Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет54/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   170
керек,  барарға  керек  деген  тəрізді  тұлғалар  бар,  осылардың  сырын 
тіл  мамандары  ашса,  сөйтіп  жалпы  алғашқы  прозаның  тілін  зерт -
тесе»  деген  ой  тастайды.  Кеңес  осы  ойды  мақұл  көріп,  тақырыпты 
Рəбиға  Сəтіғалиқызына  береді.  Сөйтіп,  бұл  тақырыпқа  ынтыға  кіріс-
кен  Рекең 1959 жылы  «Абай  қара  сөздерінің  негізгі  морфологиялық 
ерекшеліктері»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация  қорғайды. 
1961–1967  жылдар  аралығында  жаңадан  құрылған  Тіл  білімі  инсти-
тутында  қазақ  тілінің  тарихы  мен  диалектологиясы  бөлімінде  мең-
герушілік  қызметін  атқарса, 1969–1975 жылдар  арасында  филоло-
гия  ғылымдары  бойынша  Тіл  жəне  əдебиет  институттары  жанында 
жұмыс  жасайтын  біріккен  диссертациялық  кеңестің  ғалым-хатшы -
сы болады. 


124
Рəбиға Сыздық
Ол  Абайдан  алыс  кете  алмады.  Тіпті  «оны  Абай  өлеңдері  алыс-
қа  жібермеді», – десе  де  болады.  Сөйтіп, 1971 жылы  «Абай  шығар-
маларының тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 
1975  жылдан  бастап  Тіл  білімі  институты  жанындағы  Ғылыми 
кеңестің мүшесі, 1979 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының кор-
респондент мүшесі болып сайланды. 1980-94 жылдары Тіл мəдениеті 
бөлімінің  меңгерушісі  ретінде  қызмет  жасады.  Одан  кейінгі  жылда -
ры осы институттың бас ғылыми қызметкері болып еңбек етіп келеді.
Рəбиға  Сəтіғалиқызының  жеке  өмірінде  тағылым  аларлық  сəттер 
мол. Өрімдей кезінде қосылған Сыздықов Мақаш мезгілсіз дүниеден 
озған  соң,  Рекең  ардақты  азаматының  аруағына,  асыл  жарға  деген 
қимас  сезімнің  керемет  бір  белгісі  ретінде  «Сыздық»  деген  фами -
лияны  берік  ұстап  келе  жатыр.  Қазақ  əйелдерінің  бойындағы  сүйген 
жарға  деген  осынау  ғажап  қасиеттің  Рекеңнің  болмысынан  баян 
табуы кісіні сүйсіндіреді. Ерекше ризалық сезімге бөлейді.
Азаматтық  пен  ғалымдықты  үнемі  қатар  алып  жүретін  Рəбиға 
Сəтіғалиқызының ғылым қайраткері ретінде қалыптасуына А.Байтұр-
сынұлы атындағы Тіл білімі институтының орны айрықша. 1957 жыл -
дан  бастап  табан  аудармай  жарты  ғасырдан  астам  осы  институт 
қабырғасында  еңбек  еткен  жанның  ғылыми  өмір  жолын  ғалым  мен 
ғылым үндестігінің жарқын шежіресі деуге болады.
Ғалымның  өзіне  тəн  бірден-бір  ерекшелігі – тіл  білімі  мен  əде-
биет  əлемін  бір-бірімен  тұтастықта  зерттеуі.  Сөз  құдіретін  ұғынып, 
бағалай  білетін  ғалым  ұлы  Абайдың  сөз  өрнегін  зерттеуді  бастаған 
сонау 1950-жылдардан  бергі  кезеңде  де  сөз  зергерлерінің  шығар-
маларын  көкірек  көзінен  өткізіп,  зерделеуді  өзінің  бір  парызы  санап 
келеді.  Р.Сыздықтың  ғалымдығын  сөз  еткенде  оның  Абайға  барған 
батылдығына  ерекше  тоқталуға  тура  келеді.  Өйткені  біз  оның  бұл 
əрекетінен өмірді Абайша толғап, адамды ақынша танып, оның жаз -
ған  өлеңдерінің  адам  жанына  əсер  етерлік  сиқырлы  сырын  тіл  көр-
кемдігі  арқылы  сезінуге  тырысатындығын  көреміз.  Мұны  «Абай 
қара  сөздерінің  ерекшеліктерінен» (1959) бастап, «Абай  шығарма-
ларының  тілі» (1968), «Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылымы» 
(1970)  жəне  «Абайдың  сөз  өрнегі» (1995) атты  еңбектерінен  айқын 
аңғаруға болады. Алдыңғылары кезінде ғылыми жұртшылыққа үлкен 
ой  салған,  Абайға  тілдік  тұрғыдан  барудың  кілтін  ашқан  дүниелер 
еді.  Ал  араға  жылдар  салып  барып  қолға  алынған  кейінгі  кітап  ұлы 
ақынның сөз өрнегін бұрын ескерілмей келген жаңа бір қырынан сөз 
ететін өзгеше туындылар қатарына жатады.
Задында,  Рəбиға  Сəтіғалиқызы  өмірінің  сəулелі  шақтары  Абай 
əлемімен тікелей байланысты. Ол дана Абай шығармашылығын зерт-


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет