Рəбиға Сыздық басылып шықты. Абай поэзиясының тіл құрылымы мен бейнелілігі
байсалды, байыпты талдауға алынды. 1973 жылы «Өлең сөздің тео-
риясы» атты кітабын филологиялық мамандандырғыш оқулық ре-
тінде жариялады. Күні бүгінге дейін бұл оқулық пайдалы, белсенді
қызмет айналымында келеді. Абай шығармашылығына мұнда да
қастерлі орын берілген. 1978 жылы «Қазақ əдебиетінің қазіргі дамуы
мен дəстүрлері» атты монографиясы жеке басылым көрді. Мұнда
Абай шығармашылығының игі дəстүрлері дамытылған түрде қарас-
тырылды. 1995 жылы «Абайдың ақындық əлемі» атты монография -
сы кітап болып шықты.
Сөйтіп, алты кітап арқылы Абай шығармаларының қасиеттерін
ғылым əлеміне танытқан академик Ахметов «Абай» энциклопедия-
сында да ең түпті-түбірлі проблемалардың шешімін тауып, ашып
берген. «Лирикалық кейіпкер», «Көркемдік əдіс», «Көркемдік идея»,
«Дəстүр мен жаңашылдық», «Тіл бейнелілігі», «Табиғат суреті»,
«Поэзия жанрлары», «Портрет», «Тұспалдау», «Өлең өрнектері» сияқ-
ты мақалалар соны сенімді куəландырады. Бұлардан басқа Абайдың
қырық бес шығармасы бойынша тарихи шолулық, көркемдік, мəтіндік,
тəржімелік сипаттамасын қамти отырып, қырық бес мақала жазған.
Энциклопедиядағы Абай шығармашылығына арналған лингвис-
тикалық стилистика, жалпы филологиялық поэтика мəселелерінің ең
өзектілерін ғалым Рəбиға Сыздықова еншілеген. Бұл ретте де жоға-
рыдағыдай табиғи, заңды құбылыс бар. Тіл білімі шеңберінде Абай
мұрасының зерттелуінде бұл кісінің еңбегіне деңгейлес ерлік ғылыми
өнім əлі жоқ. 1968, 1970, 1995 жылдары кітап болып жарияланған үш
томдық монографиясы бір бүтіндік қалыпта тікелей Абай шығар-
маларына арналған: «Абай шығармаларының тілі», «Абай өлеңдері -
нің синтаксистік құрылысы», «Абайдың сөз өрнегі». 1984, 1993 жыл-
дары екі басылым көрген «Қазақ əдеби тілінің тарихы» атты оқулығы
университеттерде маман филологтар дайындауда ықпалды басшы-
лық құралы болып келеді. Мұнда қазақ əдеби тілінің тарихындағы
Абайдың орны егжей-тегжейлі тексеріліп, көз жеткізерлік дəрежеде
айқындала дəлелденген. Жиынтығында, төрт кітап арқылы Абай
шығармашылығын объективті зерттеген ғалым «Абай» энциклопе-
диясында да «Абай тілінің зерттелуі», «Қазақтың жазба əдеби тілін
қалыптастыру», «Поэзия тілі», «Кітаби тіл», «Дулат Бабатайұлы»,
«Ұйқас», «Үндестік бастама», «Фразеология», «Жаңа сөздер», «Ауыс-
тыру», «Қарсы мəндес сөздер», «Лексика», «Мəндес сөздер» сияқты
күретамырлық мəні бар мақалаларды жазған.
Екі автордың да еңбектері дербес басылымдарымен де, «Абай»
энциклопедиясы құрылымына енген қалыпта да лек-лек кезегімен ал-
181
Тіл-ғұмыр масып, ауысып жатқан алдыңғы да, кейінгі де ұрпақтардың кəдесіне
жарап, білім-біліктің қайнар көзі болуда. Елдің көңілі толып, қош
көрген, риза болған еңбектер – шынайы баянды еңбектер. Еңбек
мерейінің белгісіндей Мемлекеттік сыйлыққа олар əбден лайық. Сол
сияқты баспагерлердің де бұл ғасырлық туындының жарық көруіне
қосқан үлесі өте сүбелі. Оларда бұл абырой-атағы өте жоғары сый-
лыққа лайық екенін атап айтқым келеді.
«Семей таңы» газеті, 1996, 19 қараша.