Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет9/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   170
Рəбиға Сыздық
курстан алатын болды. Екі жылда бітіретін болдым. Арманым орын-
далды. Ауылға барып, құжаттарымды дұрыстап алып келемін», – деп, 
қоштасып қалдым.
Ақтөбеден  келгеннен  кейін  жатақханаға  орналастым.  Сіңлімді 
алып  келгенмін.  Ол  Қыздар  институтына  құжаттарын  тапсырды.  Бі-
реуді сұрайтындай, іздейтіндей уақытым болған жоқ. Оқуға келгеннен 
кейін  Қасымды  екі-ақ  рет  көрдім.  Бір  рет  ҚазМУ-да  студенттермен 
кездесу  болды  ғой  деймін.  Қай  жерде  ақын-жазушылармен  кездесу 
бар, содан қалмайтынмын. Күндіз болсын, түн болсын. Сосын бір рет 
өзімізде  болды.  Əлі  күнге  дейін  есімде.  ҚазПИ-дің  оқу  корпусында 
6-аудитория бар. Белгілі аудитория. Сонда «Раиса Григорьевна Лем-
берг»  дейтін  Ленинградтан  келген  профессор  «Педагогиканың  та-
рихынан»  сабақ  беретін.  Соның  лекциясын  орыс  тобымен  қосылып 
тыңдайтынмын.  Ондай  сабақ  қазақ  тілінде  жүрген  жоқ.  Сол  аудито-
рияда  кездесу  болды.  Ақын-жазушылар  келді.  Түннің  бір  мезгілі: 
11-лер  болып  қалған  кез.  Бір  уақытта  бір  нəрсе  сытыр  ете  қалды  да 
жұрт  дүрлігіп,  шулап  кетті.  Бұл  кезде  Қасым  сөйлеп  жатқан. «Пай, 
табиғат  та  мен  сөйлегесін  сілкініп  жатқаны  ғой!» – дегені  есімде. 
Жер  сілкінген  екен.  Кейін  газеттен  оқып  отырсам,  жылы,  күніне 
шейін жазыпты. Соны бір жерге мен де жазып қойып ем. Таба алма-
дым. Бұл – сірə, 1947 жылдың қысы əлде 1946 жылдың аяғы ма екен... 
Əйтеуір, 1946 не 1947 жылғы қыстың бір күні болатын.
Қасымды  енді  білетінім – Алматыда  Қыздар  институтында  сабақ 
беретін  «Жұмазия  Өтеуова»  дейтін  немере  апамыз  болды.  Сіңліміз 
екеуміз оқуға келгенде алдымен сол үйге түскенбіз. Үйі жатақханаға 
жақын. Кейде шай ішіп кетем. Ара-арасында көмектесіп тұрамын. Бір 
күні апамның үйіне келсем, сондай əдемі, өзі аппақ, сөзі биязы, ылғи 
күліп сөйлейтін жас əйел отыр. Асбөлмеге шығып: «Бұл кім?» – деп 
едім апамнан: «Жездеңнің қарындасы ғой», – деді. Жездем Нұрман – 
Арқаның жігіті болатын. Баянауыл не Қарқаралыдан. «Аты – Сəпен. 
Бұрын  жұбайымен  Оралда  тұрған.  Күйеуі  соғысқа  кетіп,  бірінші 
жылы-ақ  опат  болыпты.  Ауылдан  келді»,  –  деп,  апам  мəн-жайды 
түсіндірді.  Бұл  дəл  қай  жылы  екенін  білмеймін: 1946 не 1947, осы 
жылдардың  бірі. 1946 жыл  болуы  керек.  Сəпен  кеткеннен  кейін 
Жұмазия  апам  үлкен  сыр  айтты: «Сəпен  –  сұлудың  сұлуы,  ақылды 
қыз. «Пəлен»  деген  жігітке  күйеуге  тиіп,  оларды  кейін  Оралға  жұ-
мысқа  жіберген.  Оралда  тұрған.  Қасым  да  Оралға  барып  жұмыс 
істейді.  Қасым  Сəпенге  өлердей  ғашық  болған.  Бірақ  оның  күйеуі 
болғасын «қиянатқа бармайын», – деп, «сіз-біз» десіп жүрген. Соғыс 
басталады  да  Сəпеннің  күйеуі  майданда  қаза  табады.  Жалғыз  қызы 
бар.  Төрт-бес  жасар  деді  ме...  Осында  келіпті...».  Сосын  көп  ұзамай 
Жұмазия апамнан естідім: Қасым Сəпенге үйленіпті.


21
Тіл-ғұмыр
Қасым ғашықтық жырларын Сəпенге арнаған ғой. Үйленбей тұрып 
арнаған.  Біз  «Сəпен»  дейміз.  Шын  аты – Сақыпжамал. «Бір  өзіңде 
екі  жанның  есімі  бар...»  деген  өлеңі  бар  Қасымның.  Сəпенге  Қасым 
түгілі,  менің  өзім  қызықтым.  Сондай  сұлу,  сондай  биязы,  күліп  сөй-
лейді. Магниттей өзіне тартып тұрады екен. Керемет!
Көркіңе ақылың сай, 
Жанымның жайлауына жарасатын, – 
дейтін өлеңі бар ғой Қасымның. Шынында да, көркіне ақылы сай бо-
латын.
Бір  өкінішім  бар.  Қасым  қайтыс  болғаннан  кейін 60-70-жылдар -
дың  ішінде  ме...  Сəпен: «Жұмазиядан  сұрап,  телефоныңды  тауып 
алдым.  Қасым  туралы  естелік  кітап  шығарайық  деп  жатырмыз. 
Бірнəрсе жазып бересің бе?» – деп телефон шалды. Ол кез – Шахаңа 
тұрмысқа шыққан кезім. Үйде төрт бала бар. Мұрын сіңбіруге уақыт 
жоқ.  Сосын  бойға  сіңген  дағды – не  істесем  де  ұялмайтындай  етіп 
істеуім  керек.  Сол  кезде  уақыт  болғанда  да  дайындығым  жоқ  бола -
тын. «Қазір қолым тие қоймайды. Жазып бере алмаймын ғой», – деп 
жауап  бердім. «Сəпен  өзі  сұрағанда  бəрін  тастап,  бір-екі  ауыз  сөзді 
неге  жазбадым  екен?!» – деп  қазір  өкінемін.  Сол  жинақ  шықты  ма, 
шықпады ма, – білмедім.
Реті  келгенде  тағы  бір  үлкен  қателігімді  айтайын,  бүкіл  өмірімде 
өзім  кешпейтін  қателігім:  бір-екі  сөйлем  болса  да,  күнделік  жазып 
жүру  керек  екен.  Сонда  есіңде  ең  болмаса  жылы  я  адамдардың  аты 
қалады.  Бұл  кейін  бір  нəрсені  еске  алғанда,  ойлағанда  керек  екен. 
Қазір жалпы оқиға есімде бар. Қай жылы болғаны есімде жоқ.
Бір  жылы  Қуандық,  қасында  біреу  бар: «Үшеуіміз  Қасымдікіне 
барайық. «Бүгін барамыз», – деп қойып едім», – деді. Студент кезім. 
«Жақсы!» – дедім.  Бардық.  Бұл  –  сірə, 1946 жыл  болуы  керек.  Осы 
күнгі  «Достық  даңғылы»  аталатын  көшенің  ар  жағында  ма,  бер 
жағында  ма – кішкентай  өзен  бар.  Сол  өзеннің  жағасында  Күлəштің 
саяжайы  болған  екен.  Қасымдар  сонда  тұрады  екен.  Ағаштан  не  қа-
мыстан  салынған.  Өте  жұпыны.  Баспанасымақ.  Қасыммен  ең  ұзақ, 
ашыла сөйлескеніміз – сол. Сəпен де, тіпті кішкентай баласы да бар 
ғой деймін үйде. Бірақ бізге əкеп көрсеткен жоқ. Шай іштік. Қасым-
ның  домбыра  шертетіні  бар  екен.  Əйгілі  «Дариға,  сол  қызы»  əнін 
Қасымның  өз  аузынан  тыңдадым.  Арасында  өлеңдерін  оқыды. «Жі-
гіттер, нашарсыңдар, нашарсыңдар» дейтін өлеңі бар ғой. Соның та-
рихын айтты.
Ашық-жарқын  əңгіме  болды.  Мен  де  əдебиет,  өнерге  қатысты 
ойларымды  ортаға  салдым.  Ол  кезде  театрға  жиі  баратынбыз.  Жас-
тықтың  əсері  болар,  кейбір  бас  кейіпкерлердің  монологтарын  лез-


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет