Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет53/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   170
Ө. Айтбайұлы 
ҚР ҰҒА академигі, 
филол.ғ.д., профессор
ҚАЗАҚ СӨЗІН ТҮЛЕТКЕН ТҰЛҒА
Рəбиға  Сəтіғалиқызы  Ақтөбе  облысына  қарасты  Ойыл  қалашы-
ғында 1924 жылы  дүниеге  келген. «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 
ілесің», – деп  қазекем  тегін  айтпаса  керек.  Рекең  өскен  ұяның  игі 
жақсы  адам  өсірудегі,  азамат  тəрбиелеудегі  өнегесі  өзгеше  болғанға 
ұқсайды.  Оның  үстіне  сол  кезеңнің  ауыртпалығы,  заманның  қиын-
шылығы  да  жас  қыздың  жанын  болаттай  етіп,  шыңдауға  өз  үлесін 
қосып жатты. Кіші жұттар отызыншы жылдардағы ұлы жұтқа ұласып, 
елді  есеңгіретіп  тастағаны  белгілі.  Бұл  аз  болғандай,  халқымыздың 
ардақты  азаматтарын  қудалау  басталды.  Əкесі  Сəтіғали  Құтқожин 
«Алаш»  құрамында  болғандықтан  ұсталып, «халық  жауы»  аталып, 
1937 жылы атылған кезде ол бар-жоғы он үш жаста еді. Жақсы адам-
ның  балалары  да  əлбетте  жақсы  болуға  тиісті  ғой.  Осы  бір  айтуға 
жеңіл  болғанмен,  жүзеге  асырылуы  оңайлыққа  түспейтін  ақиқатты 
жүзеге асыруды ойлап, аманат жүгін арқалаған жас өскін өзінің əкесі 
тəрізді айтулы азамат болуға бекінген еді.
Рəбиға  Сəтіғалиқызының  анасы – Жеміс  Қалуқызы  əкеден  жас 
қалған  балаларын  жаутаңдатқан  жоқ,  оқытып,  тəрбиелеп,  ел  қатары-
на қосқан аяулы ана. Ол балаларының қолында Алматыда 1965 жылы 
қайтыс болды.
Рекең  сол 1937 жылдан  бастап,  сəби  күніне  əділетсіз  өмірдің  те-
перішін  көріп  өсті.  Ол  мұны  былай  еске  алады: «7-кластың  оқушы-
сымын.  Əдетте  алдыңғы  партада  отыратынмын,  өйткені  бала  кезім-
нен  алыстан  нашар  көретінмін.  Мектепке  ертерек  келіп,  əдеттегідей 
алдыңғы  партаға  жайғастым.  Қасыма  ешкім  келіп  отырмады.  Өзге 
парталарда  екіден,  тіпті  орын  жетпей,  үштен  отыра  бастады. 4-кла-
стан жұбымызды жазбай бірге жүрген жан досым «подругам» Жиде-
хан Дербісəлина деген қыз болатын. Ол да жоламады. Бала болсам да 
ішім  сезеді:  əкеміз  ұсталғандықтан,  оның  балалары  əкелері  «жау» 
атан ған  балалардан  бөлек  жүруі  керек  болған  ғой.  Бұл  қорлаудың 
басы болды».
Дəл  осы  жылы  Республикамыздың  басқа  да  аймақтарындағыдай 
А.С.  Пушкиннің  қайтыс  болуының 100 жылдығына  байланысты 
мек тептерде оқушыларға өлеңдерін жаттатып жатады. Рəбиға Сəтіға-
лиқызы да жаттау алғысы келіп, жыларман болған соң оған: «Жатта-
саң, «Ағайынды қарақшылар» («Братья разбойники») деген поэманы 
түгел  жаттайсың!» – дейді.  Қайсар  қыз  түгел  жаттайды.  Бірақ  оған 


123
Тіл-ғұмыр
тағы  да  уақыт  жетпей  қалады.  Осындай  кедергілер  комсомолға  да, 
партия қатарына өтуге байланысты да алдынан шығып отырған. Бірақ 
бұл  кедергілердің  бір  де  бірі  тумысынан  өжет  боп  өскен  Рəбиғаны 
жасыта алмады, қайта қайрай, жігерлендіре түсті.
Рекеңнің  ата-анасынан  кейін  пір  тұтқан  адамы – өзінен  екі  жас 
үлкен ағасы Хамит болатын. Ол кісі – бойындағы бекзаттық жараты -
лысы  айқын  байқалып  тұратын  адам  еді.  Қарындасына  жанашыр, 
медеу  бола  білген  ағаны  апайдың  ерекше  құрмет  тұтатындығы  бай-
қалатын.  Əлі  күнге  ағасының  атын  аузынан  тастамай: «Мен  барлық 
атақ, лауазымдарымнан «Хамиттің қарындасы» деген сөзді биік қоя-
мын», – деуі тегін болмаса керек. Ағайын арасындағы қимас сезім, аға-
қарындастың өзара сыйластығы исі қазаққа үлгі боларлықтай. 
Қызмет  жолын 1940 жылы  Ақтөбе  облысы  Алға  стансысындағы 
бастауыш  мектепте  мұғалімдіктен  бастаған  жас  қыз 1942–45 жыл -
дары  Темір  қаласындағы  орта  мектепте,  педучилищеде  ұстаздық 
қызмет  атқарады.  Бұл  білімнің  жетімсіздеу  екенін  байқағандықтан, 
зиялылар көзіне түскен ол Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педаго-
гика  институтының  үшінші  курсына  қабылданып,  оқуды 1947 жылы 
бітіріп шығады да осы институттың аспирантурасында оқиды. Аспи-
рантурадан  соң  Қазақтың  оқу-педагогика  баспасында  редактор, 
редакция  меңгерушісі  қызметтерін  атқара  жүріп,  əдебиет  пен  өнер 
саласында  еңбек  етуді,  қаламгерлік  жолға  түсуді  ойлайды.  Алайда 
М.Балақаев,  І.Кеңесбаев,  Ш.Ш.  Сарыбаев,  А.Ысқақов  тəрізді  ұстаз-
дарының  ықпалымен 1957 жылы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясына 
ауысып,  кіші  ғылыми  қызметкерлік  жұмысқа  кіріседі.  Осылайша, 
əдебиетке бейімі бар жас тіл маманына айналады.
Ғылымды  ұлы  Абай  тілін  зерттеуден  бастауына  жол  сілтеген  кісі 
М.Əуезов  болды.  Ол  екі  институттың  бірлескен  ғылыми  кеңесінде 
«Абайдың «Қара сөздерінде» бүгінде қолданыла бермейтін бармаққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет