Ш. Елеукенов
АБАЙ СЫЙЛЫҒЫНА – «АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
Қазақстан Республикасының Əдебиет, өнер жəне сəулет өнері
саласындағы 1996 жылғы Мемлекеттік сыйлықтарды алу бəйгесіне
ұсынылған еңбектерден менің көзіме ең қомақты көрінетін – жү-
йелі ғылым, қазыналы ақпарат материалға құрылып, соншалық жа-
ңалықтармен қуантып бауратқан əмбебап кітап – «Абай» энцик-
лопедиясы.
Энциклопедияның жарық көру шарты өзге басылымдарға ұқса-
майды. Оны ел болып, қоғам болып толғатады. Мысалы, ХVІІІ ға-
сырдың аяғында Д.Дидро мен Ж.Д. Аламбер редакциясын басқарған
атақты француз энциклопедиясы (1751–1780) өзі шыққанға дейінгі
рухани сала жетістіктерін жинақтау, қорыту, жүйелеу, азамат білімі-
нен ғылым жасау ниетінен туғанын білеміз.
Қазақстанда елдің елдігін көрсететін, барша ғылым-білімге
қорытынды жасайтын кітаптардың кітабы – энциклопедиялық ба-
сылымдар даярлау ісі белгілі тарихи себептермен кешеуілдеп қолға
алынды. Он екі томдық Қазақ совет энциклопедиясы 1972–1978 жыл-
дар аралығында дүниеге келді. Басталысымен игі іс тез қанат жа -
йып кетті.
Жанры жағынан «Абай» энциклопедиясы – тұлғалық энцикло -
педия. Кіндік Азияда мұндай басылым үлгісі əлі кездеспейді. Тіпті
мыңдаған жылдық қолжазба кітап шығару өнері бар Грузия, Арме-
ния сияқты елдерде де мұндай басылым шыға қойған жоқ. Орыс
ағайындардың «Пушкин» энциклопедиясын дайындап жатқанын
естісек те, əлі оқырман қолына тимегенінен де хабардармыз.
«Абай» энциклопедиясын əзірлеу аталған бас редакцияда 1989 жыл-
дың көктемінде қолға алынды. Қиындығы жауапкершілігінен, жұмыс
сол кезде редакция меңгерушілігіне көтерілген жас ғалым, талантты
182
Рəбиға Сыздық
зерттеуші Мұхтар Құл-Мұхамедке тапсырылды. Кейін ол бас редак -
ция жауапты хатшылығына жоғарылағанда, бұл істі танымал жур-
налист, білікті энциклопедиялық редактор Таңатқан Рсаевпен бірге
атқарысты.
Болашақ энциклопедия құрылымын жоспарлау жүйелі-типология-
лық əдіс бойынша жүргізілді. Бұл ойдағыдай нəтиже берді. Энцик-
лопедия жүйесі сындарлы қалыптасқандықтан, тарауларының мате-
риалдары табиғи өрбіп отырады, бірін-бірі қайталамай, сайып кел-
генде, осындай кішігірім бұлақтардың басы қосылып, айдын шалқар
көл өскендей, Абай өмірі мен шығармагерлігі хақында тұтас ғылым
бой түзейді.
Типтендіру əдісінің жəне бір принципі зерттеліп отырған объек-
тінің мəн-мағынасын ашатын құбылыс-белгілері айырып анықтауды
талап етеді. Міне, осы принциптің дəйекті орындалуы нəтижесінде
абайтану ғылымының белгілі табыстарының баянды етілуі үстінде,
бұрын Кеңес кезінде қағажу қалып келген бірқыдыру өмірлік жəне
шығармагерлік мəселелер жан-жақты жəне терең шешімін тапқан. Бұл
жерде де екі тарауға жіктеліп, екі мыңға тарта атауы бар сөзтізбесі-
нің бəрінің жетістігін тізбелеп отыруға орын тар. Дегенмен маңыз -
ды-маңызды бір-екі тарауының жаңалығын айтпасқа болмайды.
Менің пікірімше, зерттеушілердің ендігі ұрпағы Абай ақынды -
ғын, хакімдігін дүниежүзілік ғылыми һəм көркемдік контексте қа -
рауға ұмтылуы тиіс. Қазақ əдебиетінің өркендеу жолындағы Абай-
дың тарихи орны Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Əлихан
Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов,
Ғабит Мүсірепов, Қажым Жұмалиев, Бейсенбай Кенжебаев т.б. ең-
бектерінде ғылыми тұрғыдан, əдеби-көркемдік жəне эстетикалық
зор қуатпен көрсетілген. Сол сияқты Батысты, оның ішінде орыстың
реалистік позициясын кейінгі қазақ поэзиясына мектеп етудегі Абай
еңбегі айшықты бояулармен, мықты дəлелдермен сараланды. Ал өзі
Шығыс мектебінен бастаған, Шығыстың барлық ұлы шайырларымен
терең таныстығы бар Абайдың Шығыс пен Батыс көркемдік синте-
зін жасаудағы рөлін жете айта алмай, тартынып келдік. Сыйлыққа
ұсынылып отырған əмбебап кітап «Абай жəне Шығыс əдебиеті»,
«Абай жəне туысқан халықтар əдебиеті» деген тақырыптарды ар -
найы зерттеп, жаңағы елеулі олқылықтардың орнын толтыруда батыл
да өнімді қадам жасаған деп білеміз.
Энциклопедияда ұлы ақынның қаламынан туған еңбектер тұтас-
тай қамтылып, олардың əрқайсысына жеке-жеке мақалалар арналған.
«Абай жəне өнер», «Абай жəне ғылым», «Абай жəне дін», «Абайдың
дүниетанымы» тақырыбы жаңаша көзқарас пен тың тұжырымдар
183
Достарыңызбен бөлісу: |