын),  Арал,  Темір  аудан дарында  абыроймен  атқарады. 1937 жыл 
зобалаңында  «халық  жауы»  деген  жалған  жала мен  ұсталып,  содан 
қайтып оралмайды.
Əкесінің  жұмыс  жағдайымен  түрлі  ауданда  болуы  Рəкеңнің  де 
оқуын  бірнеше  мектепте  жалғастыруына  себепші  болады.  Рəкең 
оқуды  Байғанин  ауданының  орталығы – Жарқамыс  по селкесінде 
бастайды, 2-сыныпта  Аралда,  қалған  сыныптарды  Темірде  оқиды. 
Сабаққа  өте  алғыр  жəне  зерделі  оқушы  ретінде  кейбір  сы ныптарды 
аттап  та  кетеді.  Əкесі  ұсталып  кеткен  соң  оқушылар  арасындағы 
«халық жауының қызы» деген көзтүрткіге шыдамай, 8-сынып бітірі-
сімен  Темір  педучилищесіне  оқуға  түсті. 1940 жылы  педучилищенің 
2-курсында  оқып  жүргенде  бас  көтерген  ағасы  Хамит  əскер  қата -
рына  алынады  да  бүкіл  отбасы  тауқыметі  буыны  бекіп,  бұғанасы 
қатпаған 16-ға толар-толмас жас қыз – Рəбиғаға түседі. Ол педучили-
щені  аяқтауға  да  шамасы  келместен, 2-курста  мұғалімдік  қызметке 


116
Рəбиға Сыздық
орнала сады.  Алғашқы  ұстаздық  жұмысты  Алға  бекетіндегі  баста-
уыш  мектепте  бастайды. 1942-1945 жылдары  əуелі  Темір  қаласын-
дағы орта мектеп те, кейін педучилищеде мұғалім болады, одан кейін 
Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектепке оқу ісінің меңгерушісі болып 
тағайындалады. Мектепте оқытушы болып жұмыс істей жүріп, Рекең 
өзінің білімін əрі қарай толықтыруды да бір сəт есінен шығармайды. 
Əуелі Ақтөбе оқытушылар институтын экстренно бітіріп, 1945 жылы 
Абай  атындағы  Алматы  педагогикалық  институтының 3-курсына 
бірден қабылданады. Оған себеп болған жағдай мынадай еді: 
1945  жылы  Ұлы  Абайдың 100 жылдық  тойына  қатысу  үшін  Ақ -
төбе облысынан келген делегаттардың құрамында Рəбиға да болады. 
Сол  жолы  қазақ  тілі  пəнінің  оқытылуы  жайына  арналған  республи -
калық  кеңес  өтеді.  Сол  кеңесте  Рəкең  мектеп  оқулықтарының  кем-
шіліктерін  сынап  сөз  сөйлейді. 20-ға  толар-толмас  жас  қыздың 
сонша  батыл  да  дəлелді  пікіріне  ден  қойған  оқулық  авторы – Ісмет 
Кеңесбаев,  Мəулен  Балақаев,  Ахмеди  Ысқақов  онымен  жете  таны -
сып,  əрі  қарай  оқуына  кеңес  береді,  сол  кездегі  ҚазПИ-дің  ректо-
ры  Ахмеди  Ысқақов  оны  бірден 3-курсқа  қабылдайтынын  айтады. 
Міне,  сөйтіп,  Рəбиға  Сəтіғалиқызы  сол  жылы  ҚазПИ-ге  түсіп,  оны 
1947  жылы  үздік  дипломмен  бітіріп,  аспирантураға  қабылданады 
əрі  мұғалімдік  қызметті  де  қоса  атқарады.  Осы  тұста 1951 жылғы 
«Ұлтшылдыққа  қарсы  күрес»  дүрбелеңі  басталады  да, «халық  жа-
уының»  қызы  Рəбекеңнің  дайын  тұрған  кандидаттық  диссертация-
сын қорғауына, ҚазПИ-дегі мұғалімдік қызметті жалғастыруына жол 
кесіледі.
Рəкең 1951–57 жылдар  арасында  «Мек теп» (қазіргі  «Рауан»)  бас-
пасында  əуелі  редак тор,  кейін  редакция  меңгерушісі  қызметтерін 
атқарады. Бұл жылдары ол ғылыми-əдісте мелік еңбектер жазумен ай-
налысады. Орыс мектептерінің жоғарғы сыныптарына арналған қазақ 
тілі  оқулығы (1952, 1953), үлкендерге  ар налған  əліппе  мен  бағдар -
лама (1953) сияқты кітаптар шығарады.
1957 жылы Рəбиға Сəтіғалиқызы Рес публика Ғылым академиясы-
ның  Тіл  білімі  институтына  жұмысқа  шақырылады  да,  содан  бы-
лай  қарай  өзінің  ғылым  жолындағы  ізденістерін  жалғастыруына  кең 
мүмкіндік  ала ды.  Тіл  білімі  институтында  əуелі  ғылыми  қызметкер, 
1961  жылдан  бастап  бөлім  меңгерушісі  қызметтерін  атқарады. 
1959  жылы  «Абай  тілінің  негізгі  морфологиялық  ерек шеліктері»  де-
ген  тақырыпта  кандидаттық, 1971 жылы  «Абай  шығармаларының 
тілі»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертацияларын  қорғайды. 
1979  жылы  ол  Қазақстан  Республи касы  Ғылым  академиясының  кор-
респондент  мүшесі  болып  сайланады. 1984 жылы  оған  профессор 
ғылыми атағы беріледі. Қазір ҰҒА-ның академигі.


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет