Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет58/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   170
Рəбиға Сыздық
нылу  сипатын  анықтауға  зор  жауапкершілікпен  кірісіп,  өзіне  тəн 
ұқыптылықпен ғылыми талдаулар жасады. Р.Сыздықтың тіл тарихын 
зерттеуге ерекше ден қойған тілші-ғалым екені көпшілікке мəлім. 
Егер  Рəбиға  апамыздың  ғылым  жолындағы  өміріне  қысқаша  тоқ-
талсақ,  ол 1961–1967 жылдар  аралығында  өз  алдына  жеке  құрылған 
Тіл  білімі  институтында  қазақ  тілінің  тарихы  мен  диалектологиясы 
бөлімінде  меңгерушілік  қызметін  атқарса, 1969–1975 жылдар  ара-
сында  филология  ғылымдары  бойынша  Тіл  жəне  əдебиет  институт-
тары  жанында  жұмыс  жасайтын  біріккен  диссертациялық  кеңестің 
ғалым-хатшысы болады. Сөйтіп, 1971 жылы «Абай шығармаларының 
тілі»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация  қорғады. 1975 жыл -
дан  бастап  Тіл  білімі  институты  жанындағы  Ғылыми  кеңестің  мү -
шесі. 1979 жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  мүше-коррес-
понденті болып сайланды. 1980-94 жылдары Тіл мəдениеті бөлімінің 
меңгерушісі  ретінде  қызмет  жасады.  Одан  кейінгі  жылдары  осы 
институттың бас ғылыми қызметкері болып жемісті еңбек етіп келеді.
Қазақ  тілінің  теориялық  негізін  салушы  Құдайберген  Жұбанов-
тың  өмірбаяндық  деректері  мен  ғылыми  еңбектерін  саралап, «Ға -
лым-азамат»  деген  кітап  жазса,  қазақ  тіл  білімінің  практикалық 
негізін  салушы  А.Байтұрсынұлы  туралы  да  кітап  жазып,  оның  ең-
бектерін  жинақтап, «Тіл  тағылымы»  деген  атпен  мақалалары  мен 
оқулықтар  жинағын  жарыққа  шығаруға  мұрындық  болды.  Рəбиға 
Сəтіғалиқызы – 400-ден  астам  ғылыми  еңбектің  жəне 30 шақты  мо-
нографияның авторы.
Адамдардың тағдыры неше түрлі бола береді ғой, бірақ солардың 
ішінде  тағдыры  ұқсас  адамдар  да  бар.  Рəбиға  апай  мен  Құдекеңнің 
балаларының,  соның  ішінде  менің  тағдырымның  кейбір  ұқсас  тұс-
тарын  аңғаруға  болады.  Біріншіден,  əкелеріміздің  жалған  жаламен 
репрессияның құрбаны болуы, екіншіден, кезінде апайдың 12-13 жа -
сынан  «халық  жауының  қызы»,  ал  менің  дүние  есігін  ашқаныма 
алты-ақ  күн  болған  күннен  бастап  «халық  жауының  ұлы»  деген 
атпен  əкелеріміз  ақталғанға  дейін  өмірде  біраз  қиындықтар  көрген-
дігіміз.  Бірақ  бұл  жаладан  қайсарлықпен  құтылып,  қазіргі  өмірге 
жеткеніміз  де  ұқсас.  Бабаш  Əбілқасымовтың  сөзімен  айтсақ: «Рəкең 
өзіне  тəн  қайсарлықпен,  ешкімге  бас  имейтін  өрлікпен  шыққанын... 
жəне  отбасының  тұрмыстық  ауыртпалығы  мойнына  түскенде  учи-
лищенің 2-курсын  аяқтамай  жатып  мұғалім  болуы,  оны  да  місе  тұт -
пай  Мұғалімдер  институтын  «экстренно»  бітіруі  талантымен  қоса, 
оның  алдына  қойған  мақсатына  жетпей  тынбайтын  қайсарлығы  мен 
өрлігін көрсетсе керек. ... Бұны да ерлік деуге тұрарлық іс» [2, 63]. 
Қазақтың  ғалым  қызы  Рəбиғаның  осыншалықты  зор  ғылыми 
ізденістерін  республикамыздың  ғалымдар  жұртшылығы  аса  жоғары 


133
Тіл-ғұмыр
бағалап,  оны 1979 жылы  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  коррес-
пондент мүшелігіне сайлады. Бұның өзі тек істелген істердің өтеуіне 
ғана емес, болашақта орындалатын маңызды ғылыми жұмыстарға де-
ген үлкен сенім де болатын.
...Рəбиға  Сыздықованың  қоғам  игілігі  үшін  атқарып  жүрген  аса 
бір  сүбелі  жұмыстарының  бірі – ғылым-білімді  көпшілікке  насихат -
тау.  Бұл  ретте  оның  Құдайберген  Жұбановтың  творчестволық  өмір-
баянын  түсіндіретін  мақалалар  сериясы  мен  «Ғалым-азамат»  атты 
кітабын, «Қазақ  əдебиеті»  газетінің  жүлдесін  алған  «Сөздер  сөйлей -
ді» (1980) жəне  «Сөз  сазы» (1983) атты  ғылыми-публицистикалық 
монографияларын атап өтуге болады» [3].
Рəбиға  апайдың  жоғарыда  аталған  өмірбаяндық  деректері  мен 
ғылыми  еңбектерін  саралауға  арналған  «Ғалым-азамат»  атты  кітап 
«ғылымның  бірінші  дəрежелі  жарық  жұлдызы» (Ғабит  Мүсірепов), 
кешегі  аға  буын  қазақ  тіл  мамандарының  ұстазы,  бұрынғы  Кеңес 
Одағындағы  ірі  түркітанушылардың  бірегейі,  қазақ  тіл  білімінің  ғы -
лыми-теориялық  негізін  қалаушы  профессор  Құдайберген  Жұбанов-
тың  өмірі  мен  қызметіне  арналып, 1966 жылы  «Ғалым-азамат» 
атты  еңбек  «Қазақстан»  баспасынан  көп  өзгеріссіз  екінші  басылым 
ретінде  қайта  жарыққа  шықты.  Мұнда  сол  кезеңдегі (XX ғасырдың 
50-60-жылдарындағы)  терминдер  мен  танымдар,  жер-су  аттары  т.б. 
қазіргі  қолданыстарға  сəйкес  келтіріледі.  Сонымен  қатар  бұл  басы -
лымға Қ.Жұбанов мұрасын танып-білу проблемаларына арналған ке -
йінірек жазылған ғылыми бір мақала [4] мен Қ.Жұбановтың 100 жыл -
дығына  арналған  ғылыми  конференцияда  осы  кітапша  авторы 
жасаған  баяндамадан  үзінділер  де  енгізілді [5]. Ал  кітаптың  тақы-
рыптық  құрылымы  мынандай  мəселелерді  қамтиды:  Құдайберген 
Жұбановтың  өмірі  мен  қызметі;  Құдайберген  Жұбановтың  ғылыми 
мұрасы;  Құдайберген  Жұбановтың  лингвистикалық  мұрасын  танып-
игеру  проблемалары;  Құдайберген  Жұбанов – ғылым  көгінің  жарық 
жұлдызы;  Құдайберген  Жұбанов – ағартушы,  педагог;  Құдайберген 
Жұбанов – ұстаз, азамат, дарын иесі.
«Ғалым-азамат»  кітабының  авторы – Рəбиға  апайдың  Құдайбер-
ген  Жұбановтың  «сегіз  қырлы  бір  сырлы»  болғандығы  жайлы,  яғни 
ғалымның  тек  филология  саласымен  ғана  емес,  басқа  да  ғылым  са-
лаларымен  шұғылданғандығын  аса  сүйсіне  сөз  ететіндігін  мына  тө-
мендегі абзацтардан байқауға болады: 
«Жұбановтың  психология,  логика,  философиямен  шын  мəнінде 
айналысқанын  оны  білушілер  де  айтады,  бұл  өзінің  еңбектерінде  де 
байқалады.  Оны  рефлексология  қызықтырғанына  да  сүйсіне  таңға-
ласың».


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет