Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата14.02.2017
өлшемі3,67 Mb.
#4089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 НҰРАхМЕТОВ 
Немеребай Нұрахметұлы
химия ғылымдарының
докторы, профессор
Нұрахметов  Немеребай  1938  жылы  25  қыркүйекте  Алма-
ты  облысы  (бұрынғы  Талдықорған  облысы)  Ескелді  ауданы 
Жетісу ауылында дүниеге келген. Химия ғылым докторы (1986), 
профессор  (1987),  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қызметкері 
(1995).  ҚазМУ-ды  (қазіргі  ҚазҰУ)  бітірген  (1962).  1962-1995 
жылдары  ҚазҰУ-да  ғылыми-педагогикалық  жұмыстарымен 
айналысып,  басшылық  қызметтер  атқарды.  1991–1997  жыл-
дары  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  Білім  Академиясының 
Президенті,  1985-1997  жылға  дейін  ҚазҰУ-де  бейорганикалық 
химия кафедрасының меңгерушісі болды. 2001 жылы 31 томдық 
қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктерге 
қатысып,  жетекшілік  жасаған.  Бұл  еңбегі  үшін  Ғылым,  техни-
ка  және  білім  саласы  бойынша  ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының 
лауреаты  атағына  ие  болды.  «Құрмет»  орденінің  иегері  (2009), 
Қазақстан Жоғары мектебі Ғылымдар Академиясының академигі 
(1995),  Нью  –  Йорк  Ғылымдар  Академиясының  мүшесі  (1996), 
Қазақстан  Педагогикалық  ғылымдар  Академиясының  ака-
демигі(2009). Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008).
 

Аманат
131
Ұлы ҰстАзДАР сАлғАн  
ғылыМДАР ІзІМен
М
ен  «Жетісу»  орта  мектебін  1956  жылы 
тұңғыш  озат  түлектерінің  бірі  бо-
лып  бітірдім.  1957  жылы  Қазақ  Мем­
лекет тік 
университетінің 
химия 
факуль­
те тінің  студенті  атандым.  Фи зикалық  хи-
мия  кафедрасында  маманданып,  академик  
М.и.  уса новичтің  жетекшілігімен  «Мыс  хлори­
дінің пиридинмен әрекеттесуі» тақырыбы бойын-
ша дипломдық жұмыс орындап, алғашқы ғылыми 
мақаламды жарияладым. 
Еңбек  жолын  бейорганикалық  химия  кафедрасының  мең-
герушісі,  әйгілі  ғалым,  профессор  Батырбек  Ахметұлы  Бірім-
жановтың  шақыруымен  аға  лаборанттық  қызметтен  бас тап, 
стажер-зерттеушілікті  аспиранттықпен  жалғастырып,  кан-
ди дат тық  диссертацияны  табысты  қорғадым.  1962  жылдан 
бейорганикалық  химия  кафедрасының  аға  оқытушысы  ретінде 
менің  педагогтік  қызметім  басталды.  1972  жылы  доцент  бо-
лып  сайландым.  1986  жылы  «Амидтердің  бейорганикалық 
қышқылдармен  қосылыстарының  синтезі,  физика-химиялық 
қасиеттері және оларды қолданудың болашағы» атты тақырыпта 
докторлық диссертация қорғап, 1988 жылы бейорганикалық хи-
мия кафедрасы бойынша профессор атағын иелендім.
Көптеген  жылдар  кафедра  меңгерушісі  ұлы  ұстазым  
Б.А.  Бірімжанов-тың  орынбасары  қызметін  атқара  жүріп, 
оқу-тәрбие  жұмысына  белсене  араластым.  1985-1994  жылдар 
аралығында  бейорганикалық  химия  кафедрасының  меңгеру-
шісі  ретінде  ұстазым  Б.А.  Бірімжановтың  ісін  жалғастырып, 
кафедраның  ғылыми-зерттеу  және  оқу-әдістемелік  жұмыста-
рының  өркендеуіне  айтарлықтай  үлес  қостым.  Бұл  жылдары 
кафедрада 7 докторлық және 40-тан астам кандидаттық диссер-
тациялар қорғалды, көптеген мақалалар орталық басылымдарда 
жарық көрді және қазақ тілінде жалпы және бейорганикалық хи-

Аманат
132
миядан әдістемелік оқу-құралдары жазылды, арнайы курстардың 
бағдарламалары  өңделді,  кафедра  студенттерінің  білімін  баға-
лаудың жаңа рейтингтік жүйесі енгізілді. 
Мен  айналысқан  басты  ғылыми  бағыт  «Бейорганикалық 
протонды  қышқылдардың  құрамында  азоты  бар  органикалық 
негіздермен  әрекеттесуінің  үдерістері  мен  өнімдерін  зерттеу», 
жаңа күрделі қышқыл тұздарды синтездеудің физика-химиялық 
негіздерін,  олардың  құрамын  анықтау  және  ғылымда,  техни-
када,  ауылшаруашылығында  пайдалануын  айқындауға  жата-
ды.  Күрделі  органикалық  катионды  –  онийлі  тұздардың  жаңа 
класының  теориялық  негіздері  қаланып,  олардың  құрамын 
айқындауға көп көңіл бөлдім, оларға жалпы «амидқышқылдар» 
деген атау тақтым. 
Рентгенқұрылымдық  талдау  әдісімен  карбамид,  тиокарба-
мид, ацетамид және олардың орынбасарларының қышқылдармен 
20  астам  қосылыстары  зерделенді.  Сутекті  қышқылдар  мен 
органикалық  амидтердің  табиғаты  мен  ерекшеліктеріне  сай 
алынған амидқышқылдарды құрамы мен құрылымы бойынша үш 
топқа бөлдім. Оларға протонды қышқылдан амидтерге ауысатын 
тұздар тобы кіреді. Бұл бірінші топтың өкілдерін координациялық 
қосылыстар ретінде қарастыруға болады. Олардағы кешентүзуші 
–  сутекті  қышқылдың  протоны,  ал  лигандтары  бос  амидтердің 
молекулалары.  Екінші  топқа  молекулалық  қосылыстар  жата-
ды. Олардың кристалдық құрылымы сутектің протоны түгелдей 
ауыспаған  байланыстармен  тұрақтандырылған  бейтарап  амид 
және  қышқылдардың  молекулаларынан  тұрады.  Үшінші  топқа-
орташа  күшті  қышқылдар  мен  амидтердің  әрекеттесуінен 
түзілетін қосылыстар жатады.
Амидқышқылдардың  түзілу  үдерісі  жалпы  алғанда  осы 
заманғы  қышқылдық-негіздік  әрекеттесулер  теориясы  тұрғы-
сынан,  мәселен  Бренстедтің  протондық  теориясы  және  
М.И. Усановичтің жалпылама теориясы бойынша тұз түзілу ре-
акциялары ретінде қарастырылады. Амидтер сулы ерітінділерде 
өздерін әлсіз негіз ретінде байқатады. Амидтердің бұл қасиеті сулы 
ерітінділері  протогенді  еріткіштер  саналатын  бейорганикалық 
қышқылдарда күштірек көрінеді.

Аманат
133
Амидтер  мен  қышқылдардың  әрекеттесуінің  ерекшелігі 
–  құрамында  екі,  үш  және  оданда  көбірек  ассоциацияланған 
амидтердің  моле-  кулалары  бар  амидқышқылдардың  түзілуі. 
Рентгенқұрылымдық  талдау  амидқышқылдардың  құрылысы  ту-
ралы  сауалға  бір  мәнді  жауап  беруге  мүмкіндік  тудырды:  бұлар 
да  эквимолекулалы  ұқсастықтары  сияқты  күрделі  тұздар,  тек 
айырмашылығы катионның құрамында амидтердің протонданған 
молекуласына қоса онымен сутекті қышқылдармен байланысқан 
басқа  молекулалар  да  кіреді.  Мұндай  димерленген,  тримерлен-
ген және т.с.с қосылыстардың түзілуіне амидтің өзінің бастапқы 
формасын  сақтап  қалуы  тағы  да  бір  дәлел  бола  алады.  Бұл 
оларға  қышқылдармен  ассоциацияланған  күйінде  әрекеттесуге 
қатынасуына мүмкіндік береді. Амид топтары сутекті байла ныстың 
арқасында  ассоциаттар  түзуге  қатынасатындықтан  олардың  тұз 
түзуге деген негіздік және қышқылдық қабілеті төмендей түседі. 
Алайда, қышқылдардың әсерінен ассоциаттар біртіндеп мономер 
күйге  дейін  ыдырайды,  осыған  орай  амидтердің  молекуласының 
негіздігі де, реакцияға қабілеттігі де арта түседі.
Біздің  ғылыми  тобымызда  (Абрамова  Г.В.  т.б)  амидқыш-
қылдардың және олар түзілетін процестердің термодинамикалық 
сипаттамаларын  зерттеу  ғылыми  және  қолданбалы  жағынан 
үлкен  қызығу  тудырды.  Калориметрия  әдісімен  5  (тио) 
амидқышқылдар  мен  22  (тио)  АҚ  суда  еруінің  стандартты  эн-
тальпиясы,  сол  сияқты  сұйылтуға  тәуелді  сулы  ерітінділерінің 
түзілу энтальпиялары анықталды. Бомбалық калориметрия әдісі 
бойынша  15  амидтің,  6  анилидтің  және  8  амидқышқылдардың 
конденсацияланған  күйдегі  стандартты  жану  энтальпияла-
ры  табылды.  Амидтер  мен  тиоамидтердің  жану  энтальпиясын 
есептеудің  аддитивті  сұлбасы  ұсынылды.  (8-330)  К  аймағында 
ацетамид,  (тио)семикарбазид,  альфа  –  хлорацетамид  және  
(0-330)  <  аймағындағы  термодинамикалық  функциялары  есеп-
теліп  шығарылды.  Ацетамидтің  жылу  сиымдылығы  мәндерін 
табу  мәліметтеріне  «Ұсынылған  анықтауыш  мәліметтер»  кате-
гориясы тағылды. Ал фенилацетамид пен изовалерамидтің стан-
дартты  жану  энтальпиясының  мәндері  АҚШ  –  тағы  Техастың 
термодинамикалық Орталығының мәліметтер Банкіне енгізілді.
Өткен  ғасырдың  90  жылдарында  шәкіртім  профессор  
Р.А. Омаровамен бірге амидтер мен бейорганикалық қышқылдар 

Аманат
134
негізінде  алынатын  күрделі  қосылыстардың  модельдік  моле-
кулаларын  есептеу  әдісін  жуықтау  дәрежесін  қолдана  отырып, 
квантхимиялық зерттеулер жүргіздім. 
Көптеген  амидқышқылдардың  синтезінің,  тазартуының, 
біре гейленуінің, физикалық және химиялық қасиеттерінің ерек-
шеліктері  анықталды.  Ғылымдағы  шәкірттеріммен  бірге  300-ге 
жуық  қосылыстардың  қасиеттерін  жан-жақты  зерттедім.  Бұл 
саладағы  зерттеу  жұмыстарының  қорытындысы  1989  жылы 
Мәскеуде ВИНИТИ-ден «Амидқышқылдар» деп аталатын моно-
графия түрінде жарыққа шықты. Шәкіртім профессор Г.В. Абра-
мовамен бірге амидқышқылдарды синтездеу жұмыстары КНТП 
«Реактив», 120 амидқышқылдардың синтездеу әдістемесі «Реак-
тивтер сұранысы» және «Химиялық реактивтер мен өте таза зат-
тар» каталогына енгізілді. Биологиялық және фармокологиялық 
активті 170 амидқышқылдардың практикада пайдалану келешегін 
айқындап бердік.
1991-1996  жылдар  арасында  Қазақстан  Республикасын дағы 
ҰҒА  мен  Ғылым  және  жаңа  технология  министрлігінің  кон-
курсынан  өткен:  «Фосфор  өндірісі  қалдықтарының  негізінде 
түзілген  пигменттерді  синтездеу  және  физика-химиялық  зерт-
теу»,  «Қазақстан  су  қоймаларындағы  тұз  түзілу  процесін  және 
полигалит  түзілу,  конденсацияланбаған  фосфориттерден  тұз, 
күрделі тыңайтқыштар алудың физика-химиялық негіздерін зерт-
теу»,  «Амидқышқылдарды  алудың  негіздерін  зерттеу»  атты  үш 
тақырыптың ғылыми жетекшісі болдым. 
Бұл  еңбектер  бойынша  менің  жетекшілігіммен  химия 
ғылымдарынан  3  докторлық  және  24  кандидаттық  диссертация 
қорғалды.  Сонымен  қатар  400-ден  астам  мақала  мен  тезистер 
баспаға шықты, ССР-дің 13 авторлық куәлігі. 100-ден астам ба-
яндамалар, соның ішінде 10 шақты баяндама халықаралық кон-
ференцияларда жасалынды. 
Мен  Д.И.  Менделеевтің  XI-съезін  және  бірнеше  рес-
публикалық  конференцияларды  өткізуге  белсене  араластым. 
Жалпы және бейорганикалық химия саласындағы жетістіктерім 
үшін СССР ҒА-ның «Жалпы және органикалық химия институ-
ты»  тағайындаған  академик  Н.С.  Курнаков  атындағы  құрметті 
медалмен марапатталдым.
1983-1987  жылдарда  кафедрадағы  жұмысымды  ҚазМУ-дың 

Аманат
135
даярлау  факультетінің  деканы  қызметімен  ұштастырдым.  Бұл 
қызметте  де  өзімнің  ұйымдастырушылық  қабілетімді  көрсете 
білдім. Даярлау факультетінің барлық қызметі қайтадан жаңаша 
құрылды.  Республикамыздың  шалғай  аудандары  мен  әртүрлі 
қалаларынан келген, Отан алдында абыройы бар әрі еңбек стажы 
үлкен  тыңдаушылармен  сапалы  жұмыс  істейтін  педагогикалық 
құрамды таңдап алуға баса көңіл бөлдім.
ҚазМУ-дың химия факультетінің алдыңғы қатарлы жетекші 
педагогтарының  бірінен  саналамын.  Мен  көптеген  жылдар 
бойы  «Жалпы  және  бейорганикалық  химия»,  «Бейорганикалық 
химияның  теориялық  негіздері»,  «Элементтер  химиясы», 
«Қазіргі  мектеп  педагогикасы»  т.б.  негізгі  курстарды  және 
«Бейорганикалық  химиядағы  қышқылдық-негіздік  әрекеттесу», 
«Кешенді қосылыстар химиясы» атты т.б. арнайы курстар бойын-
ша жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде дәрістер оқып, курстық, 
дипломдық және магистрлік жұмыстарға жетекшілік етіп келемін. 
«Жалпы және бейорганикалық химиядағы химиялық термодина-
мика элементтері», «Бейорганикалық заттардың қазіргі атаулары», 
«Жоғары оқу орындарында жалпы және бейорганикалық химия-
ны оқытудың әдістемесі» атты лекциялар циклын енгіздім. Соңғы 
жылдары болашақ педагог магистранттарға «Химияны оқытудың 
белсенді  жаңа  әдістері»,  «Жалпы  және  бейорганикалық  химия-
ны  оқытуда  қазіргі  технологияларды  қолданудың  әдіснамалық 
аспектілері» атты лекциялар оқи бастадым. Оқытудың белсенді 
жаңаша әдістері мен дәстүрлі әдістерін үйлестіруге ерекше мән 
беремін. 
Жоғары  мектептің  педагогы  ретінде  жалпы  және  бейор-
ганикалық  химияны  тиімді  меңгерудің  әртүрлі  әдістеріне  аса 
айрықша  назар  аударамын.  Бұл  салада  48  оқу-әдістемелік  оқу 
құралым мен 50-ден астам мақалаларым жарық көрді. Олардың 
ішінде  бейорганикалық  химияның  негізгі  курсы  бойынша 
дидактикалық жұмыстарын, бірінші курс студенттерінің өзіндік 
оқуына  арналған  «Қышқылдық-негіздік  әрекеттесулер  теория-
сы» атты арнайы курсты, жалпы химиядан есептер шығару және 
бағдарламалық бақылаудың әдістемелігін ерекше атап кету керек. 
Қазақ тілінде химиядан ғылыми-көпшілік әдебиеттердің және 
химиялық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздіктердің 
жарыққа  шығуын  бастаушылардың  бірі  болдым.  Ғылыми-

Аманат
136
көпшілік тақырыпта 6 кітап, бірнеше кітапшалар мен мақалалар 
жазылды, Қазақ Советтік және «Қазақстан» ұлттық энциклопеди-
яларында 160-тан астам термин-мақалаларым жарық көрді. 
Ұлы ұстазым Б.А. Бірімжановтың отандық химиялық терми-
нологиямен  айналысуын  жалғастырып,  әрі  дамыта  түстім.  Әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  студенттерін 
оқытудағы  көп  жылдық  педагогтік  тәжірибем  мен  оқулық 
кітаптарды  жазудағы  шығармашылық  еңбегіме  сүйеніп,  1992 
жылы 6000 терминнен тұратын «Химия терминдерінің орысша-
қазақша  сөздігін»  шығардым.  Осы  сөздіктің  негізінде  1993  ж. 
«Химия  және  химиялық  технология  терминдерінің  орысша  – 
қазақша  сөздігі»  жасалды.  Менің  тікелей  жетекшілігіммен  әрі 
автор  ғалымдармен  қоса  5000-нан  аса  терминдерді  қамтитын 
химия  және  химиялық  технология  бойынша  қазақ-орыс 
терминологиялық  сөздігі  2000  жылы  жарыққа  шықты.  Осы 
еңбегіме сай 2001 жылы ғылым, техника және білім саласы бой-
ынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болдым. 
Мемлекеттік тапсырысқа сай 2007 жылы кафедраның ұстаз-
дары  химия  ғылымдарының  кандидаттары:  А.И.  Ниязбаева, 
Р.Г. Рысқалиева,  Н.С. Далабаева бірге «Химия және химиялық 
технология  терминдерінің  түсіндірме  сөздігін»  даярладық.  Бұл 
сөздікте  қазіргі  химия  мен  химиялық  технологияның  6000-
нан  астам  терминдерінің  түсіндірмесі  берілген.  Оған  іргелес 
ғылымдар саналатын геология, минералогия, металлургия т.б. хи-
мия ғылымы мен білімінде жиі қолданылатын, әсіресе, мерзімдік 
баспасөзде  кездесетін  терминдер  де  енгізілген.  Бұл  сөздіктегі 
жаңаша  түсіндірмелер  ең  алдымен  орта  мектептің  мұғалімдері 
мен  оқушыларына,  жоғары  оқу  орындарының  педагогтері  мен 
студенттеріне, сол сияқты қазақ тілінде диссертация қорғайтын 
аспиранттарға, зерттеушілерге өте қажет.
1991-1996  жылдар  аралығында  еліміздегі  жалғыз  ғылыми-
педагогикалық  Қазақтың  Білім  проблемалары  институтын  бас-
қардым. Менің белсене араласуыммен бұрынғы Ы. Алтынсарин 
атындағы  педагогика  ғылымдарының  ғылыми-зерттеу  инсти-
туты жаңа институт болып қайта құрылды, оның статусы және 
құрылымы  қайта  қарастырылды,  негізгі  ғылыми  бағыты  мен 
міндеттері  анықталды.  Тікелей  «Білім»  ғылыми-педагогикалық 
бірлестігінің, Білім Министрлігі жанындағы Ғылыми-әдістемелік 

Аманат
137
үйлестіру  орталығының  құрылуына  ұйытқы  болды.  «Білім» 
бірлестігінің  құрамына  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Қазақтың 
білім  проблемалары  институтымен  бірге  Алматы  қаласының  2 
орта мектебі мен 2 балабақшасы кірді. Сол уақыттан бастап жал-
пы  орта  мектепте  оқитындардың  білім  сапасын  жоғарылатуға 
және  мектепке  дейінгі  балалар  мекемесінде  тәрбие  жұмысын 
жақсартуға  бағытталған  ғалымдар  мен  мұғалімдердің  жүйелі 
ғылыми – әдістемелік зерттеулері басталған болатын. 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім  проблемалары 
институтының қанаты астында ғалым – әдіскерлердің жүргізген 
жүйелі  ғылыми  ізденулері  мен  ұстаздар  мен  тәрбиешілердің 
іске  асырған  эксперименттік  сынақтың  көрсеткіштері  өзінің  оң 
нәтижелерін берді. Соларды талдау негізінде бірнеше бірлескен 
ғылыми – әдістемелік бағдарламалар жасалып, мақалалар басыл-
ды.  Таңдаулы  мұғалімдердің  біразы  алғаш  отандық  оқулықтар 
мен оқу – әдістемелік кешендер жасайтын авторлық топтарға та-
былды. Талантты директор, қазіргі әйгілі Еңбек Ері А.Т. Миразо-
ва басқарған №159 И. Алтынсарин атындағы мектеп – гимназия 
ұжымының мұғалімдері «Білім» ҒПБ бірлестігінің ұйымдастыру, 
эксперименттік  практикалық  және  жұмыстарына  аянбай  арала-
сып, өздерінің әдістемелік шеберлігінің жалпы деңгейін біршама 
жоғарылатты.
ҚазБПИ  жанынан  педагогика  ғылымдарынан  кандидаттық 
диссертация  қорғататын  аймақтық  арнайы  кеңестің  құрылуына 
барынша  күш  салдым.  1993-1997  жж.  қызмет  атқарған  бұл 
кеңесте  –  жалпы  педагогика  және  химия,  биология  және  гео-
графияны  оқыту  әдістемелерінен  30-дан  астам  диссертациялар 
қорғалды.  Оның  жартысына  жуығы  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
ҚазБПИ қызметкерлері болатын. 
Жалпы  және  орта  білім  беруді  реформалау  проблемалары-
на  ерекше  көңіл  аудардым:  жалпы  білім  беретін  мектептерді 
дамыту  және  білім  мазмұнын  айқындау  тұжырымдамаларын 
құруға,  орта  мектептерде  жаңа  базистік  оқу  жоспарын  жасауға 
және жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарын шығаруға 
басшылық  еттім.  Педагогиканың  түбегейлі  басыңқы  пробле-
малары  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  конкурстық 
бағдарламасының орындалуына жауап бердім, дәлірек айтқанда 
Қазақстан  Республикасындағы  Ғылым  Министрлігі  –  Ғылым 

Аманат
138
Академиясы  қаржыландырып  отыратын  «Жалпы  орта  білім 
беруді реформалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбы 
бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тікелей басқардым. 
«ҚР жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтарды 
өңдеу,  құрастыру  және  басып  шығарудың  мақсатты  бағдар-
ламасының» (ҚР №1173 26 қыркүйек 1996 жылғы қаулысы бой-
ынша)  қабылдануына  көп  еңбек  сіңірдім.  Институт  директоры 
ретінде  Республикалық  ғылыми-практикалық  3  конференция 
және білім берудің іргелі проблемалары туралы бірнеше кеңестер 
ұйымдастырдым.  Онда  басты  баяндамалар  жасап,  бірнеше 
шолу мақалаларын жарияладым, соның ішінде Ы. Алтынсарин,  
А. Құнанбаевтардың педагогикалық мұралары жайлы еңбектерім 
де  бар.  «Абай»  журналында  басылған  ұлы  ағартушы  Абайдың 
педагогикалық мұрасына арналған көлемді еңбегімде ең алғаш рет 
дидактикалық тұрғыдан ақынның поэзиясы мен қара сөздерінде 
айтылған кейбір ойларына талдау жасадым. 
Менің тағы бір қомақты педагогикалық талдауым ұлы педагог 
Ы. Алтынсаринның атына тағылған мін – оның «миссонерлігіне» 
арналған.  «Ақиқат»  журналында  тәуелсіздіктің  алғашқы  жыл-
дары  жарияланған  «Ы.  Алтынсарин  миссионер  болған  ба?» 
атты  мақаламда  ұлы  ағартушының  өзінің  еңбектеріне,  тари-
хи  ресми  құжаттарға  сүйене  отырып,  оның  миссионерлікке  ба-
рынша  қарсы  шығып,  шамасы  келгенше  өмірінің  соңына  дейін 
патша  өкіметінің  мемлекеттік  жымысқы  саясатына  айналған 
миссионерлікпен күрескенін дәлелдеп бердім. Ы. Алтынсарин өз 
ұлтының мәдениетін, дінін, қазақтардың тұрмыстық және халық-
тық салт – дәстүрлерін, жалпы құндылықтарын сақтау үшін аян-
бай тер төккеніне баса мән бердім. 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  педагогика  саласындағы  жалғыз 
ғылыми-зерттеу институтының директоры әрі жетекшісі ретінде 
білім  беру  саласындағы  болашақ  мемлекеттік  саясаттың  жаңа 
негіздерін  құратындай  жұмыстардың  басын  біріктіру  үшін  ба-
рынша  күш  салуым  өз  нәтижесін  берді.  Оған  біздер  ұсынған 
алғашқы  Мемлекеттік  Білім  Стандартын  жасау,  соған  орай 
білім  мазмұнына  қойылатын  жалпы  талаптардың  жиынтығын 
оқушылардың  оқу  жүктемесінің  ең  жоғары  көлемін  және 
дайындық деңгейін ұсынуды айтуға болады. 

Аманат
139
Менің  жетекшілігіммен  «Педагогика  теориясы  зертхана-
сының»  қызметкерлері  алғашқы  МБС  негіздерін  және  отан-
дық  Базистік  оқу  жоспарын  дайындап  шығарды.  Соған  орай 
қабылдаған  шешімінің  негізінде  білім  Министрі  М.Ж.  Жұ-
рыновтың  13  наурыз  1996  жылы  қол  қойған  бұйрығымен 
практикаға енгізіле бастады. Осылайша бүгінгі 11 жылдық мек-
теп өз жұмысын бастаған болатын.
ҚазБПИ  ұжымының  және  Ғылыми  –  әдістемелік  үйлестіру 
орталығының  басқада  білім  мекемелерінің  қызметкерлерінің 
қарқынды  еңбегінің  нәтижесінде,  1977  жылы  күзінде,  отандық 
авторлар  жазған  алғашқы  төл  оқулықтар  мен  оқу  әдістемелік 
кешендердің  негізінде  11  жылдық  білім  беру  жүйесінің  1 
сыныбының оқу үдерісін бастау мүмкіндігі туды. Мұндай жаңа 
инновациялық  бағыттағы  ерекше  педагогикалық  ізденістердің 
нәтижесі – М.Ж. Жадринамен бірге жазылған «Мектептегі білім 
мазмұны: проблемалар, ізденулер, келешектер» атты монография-
мыз да жарық көрді.
1996,  1998  және  2002  жылы  ұсынылған  Мемлекеттік  білім 
стандарттарының  бәрін  жасауға  белсене  араластым.  Соны-
мен  қатар  өзіме  етене  жақын  «Химия»  пәнінің  проблемасын 
да  ұмытқан  жоқпын.  Менің  көп  жылдық  қажырлы  еңбегімнің 
арқасында, тікелей жетекшілігіммен әрі авторлығыммен 8,9,10,11 
сыныптарға  арналған  химия  оқу  бағдарламалары  мен  алғашқы 
отандық оқулықтардың, оқу – әдістемелік кешендердің жасалу-
ын  ерекше  атап  өтуге  болады.  Содан  бері  авторлармен  бірігіп, 
химияның 29 пәндік стандарттарымен оқу бағдарламаларын, 36 
оқулық  пен  71  әдістемелік  –  оқу  құралдарын  жазып  шығарып, 
бүгінгі мемлекетіміздің 11 жылдық білім беру жүйесіне енгіздік. 
Әрі  дайындаған  дүниелер  түгелдей  орыс,  қазақ,  ұйғыр  және 
өзбек тілдеріне аударылып басылып шықты. 2004-2007 жылдар 
аралығында олар толығымен ҚР жалпы білім беретін мектептердің 
оқу үдерісіне енгізіліп, еліміздің химик мұғалімдерінің тарапы-
нан оң пікірге ие болды.
Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептері  мен  жоғары 
оқу  орындарының  шәкірттерін  оқытудың  теориясы  мен  әдіс-
темесі  саласындағы  өзекті  проблемалармен  қазіргі  кезде  де  та-
бысты  айналысып  келемін.  Тек  соңғы  он  жылдың  өзінде  орта 
және  жоғары  мектепте  оқыту  технологиясының,  бағдарлы 

Аманат
140
және  құзіреттілікті  оқытудың,  шағын  жинақталған  мектептерде 
оқу  үдерісін  ұйымдастырудың,  университет  студенттерінің  өз 
бетінше орындаған жұмысының проблемалары бойынша ондаған 
көлемді мақалалар жарияладым. «Шоғырландырып – қарқынды 
оқыту»  деп  аталған  авторлық  оқыту  технологиясын  ұсындым. 
Бұл  оқыту  технологиясы  5-6  жыл  бойы  Шу  қаласындағы  және 
басқада республика мектептерінде сынақтан өтіп, мұғалімдердің 
көңілінен  шыққан  жаңалық  болып  саналды.  Жалпы  алғанда, 
менің  жетекшілігіммен  әрі  авторлығыммен  бүгінгі  оқыту 
технологиясының проблемаларын көтеретін : «Оқыту технология-
сын құру мен іске асырудың теориялық негіздері», «Қазақстандық 
авторлардың оқыту технологиялары», «Оқу процесін технологи-
яландыру: қазақстандық тәжірибе» атты 3 монография жарыққа 
шығардым. Бұлар бүгінгі және ертеңгі мектептердің негізгі және 
бейінді  сатыларында  оқу-тәрбие  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру 
үшін аса қажет.
Қазіргі орта мектептің білім беру жүйесінің жаңа негіздерін 
қалау  үшін  еңбек  ете  жүріп,  соңғы  кездерде  жоғары  оқу 
орындарындағы дәстүрлі оқытудың кредиттік жүйеге ауысуына 
байланысты осы бағытта табысты зерттеулер жүргізе бастадым. 
Жаңаша оқытудың өзегі ретінде студенттердің өз бетінше істейтін 
жұмыстарының  бүгінгі  ғылыми-әдістемелік  талаптарға  сай 
келетіндей  жолдарын  іздестірудемін.  Соның  дәлелі  «Кредиттік 
оқыту  жүйесі:  студенттердің  өздік  жұмыстарын  ұйымдастыру, 
орындау, бағалаудың ғылыми-әдістемелік негізі» атты әдістемелік 
құралдың дер кезінде (2007 ж) жарыққа шығуы. 
Әдістемелік  білім  саласындағы  мақтанышым  –  еліміздегі 
орта және жоғары мектептердің оқу үдерісіне – бүкіл әлемге та-
нымал алғашқы ұстазым М.И. Усанович теориясын енгізуім. Бұл 
теория  жай  және  күрделі  бейорганикалық  заттар  химиясының 
қасиеттерін  күні  бұрын  болжап  бере  алатындай  әлеуетке  ие 
екендігін  жариялаған.  Әйгілі  академик  М.И.  Усановичтың 
тәрбиесін  көрген  шәкірт  ретінде  зерттеулерімде  қышқылдық  – 
негіздік  әрекеттесудің  жалпылама  теориясының  мәніне  терең 
бойлап, оны мүлдем жаңа бірнеше теориялық және практикалық 
идеялармен толықтыра түстім. 
Жалпы және арнайы педагогика саласындағы жоғары білікті 
кадрларды  дайындауға  да  ерекше  көңіл  бөліп  келемін.  Менің 

Аманат
141
жетекшілігіммен 1 докторлық және 9 кандидаттық диссертация 
қорғалды,  қазірде  бірнеше  ізденушілер  ғылыми  жұмыстарын 
жалғастыруда. 
Соңғы  жылдары  бірнеше  қоғамдық  жұмыстар  атқарылды: 
Білім  Министрлігі  жанындағы  жалпы  білім  беретін  пәндерден 
ҒӘҮО Президиумының, педагогика ғылымдарынан кандидаттық 
диссертация  қорғайтын  аймақтық  арнайы  кеңестің,  ҚР  Ғылым 
Министрлігі  –  Ғылым  Академиясы  іздену-қолданбалы  пробле-
малары  бойынша  ғылыми-сараптау  кеңесінің  және  термино-
логиялық  Комиссияның  төрағалары;  ҚР  Білім  Министрлігі 
Алқа сының,  Қазақтың  Білім  Академиясы  Президиумының,  ҚР 
ҒА  гуманитарлық  және  қоғамдық  бөлімшесінің,  химия  ғылым-
дарынан  докторлық  диссертация  қорғайтын  кеңестің,  «Зер-
де»,  «Қазақстан  мектебі»  және  «Биология  және  химия»  жур-
налдары  редакциялық  алқасының,  ҚазМУ-дың  терминология 
комиссиясының және химия факультеті кеңесінің мүшелерімін. Әр 
жылдарда Алматы қалалық бақылау комитетінің мүшесі, сондай-
ақ ҚазМУ-дың жергілікті комитетінің мүшесі, химия факультеті 
кәсіподақ ұйымының төрағасы және партия ұйымының секрета-
ры  болдым.  Қазіргі  кезде  Қазақстан  жоғары  оқу  орындарының 
Ассоциациясының оқулықтарына А. Байтұрсынов атындағы ме-
далді беру жөніндегі сараптау комиссиясының төрағасымын.
Осындай адал еңбектеріме бола «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 
«КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен және бірнеше 
мақтау  қағаздарымен  марапатталдым.  Химия  және  педагогика 
ғылымдарының  дамуына  және  Республикамыз  үшін  жоғарғы 
білімді  мамандар  дайындауға  үлкен  үлес  қосқаныма  орай  1995 
жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы 
берілді.  2008  жылы  соңғы  жылдардағы  ғылым  мен  білімдегі 
жетістіктеріме орай «Құрмет» орденімен марапатталдым.
Біздің  әйгілі  университетіміздің  студенттері,  магистрант-
тары  мен  докторанттары!  Сендер  тәуелсіз  Қазақстанның  туын 
көтерген  жаңа  ғасырдың  түлектерісіңдер.  Әрбіреуің  ата-анала-
рыңның арқасында ешбір таршылық, қиындық көрмей өстіңдер. 
Енді химия және химиялық технология саласының маманы болу 
үшін  түбегейлі  білім  алып,  тәуелсіз  Қазақстанның  бір  кірпіші 
болып  қаланып,  армандаған  белестеріңе  жету  үшін  еңбек  етіп 
келесіңдер.  Ұлтымыздың  данышпандары  біздерге  аманат  етіп 

Аманат
142
кеткен  еңбек  етсең  ерінбей,  ешкімнен  кем  болмайтындарыңа 
кәміл сенімдісіңдер. 
Сендер  ғылымдардың  барлығы  дерлік  шарықтап  дамып, 
адамзат  қоғамының  өң  тұрмақ  түсіне  кірмеген  биік  белестерге 
көтеріліп, жердің де көктің де құпиясын біртіндеп ашып, қажетіне 
жаратып жатқандарының куәсісіңдер. Олай болса, өмірде көріп, 
орта  мектепте  танып,  университетте  алған  білімдеріңе  сүйеніп, 
алға қойған биік мақсаттарыңа сендер де қол жеткізе аласыңдар.
Ұлы әл-Фараби бабамыз «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру 
арқылы жетеді» деп әлденеше ғасыр бұрын айтып кеткен. Тео-
рияны практикамен байланыстырып, химиядай ғажап ғылымның 
құдіретін түсініп, дағдыланбасаңдар кейін маман болғанда талай 
қиындықтарға тап боласыңдар.
Өз  өмірлік  тәжірибеме  жүгінсем,  атақты  химия  факультетін 
осыдан жарты ғасыр бұрын бағым жанып, 5 емтихан тапсырғанда 
25 балл жинаудан басталды. Қабылданатын 50 студенттің 32-сі ал-
тын және күміс медалдің иегерлері ретінде химия пәнінен өздерінің 
сенімді  білімдерін  көрсетіп,  тың  жерге  көмекке  кетіп  үлгерген 
екен. Олардың көбі орыс тілінде білім алған Алматы қаласының 
мектептерінің  түлектері  еді.  Сырттан  келгендердің  жалпы  саны 
13-ке әрең жетті. Міне, осындай ортаға тап болған намысты ауыл 
баласының  түйгені:  «Рахат  іздесем  бейнетінен  қорықпайын, 
қуаныш іздесем қайғысынан қашпайын» деген ой болды.
Студенттік өмірдің бірінші күндерінен-ақ Балқаш қаласынан 
келген, металлургтер отбасынан шыққан Әмел Қарсыбеков атты 
замандасыммен тіл табысып, сабаққа бірге дайындалуды ережеге 
айналдырдық. Екеуміз де қазақ мектебінің түлегі болғанымызбен 
орыс  тілінен  түсінігіміз  жоғары  еді.  Күн  сайын  жұп  болып 
еңбектеніп, бірмізге біріміз сұрақтар қойып, есептер шығарып, әр 
күніміздің бір сағатын да бос жібермеуге дағдыландық. Ол кезде 
тек емтихан билетін алу үшін алдымен 5 есеп шығарып, біліміңе, 
білігің сай екендігін көрсету міндетті саналатын. Сол талаптарға 
бәріміз де шыдап бақтық.
Менің студенттік өмірімдегі үлгімді қолдансаңдар, білім алып 
білікке  жету  дегеннің  адал  еңбекпен  келетінін  байқайсыңдар. 
Әсіресе  өзім  таңдаған  физикалық  химия  кафедрасының 
ұстаздары  теориялық  білімді  игерумен  шектелмей,  семинар 
сайын  әрқайсымызды  тақта  алдында  есептер  шығаруға  баулуы 

Аманат
143
көп дүниенің көзін ашты. Нағыз химик болу үшін зертханалық 
жұмыстарды сапалы орындау міндетті екендігін бейорганикалық 
химия кафедрасының табалдырығын аттаған күннен- ақ түсіндік. 
Сондықтан болар ауыл мектебінде ешбір зертханалық жұмыс жа-
сап  көрмеген  біздерге  әрбір  тәжірибе  мен  эксперименттің  мән-
мағынасын түсіну «нағыз химияға» жол ашты.
Менің сендерге айтар тілегім-Бүгінгі күн талаптарының оқып-
білім алып, білікті болып, кәсіби құзіреттіліктерге қол жеткізуге 
міндетті  әрбір  студент  жекешеден  гөрі  қалыптасқан  жұптық 
жұмыс  істеуді,  тіпті  топтық  еңбек  етумен  жалғастыруға  бірден 
көше бастауы тиімді. Таяу жылдарда әйгілі, аса жоғары рейтингті 
Лондонның  Корольдік  университетіне  білімімізді  көтеру  үшін 
университеттің озат ұстаздарының қатарында болып, оқытудың 
заманауи  әдіс-тәсілдерінің  қолданылуын  көріп  түйгенім  көп 
болды. Ең бастысы, университет табалдырығын аттаған күннен 
бастап  зертханалық  жұмыстарды  сапалы  орындай  жүріп,  олар 
екінші және үшінші, курстардан-ақ нақты мақсатты еңбек етуге 
бағытталатынын  байқадық.  Тіпті  теориялық  химияның  өзінің 
ғылыми проблемаларынан гөрі практикалық – зертханалық жаңа 
тапсырмаларды өз бетінше орындау – студенттердің біліктіліктерін 
дамытып,  болашаққа  қажетті  кәсіби  құзіреттіліктерін  шыңдай 
түсетіндігі байқалды. Бір топтағы студенттердің бәрі бірдей тап-
сырма  алғанымен  оларды  проблема  ретінде  шешуге  келгенде 
әрбірінің өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктері анық байқалып 
тұратындығы  таң  қалдырды.  Күрделі  кешенді  қосылыстардың 
өзін  алдымен  компьютер  арқылы  жан-жақты  зерделеп,  оның 
кеңістіктік  пішіндерін,  әрқилы  ерекшеліктерін  химиялық 
қасиеттеріне  сәйкестендіре  алудың  алгоритмінен  бастап,  әрмен 
қарай  есептеулер  арқылы  өз  тақырыптары  бойынша  проблема 
шеше алатындығы тәнті етті. 
Мұндай  заманауи  зерттеулерді  біздің  жалпы  және  бейорга-
никалық  химия  кафедрасында  да  университетіміздің  бірінші 
проректоры әйгілі ғалым, академик М.М. Бүркітбаевтың шәкірт-
терінен  де  көрулеріңе  болады.  Сендер  оқулықтағыны  білу 
жеткіліксіз,  білгенді  іске  асыру  маңыздырақ  екендігін  естен 
шығармаңдар. 
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің  сек-
сен  жылға  таялған  тарихында  химиктер  дайындайтын  әйгілі 

Аманат
144
факультет  ретінде  танылған  білім  мен  ғылымның  ордасына 
айналғандығын  мақтанышпен  айтарлыққа  тұрарлық.  Жарты 
ғасырдан аса сүйікті факультетімнің студенті, аспиранты, педаго-
гы ретінде ғылым мен білімнің саласында үзбей еңбек ете жүріп 
қанша биік белестерді бағындырғандығымды мақтанышпен айта 
аламын.  Кеңестер  Одағына  танымал  әйгілі  аға  буын  өкілдері 
академиктер  А.Б  Бектұров,  М.И.  Усанович,  Д.В.  Сокольский,  
М.Т. Козловский бастап, оларды қоштаған атақты ұстаздарымыз, 
Ұлттық Академияның корреспондент мүшелері Б.А. Бірімжанов, 
О.А. Сонгина, Т.К. Шомбалов, тағы басқалар әрқайсысы өз сала-
сын дамытып Кеңестік деңгейге көтерілгеннің куәсі болдым. 
Біздің  факультеттің  ертеден  келе  жатқан  басты  ұстанымы 
ғылым мен білімді, өмір мен өндірісті т.б іргелі салалардың за-
манауи  проблемаларын  шешуге  бағытталғандығы  белгілі.  Оған 
қазіргі кезеңде ғылым мен білімді ұштастырған бірнеше ғылыми 
институттардың жетістіктері Қазақстанның шеңберінен шығып, 
әлемге  әйгілі  бола  бастайтындығынан  көрінеді.  Біздің  ұжым 
көптеген  шетелдік  мекемелермен  тікелей  байланыс  орнатып, 
өздеріне қажетті проблемаларды бірге шешуге дағдыланған. 
Қазіргі  факультетіміздің  жаңа  зәулім  ғимаратқа  ауысуы 
болашақтан  үлкен  үміт  күттіретіні  даусыз.  Жаңарған  химия 
және  химиялық  технология  факультетінің  ғимаратының  ашы-
луына ең алдымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың келуі біздің жаңа 
зертханаларымыздың  аспаптармен,  қондырғылармен  жабдық-
талуына ризашылық білдіріп, жуық болашақтағы даму бағытына 
көңіл  бөлгені  бүкіл  ұжымның  мерейін  үстем  етіп,  алдыңғы 
қатардағы  ғылым  мен  білімнің  ордасы  болуымен  қатар,  алыс-
жақын  шетелдерден  тиянақты  зерттеулерге  араласуы  арқылы 
өзіміздің  жетістіктеріміздің  игілігіне  жаратуына  жаңа  серпін 
беретіндігін ашып айтты. 
Қымбатты  химия  және  химиялық  технология  факультетінің 
студенттері! 80 жылдық тарихы бар біздің ғылым мен білімнің 
ордасының  болашағы  сендерге  үлкен  үміт  артып,  күн  санап 
қарыштап алға басып, ғажап жетістіктерге қол жеткізіп, тікелей 
ұстаздарыңмен  бірлесе  еңбектенуге  ынта  өздеріңнен  туындауы 
тиісті  екендігін  айтайын.  Ең  алдымен  өздеріңе  сенуден,  еңбек 
етуге  бет  бұрудан  бастаңдар.  Әрқайсың  қайратыңа  сай  бүгінгі 
заманауи  технологиялардың  әдіс-тәсілдерінің  тиімдісін  таңдап 

Аманат
145
алып  жасаңдар.  Ақылыңа  сай  зертханадан  үйренген  білігіңе 
сүйеніп,  жұп,  топ,  кішігірім  ұжым  болып  кірісіп,  апта  сайын 
өзіңе өзің есеп беріп, жоспарыңның қаншалықты орындалғанына 
баға  беруге  дағдыланыңдар.  Егер  жоспарың  бірден  іске  аспаса 
келесі аптада аяқтауға болатындығына күмәнданбаңдар. Кеткен 
кемшілік,  жетімсіздіктеріңді  қайтара  талдасаң,  шешімі  табыл-
майтын  жаттығулар  да,  есептер  де,  зертханалық  жұмыстардың 
болмайтындығына  көз  жеткізесіңдер.  «Мен  ешбір  курстаста-
рымнан  кем  емеспін»  дейтін  сөз  іштей  намысты  жанып,  алға 
жетелейтіндігін ұмытпаңдар. 
Факультетіміздің  әрбір  кафедрасының  аты  әйгілі  ұстаз-
дарымен,  озат  педагогтарымен  біртіндеп  танысуды  алғашқы 
студенттік күндеріңнен бастаңдар. Сендердің тілектеріңе, ниет-
теріңе,  ынталарыңа  ұстаз-ғалымдар  ешуақытта  қарсы  кел-
мейді.  Өздеріңді  қызықтыратын  сұрақтарды  күні  бұрын  дай-
ындап  қолдарына  жазып  берулеріңе  болады.  Мұндай  шағын 
топтық  кездесулерден  соң,  ұялмай  ұстаздарыңмен  араларыңда 
туындаған проблемеларды шешу жолдарының бірнеше бағытын, 
әдіс-тәсілдерін,  мүмкіндіктерін  өздерің  де  ұсынуға  машық-
танатын  боласыңдар.  Ата-бабаларымыз  айтқан  «Адамның 
күні  адаммен»  деген  қағидаға  лайықты  ұстаздар  қуанышы 
шәкірттердің  жетістіктерімен  ұштасып  жататындығына  көз 
жеткізесіңдер. Білікті болу дегеніміз ізденіп, ерінбей еңбектеніп, 
жаңа  тақырыптарды  игеріп,  әрмен  қарай  экспериментпен 
жалғастырғанда  ғана  өздерің  де  ірілі-ұсақты  «жаңалық  ашуға» 
қабілетті бола бастайсыңдар. «Талантқа қанат болар, сезім емес 
сенім болу керек» деген заңғар жазушымыз ұлы Ғабит Мүсірепов 
аталарыңның айтқандығына өздерің көз жеткізесіңдер.
Тоқсан  ауыздың  тобықтай  түйіні  болады.  Біздің  универ-
ситеттің  профессоры,  әлемге  әйгілі  ұлы  жазушы  М.  Әуезов: 
«Істің  өнуі  үш  шартқа  байланысты:  ең  алдымен  ниет  (педаго-
гика тілімен айтқанда «ынта»), одан соң күш, одан кейін тәртіп 
керек»  деген.  Заңғар  ғалым  –  педагогтың  қанатты  сөздерін 
басшылыққа  алсаңдар,  әрбір  күні  орындайтын  жұмыстардың 
жоспарын,  игерілетін  істеріңді  еңбектенумен  көрсеткенде 
ғана  құзіреттіліктерің  мен  қабілеттеріңді  дамытатындарың 
сөзсіз. Осының арқасында әрқайсысыларың біртіндеп сан түрлі 
табыстарға қол жеткізетіндеріңе ешбір күмән тудырмаймын. 

Ұстазы Бірімжанов Б.А. пен аспирант Нұрахметов Н.
 Кеңестер Одағының атақты термодинамика саласының ғалымы
 Карапетьянц М.Х пен Нұрахметов Н, ғылыми сұхбаттасуда

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлерімен бірге
Химия факультетін бітіретін жыл (айрылмас достар) 
Н. Нурахметов, Т. Жармағамбетов, С. Нуркеев, Ә. Қарсыбеков

Аманат
148
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет