Қ. Неталиева
Тіл білімі институтының аға
ғылыми қызметкері, филол.ғ.к.
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
... 1980 жылдың жазы болатын. Кең-байтақ Қазақстан жерінде
Қазақ ССР-інің 60 жылдық мерекесін кеңінен атап өтуге дайындық -
тың қызу жүріп жатқан кезі. Осындай жалпыхалықтық үлкен істің
бірі – Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан ғылымы күндері.
Мəдениет сарайы əдеттегіден гөрі сəнді де салтанатты, көрікті бе-
зендірілген. Мұнда облыстың белгілі азаматтары, алдыңғы қатарлы
139
Тіл-ғұмыр
өкілдері – мектеп мұғалімдері, ғалымдар, журналистер, партия, со-
вет қызметкерлері, еңбек ардагерлері түгел жиналған. Олар Ақтөбе
облысында Қазақстан ғылымы күндерін өткізуге Қазақ ССР Ғылым
академиясының академигі С.Б. Бəйішев бастап, Алматыдан келген бір
топ республика ғалымдарымен кездесуге жиналған еді. Кездесу көп
ұзамай-ақ басталып та кетті. Мінбеге бірінен кейін бірі көтерілген
шешендер аса бір зейін қойып, ықыласпен тыңдап отырған залдағы
көпшілікті лезде-ақ баурап əкетті.
Осы сəтте шашы бурыл тартқан, сəнді де сыпайы киінген, орта
бойлы, шымыр денелі, көзілдірікті əйел мінбеге көтерілді. Бұл – осы
өңірде туып, алғашқы ұстаз алдында, еңбек жолына бірінші жолда -
маны да осы жерден алған – қазірде Қазақ ССР Ғылым академиясы-
ның корреспондент мүшесі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым
қайраткері, филология ғылымының докторы, Тіл білімі институты-
ның бөлім меңгерушісі Рəбиға Ғалиқызы (Сəтіғали қызы) Сыздықова-
Құтқожина болатын.
Қандай үлкен жиындарда шаршы топ алдына шығып, өз пікірін
батыл да еркін айтуға дағдыланған Рəкеңнің бұл жолы даусынан сəл
де болса, діріл мен толқу байқалғандай болды. Ол заңды да... Бірақ
ол жүрек толқуын тез тежей алды да, əрі қарай негізгі тақырыбы –
«Ана тілі туралы ғылымның дамуы» мен «Қазақ əйелдері – ғылымда»
туралы өзіне тəн өткір де шешен тіл мен баяндай жөнелді.
Бұл күндерде Рəбиға Ғалиқызы ғасырлар бойы жасап келе жатқан
қоғамдық қызметі өсіп-өркендей, кемелденіп отырған ана тілінің
небір құдіретті сырын алып, нəзік заңдылықтарының қырларына бой-
лай зерттеп, ғылымның қиын да қия жолына шаршап-шалдықпай
көтеріліп, осындай еңбегінің нəтижесінде халықтың адал ұл-қызда-
рына деген шынайы құрметіне бөленіп отырған республикадағы
белгілі ғалымдардың бірі.
Рəбиға Ғалиқызының қаламынан шығып, жарық көрген 100-ге тар-
та еңбегінің 15-і монографиялық зерттеулер, оқулықтар, қазақ тілінің
ең зəру мəселелерінің бірі – емле, сауатты жазуға арналған кітаптар.
Қазақ əдеби тілінің негізін салушылардың бірі, Ұлы Абай шығар-
маларының тіліне арналған «Абай шығармаларының тілі» (1968),
«Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971) атты моногра-
фиялық зерттеулері – ғалымның кандидаттық, докторлық диссерта-
цияларына арқау болған басқа еңбектері ішінде өзінше ерекшелене-
тін, шоқтығы биік дүниелер. Бұл монографияларда автор ақынның
тіл шеберлігін, өлең құрылысын, сөз жұмсау өрнектерін, демек, ақын
өнерінің табиғатын аша түсуді, оның мол мұрасының əлі де құпия
болып келген сырларын зерттеуді негізгі нысана етіп қояды да, оған
140
Рəбиға Сыздық
тіл фактілері арқылы толық дəлелдемелер келтіріп, өзінше жол таба-
ды. Рəбиға Сыздықова келтірген ғылыми тұжырымдар Абай тілінің
қыр-сырын айқындап, бұрынғы зерттеулерден де көрі біршама нақ-
тылай түсті. Бұл сияқты бірбеткей жеке жазушы тілін лексика-грам-
матикалық кең планда жан-жақты зерттеу қазақ тіл білімінде əлі де
болса, жеткіліксіз еді.
Рəбиға Ғалиқызы тек бір жазушы тілін зерттеп қана қоймай, жал-
пы қазақ əдеби тілінің тарихы мəселесімен де ұзақ жылдардан бері
шұғылданып келеді. Биылғы жылы «Мектеп» баспасынан шығып
жатқан «XVIIІ–ХIX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы» атты
көлемді монографиясы осының айғағы іспеттес. Бұл мəселеде де
автордың өзіндік пікірі, өз қолтаңбасы бар.
Ғалым еңбегінің тағы бір үлкен саласы – ана тілінің емлесі, сауат -
ты жазу, тіл мəдениеті мəселелеріне байланысты дедік. 1950 жылдар-
дың басынан бері орфографиялық ережелерді жетілдіру ісіне баспа
бетінде мақалалар жариялап, конференцияларда, кеңестерде дəлелді
пікірлер айтып, үнемі атсалысып келеді. Мектеп оқушыларына ар -
налған алғашқы орфографиялық сөздіктің, баспа қызметкерлеріне
арналған «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анық-
тағыштың» (1959, 1974) авторы «Сөздер сөйлейді» (1980), «Сөз сазы»
(1893) атты еңбектерін де осы салаға жатқызуға болады.
Ана тілінің заңдылықтарын зерттеуші ғалым еңбегінің өндіріспен
байланысты жері де – мектеп, жасөспірім жеткіншектерді тəрбиелеу
ісіне араласу, ана тілін сүйіп, оның табиғатын толық меңгеруге баулу
сияқты игі тілекпен үзеңгілес болары сөзсіз.
Ғалым Рəбиға Сыздықова еңбегінің де мектеппен байланысты
болғанын атап айту орынды болады. Жастайынан Алға стансысында,
Темір, Ақтөбе қалаларында бастауыш, орта мектептерде, педучили-
щеде ана тілінен сабақ беріп, орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі
жұмыстарын атқарып шыныққан болса, кейіннен оқулықтармен оқу
құралдарын жазу ісіне белсене қатысты. Қазірдің өзінде мектеп
өмірінен бір сəт қол үзген емес. Алматы қаласындағы мектептердің
оқушыларына, мұғалімдеріне ана тілінің көкейкесті мəселелерінен
жиі-жиі лекциялар оқып тұрады.
Ұлы Отан соғысы кезінде Ақтөбе облысында еңбек еткен тұста -
рын Рəбиға Ғалиқызы есіне алғанда колхоз фермаларына шөп,
отын дайындау, аэродромға жер əзірлеу сияқты əрі ауыр, əрі кезек
күттірмейтін жұмыстарға мектеп балаларын ұйымдастырып апарған
сəттерін, қиындыққа мойымай, Отан тапсырмасын көп болып, абы-
роймен атқарған кездерін əр уақытта əңгіме етіп отырады.
Ол кездің қиыншылығына қарамай, мектеп оқушыларынан драма,
əдебиет үйірмелерін ұйымдастырып, монтаж жасап, Темір, Ақтөбе
141
Достарыңызбен бөлісу: |