Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор


МАРхАБАЕВ  Абдул – хамид Файзуллаұлы



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата14.02.2017
өлшемі3,67 Mb.
#4089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МАРхАБАЕВ 
Абдул – хамид Файзуллаұлы
Мархабаев  Абдул  –  Хамид  Файзулла  ұлы  (18.04.1938  ж.т., 
Қызылорда  обл.  Арал  ауд.Ауан  а.)  –  Қазақстан  Жазушылар 
одағынын мүшесі (1973), филол.ғыл. док. (2001) , проф., ҚР Білім 
беру  ісінің  құрметті  қызметкері  (2009),  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  және  әл-  Фараби  ат.ҚазҰУ-нің  үздік  окытушы-
сы (2011). ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ) филол. фак. (журн.бөлімшесі) 
бітірген  (1964),”  Білім  және  еңбек”  (кейін-“Зерде”)  журна-
лында  әдеби  қызметкер,  бөлім  меңгірушісі  (1964-67)  ,  ҚазҰУ 
–да  ассистент  ,  аға  оқытушы  ,  доцент  (1967-76),”Білім  және 
еңбек”журналының Бас редакторы ,” Жаңа фильм“журналының 
аға редакторы (1976-81), Қазақ ССР-і Баспа , полиграфия және 
кітап саудасы істері жөніндегі мемл, к-ті Бас редакциясының аға 
редакторы  (1981-85),  “Қазақ  әдебиетіндегі  фантастика  поэтика-
сы” деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған.
Аудармашы  М.-тың  шығармашылық  қарымы-бір  төбе. 
Вл.Михановскийдің  “Шексіздікке  шеру”  (“Жазушы”,2009)  ро-
маны,  “Фантастикалық  Америка  әфсанасы”  (“Аударма”,2007) 
“Әлемдік фантастика жауһарлары” (“Астана”,2009) тәрізді жеке-
жеке жарық көрген кітаптары таныс болуы тиіс.     Автор өзінің 
саналы  өмірінің  негізгі  бөлігін  оқу  –ағарту  әлемінде  қызмет 
көрсетуімен  келеді.  Ол  қызмет-Қазақ  мемлекеттік  (қазіргі-
ұлттық) университеті журналистика факультетіндегі ұстаздығы.      
Болашақ  журналистерге  тасқа  басылған  сабақ  пошымында 
боларлық “Ислам=Ғылым +Журналистика” (“Тауар”,1996) “Қазақ 
фантастикалық әдебиеті” (“Ана тілі”,1998), “Ислам ілімі –Ғылым 
алгоритмі” (“Үш қиян”,2005. А. Құрманбаевамен қосылып) т.б. 
кітаптарын шәкірттер  оқу құралдары дәрежесінде пайдаланады. 
 

Аманат
111
«кІтАбыныҢ тИРАжынАн   
ШәкІРтІ көп жАзуШы»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А
рал  теңізінің,  қайран  Қалағаңның  (ұлы 
драматург 
Мұхамеджанов) 
сүйікті 
сөз-мақалы  –  «жыланның  тіліндей» 
Көкаралдың  батыс  шекесіндегі  Ауан  ауылында 
Жюль  Верннен,  110  жыл  «кешігіп»  дүниеге  кел-
ген.  Әкесі  мен  шешесі  шаласауаттылықтан 
«бірінен бірі өткен» көрінеді. Қазірде біреулер «на-
убай» атап жүрген өзбек сөзі емес, қазақша нан-
байхана  пешінің  көмекейінен  ақ  көмеш,  қараша 
көмештер  көсеп  шығаратын  қалақтан  басқа 
құралды білмеген, мылтықтың дүмі мен оқпанын 
ажыратудан  мақұрым  Файзулланы  Мыңжылдық 
Рейхтың фашистерін «баудай түсіруге» майданға 
алып кетеді. Содан, әрине, аман оралған жоқ. 
Оның  есесіне  аналары  Сұлтан  қызы  Сәби  бейбіт  жылда-
ры,  төрде,  мірдің  оғындай  қадалып,  малдастап  отыратын,  енді 
майдандағы  шаңырақ  иесінің  жоқтығын  білдірмеді.  Алды  –  он 
бес-он алтыдағы, кенжесі – «арпа ішіндегі бір бидай», төрт ұлдан 
кейінгі құрсақта қалған жалғыз қызды асырап-бағып, «әкесі жоқ 
– тас жетім» деген қазақ даналығын ақтай алған. 
 Өмірнаманың негізгі кейіпкері қазіргі шағына дейінгі жетпіс 
бестің алғашқы он жылын Ауанда өтіп үлгерген. Арал қалалық 
Т.  Г.  Шевченко  атындағы  №13  мектептің  бастауыш  класында 
(нақтылы  неше  екенін  тап  басып  айта  алмайды)  оқи  бастады. 
«Біреуден – артық, біреуден – кем» дегендей, Жоқ олай емес, 6 
класта Құдай «тас төбесінен ұрды»!
...Отыз  шақты  балдар  өз  парталарына  жайғасқан.  Орыс  тілі 
сабағы  мұғалімді  бәрі  «Фимин  Афанасьевич»  дейтін:  Белотел-
кин. Парта аралап, өткенде үйге берілген тапсырмалар жазылған 
дәптерлерді  балдардың  қасында  тұрып,  парақтап  қарау  –  әдісі. 
Кезек  бұған  келгенде,  бұның  кең  көз  дәптерінің  ішінде  бір 
сөйлем  жоқ!  Мұндайда  ағайдың  «ауруы»  –  оқушы  балалардың 

Аманат
112
(сол  кезде  ұл  мен  қыздар  бөлек  оқылатын)  жауырын  астынан 
шымшып,бұрап  алатын.  Бұған  да  сөйтті.  Мұның  жаны  көзінің 
ұшына келді. Онымен қоймай, ағай сол оқушысының жауырын 
астындағы көк етінен бүрген күйі, орнынан тұрғызды.
Кластан шық! Ертең ата-анаңды әкелмесең – келме! – деді! 
Бұл –  апай, ағайлар жиі қолданатын әдіс. Оған мұның еті өліп 
кеткен. «Ләм-мим» демеді. Сол тұрған бойы партасының астына 
қолын сұғып жіберіп, бір-екі кітап, сонша дәптерін жинап, кенеп-
тен тіккен ала дорбасына салды да, сыртқа қайқайып жүре берді...
Сол кеткеннен мол кетті. Үйде ата қайда?! Шешесі, екі аға, 
бір  іні,  бір  қарындас.  Сол  кезде  «трудармия»  дегенді  жиірек 
еститін.  Өзінше  құдды  бір  тозақ  көретін.  Ал,  мектеп  ол  үшін 
–  сол  тозақтың  арғы-бергі  жағы...  Қойшы,  екінші  тоқсанның 
бас  жағында,  Аралдың  қақаған  аязында  өзін  еркіндік  алғандай 
сезінді. Рас, күнде таң алакеугімде екі ағасының бірі, ұлы айқай-
ұлы  шумен  киімін  кигізіп,  ала  дорбасымен  сүйрелеп  шарбақ 
ішіне  шығарады.  Мектепке,  сабаққа  күштеп  апармақ  –  түрлері. 
Бұл сол сәтте ауыл-аймақты «басына көтеріп», ұлы жыласқа ба-
сады. Оған шешесі шыдасын ба? Шамалыдасын үйден шығып, 
бұны емес, үлкен ұлдарын қарғап-сілеп, жып-жылы «құттықана 
мешітіне» қайта әкеледі...
Ал,  ағалары  жұмысқа  кеткесін,  бұл  сарайдағы  төрт-бес 
кептерін қуалаумен айналысады. Қызық қой!.. Сонымен, екінші 
тоқсан  да тақалып  қалған  екен!  Бір  күні  үйіне  класс жетекшісі 
–  соғысқа  бір  аяғын  тізесіне  таман  беріп  келген,  қос  балдақты 
Иманғали  Сатаев  ағайдың  келгені.  Шеше,  ағаларына  үлгірім 
жөніндегі мұның оқу ведомосын көрсетті. Табельге салса, өткен 
екі тоқсан бойы бірде бір үштігі жоқ және сабақтан қалмаған бо-
лып  шыққан!  Бұдан  артық  не  қуаныш  керек?!  Бұл  да  кластағы 
отыз баланың ешқайсысынан кем емес екен! Тіпте, олардың өзіне 
белгілі кейбір көкжалқаулардан артық болмаса!..Ол жаңа жыл ка-
никулынан кейін мектепке баруға уәде берген.
Класс  жетекші  дән  риза.  Мұғалім  Киров  көшесі,  2  үйден 
шыққан бойда, бұл да далаға асыққан. Қысқы каникул ғой. Бал-
дар көшеде, қатқан мұзда асық ойнап жүрген шығар... 
Ойлағанындай  боп  шықты.  Шынында  да  –  солай.  Үш-төртеуі 
асықты «беріп жатыр». Бұл да кірісіп кетті. Шамалыдасын әлгіндегі 
«басынан кешкендері» ішіне сыймай, «другтеріне» жайып салған. 

Аманат
113
Каникулдан кейін мектепке баратынын айтты. Үлкендер секілді зы-
миян емес, балдардың ойына келгені тілінің ұшында тұрады емес 
пе? Кластасы, сойырғас Жақсыбай Досманбетов қарап тұрмай:
– Енді оқуға қайтып барғанда, не абырой табасың? – демесі 
бар ма? Мұның ойына «сап» ете қалды: айт-айтпаса да не абы-
рой  алады?!  «Сонымен,  «абыройын  сақтап»,  мұнымыз  мектеп 
қарасын көрмей, келесі оқу жылында өзінен төменгі кластастар 
партасына отырады...
Дүниеде де, өзінде де ештеңе болмаған секілді. Сабаққа келеді 
– кетеді. Үзілісте де, үйге қайтып баратқан жолда да, ауылында  – 
Сойырғас  төбеде  де    –    ойын.    Ағай,  апайлар,  кәрі  түсіп,  бұған 
шүйлігіп,  кешегі  тапсырманы,  Құдай  төбеден  ұрып,  сұрай  қала-
тындары бар. Сонда бірдеңе-сірдеңелер жауап бергенсиді. Әйтеуір, 
жауабына «төрт» не «бес» қойған мұғалімді көрсе  –  көзі шықсын!.. 
Дегенмен,  күндердің  күнінде  алгебра  сабағынан  бақылау 
жұмысы  болғаны.  Ағайдың  аты-жөні  әлі  есінде:  Рахат  Бисен-
бин. Оны ұмытпақ та емес! Өйткені: келесі күні ағай бақылаудың 
қорытындысын хабарлады. Журналда фамилиясы бірінші тұрмаса 
да, ағай әуелі оның атын атады. Бұл орнынан түрегелді. «Тағы не 
бүлдірді екен?» Кенет бұның құлағы аспаннан жай түскендей, тас 
бітеліп қалғаны. Есіткені: тек өз фамилиясы! Оның үстіне: «бес» 
деген!..  Тағы  да    –  өмір-бақи  үйде  де,  түзде  де  естіп  көрмеген 
(оған иегі де қышымайтын) мақтау сөздер!.. 
Партасына қайта отырғанда да бірдеңені түсініп жарымаған. 
Тек  алгебра  біткесін,  үзілісте  ғана,  әшейінде  оншама  жуыса 
қоймайтын  балдарға  дейін  өзінің  қасына  үймелегенін  біледі. 
Өмірде  болмаған  нәрсе    –  кейбір  балдар  қолын  алып,  қысып, 
сілкілеп: «Қатырдың!», «Мәледес!» – десіп жатыр. Ал, қашықтау, 
алдыңға  партаны  бермейтін  «тұрақты,  үздіксіз  озат»  қара 
баланың: «Жалғыз-ақ «бес» қойғаны несі ағайдың?!» – деп күңк 
еткенін есіткен жоқ еді... 
Бұның  он  жыл,  жоқ,  бір  жыл  кептер  қуып,  сабаққа  бармай 
қалғаны бар, сонымен қазіргі тәртіп секілді, әлде осындай жолды 
«өзі көрегендікпен «салып кетті ме – «он бір жылдық» мектепті екі 
түрлі «стильмен» бітірген. Оны бүгінде ғалымдардың тарихи фор-
мацияларды жіктегендеріндей қылсақ, «Рахат Бисенбинге дейінгі» 
және «Рахат Бисенбиннен кейінгі» дәуірлер деп бөлудің қисыны 
келер.  Өйткені:  әлгі  айтылған  алгебрадан  бақылау  жұмысынан 

Аманат
114
өміріндегі тұңғыш «бес» алғаннан кейін біздің кейіпкер «нілдей 
бұзылып сала береді». Бұл жердегі «бұзылу» жағымды түрде ай-
тылып отыр. «Күш салғанға «бестің» ауылы алыс емес екен ғой», 
«отличник» болуы тек Қардан Баймұратовтарға жазған ба?!» де-
гендей ойлар мұның «миын қажай» бастады.
Сегізінші  класта-ау  дейім,  балалардың  өзін  сыйлай 
бастағанын  сезетін  болды.  Ал,  қыздар...  Жоқ,жоқ,  ол  кездері 
олар бөлек оқитын. Сабақтан кейін Сойырғас төбедегі көшелес 
«другтердің»  ойынға  шақырғандарына,  сылтау  тауып,  баруды 
сирете  берді...  Енді  бүйрегі  көбіне-көп  математика,  физикаға 
бұратынына  өзі  де  таңқалуды  қойды.  Ара-арасында  қазақшаға 
көп  аударылған  шетелдік  қызық-қызық  хикаяларды,  соғыс 
кітаптарын  «Балықшылар»  клубы  жанындағы,  теңіз  жиегіндегі 
жапырылған  екі  бөлме,  бір  дәлізді  үйдегі  кітапхананы  да 
жағалауды шығарған...
Мұндай  «қылықты»  әдетке  айналдырта  бастаған  бір  нәрсе 
–  оның  оғаш  ермек  тауып  алғаны.  Ол  кездерде,  «соғыстан  аман 
қалған өмірім – олжа» деп, жеңістен соңғы он жылдан кейін де сол 
«олжаны» «жууға» ересектер үйірсектеу еді. Тағы да: «Арақ іше 
алмасаң,  өспейсің»,  –  дегендей  «мода»  қалыптасқандай  секілді. 
Әрине, мұндай ортада газет, журнал оқу оншама үрдіс болмаған. 
Бірақ та біздің кейіпкеріміздің бағына қарай, өзі қабырғаға ілулі 
физикалық картадан дәл табуы екі талай, кәдік Алматыдағы ақылды 
ағалар бұрқыратып кітап басып шығарғандары үлкен игілік болған. 
Ал, газет, журналдар ұшыраса бермейтін. Сізге – өтірік, маған – 
шын:  бұлар  мектеп  бітіргенге  дейін  не  класта,  не  көшеде  ағай, 
апайларының қолдарына газет, журнал ұстап жүргендерін көрген 
емес. Тіптен, ондайларды сататын кішігірім дүкендер бар-жоғын 
да білмейтін. Бірақ, о ғажап, «Қазақстан пионері» газетін үйге жаз-
дыратын! Ара-тұра «Пионер» журналы көзге түсіп қалатын.
Енді бұлардан асқан қызық жоқ! Соларға үйір балалар ертеңгілік 
дене  шынықтыру  жаттығуларын  жасауды  шығарды.  Аралдың 
қақаған қысында кейбіреуі тұмау тиіп жатқандарына қарамай шарбақ 
ішінде жаңа жауған қармен ысқыланады. «Ұзақ өмір сүремін», деп 
ет жеуден бас тартқандары да бар... Қысқасы, бүгінде ресми түрде 
«бұқаралық  ақпарат  құралдары»  аталып  жүрген  мерзімдік  басы-
лымдар әлгіндей, пайдалы болғаны қаншалықты екені – қайдам, де-
генмен, зияны тимейтіндей ықпал жасаған...

Аманат
115
Ал,  біздің  кейіпкерге  олардың  (әсіресе,  «Қазақстан 
пионерінде»)  ішінде  «Демалыс  сағатында»  деген  секілді  ай-
дармен  соңғы  беттеріне  басылатын  кроссворд,  чайнвордтар 
ұнайтын.  Қадалып  отырып,  соларды  шешетін.  Жауабын  таба 
алмағанда,  міне,  сол  кезде  «Балықшылар»  клубы  жанындағы, 
теңіз жиегіндегі жапырылған әлгі екі бөлмелі, бір дәлізді үйдегі 
кітапханадан бір-ақ шығатыны – сол.
Ол кездегі Архимед емес, қазақтың: «Есеп білмеген  – есек», 
–  дегенін  балдардың  бәрі  біледі.  Ол    –  дәлелденген  постулат. 
Сондықтан  ендігі  жерде  Бисенбин  ағайдың  сабағынан  әлгі 
бағадан төмен түспеу керек болды. Амал жоқ, бұған солай етуге 
тура келді. Енді аспандағы   – кептер қуу мен жердегі асық атуға 
«жұмсалатын  уақыт  бюджеті»  қысқара  берді,  қысқара  берді. 
Олардың орнын алгебра, геометрияның «ізін ала» физика, химия, 
тіпте оншама суқаны сүйе бермейтін тіл мен әдебиет, қысқасы, 
сабақ кестесіндегі барлық пәндер басты. «Төрт» пен «беске» еті 
үйрене  бастады.  Жалпы,  төртінші  тоқсанның  аяғында,  жылдық 
қорытындыда «ударник» деген тізімге ілікті. Бұл -жиырмасыншы 
ғасырдың бірінші жартысынан екіншісіне көшкен «өлара» жаздық 
каникул кезі. Бәрінен бұрын бұл әлемдік фантастиканың негізін 
қалаушылардың бірі – Александр Беляевтің бақилық болғанына 
он жыл толған – 1952 еді. Және америкалық әйгілі прозашы кіші 
Воннегут тұңғыш «Механикалық пианино» және француз Пьер 
Буль «Квай өзені үстіндегі көпір» атты классикалық романдарын 
бастырып шығарған-ды... 
Өте ертедегі есті ойшылдардың бірі: «Ғылымдар атасы – ма-
тематика»,  -  деген  екен.  Соның,  «магнит  өрісі»  оныншы  класс 
оқушысын талай өзінің ырқына көндіріп алғандай еді. Оның ба-
сты себебі – жаңа мұғалім Ебейсін Исаев. Бір жағынан аудандық 
Пионерлер  үйінің  директоры  екен.  «Әп»  дегенде-ақ  өзінің, 
біздің ауылда болмайтын, кітаптарда ұшырастырып жүретін, ақ 
қайыңдай, денесін тік-тік ұстаумен, айтқан сөздері, мық шегедей, 
құлағыңа  қадала  қалатын  мәнерімен  ерекшеленген-ді.  Одан  да 
өзгешелігі бұрынғы басқа ағай, апайлар – химик-апай – химия-
сын, физик-ағай – физикасын т.т.б. тек қана өз сабақтарының ая-
сынан шықпайтын. 
Ал,  жаңа  математик  ағай  мүлде  олардай  емес.  Әдебиет 
апайдың  сабағына  да  «бас  сұғып»  кетіп,  осы  күнгі  жазушы, 

Аманат
116
ақындар жөнінде де білгендерін бұларға жеткізетін. Соған қоса 
синус, косинус, тангенс, котангенс, логорифмдердің таңбаларын 
тақтаға  өзінің  әдемі  әріп,  цифрларымен  мөлдіретіп  жазғанда, 
зерделі  балдар  бұ  дүниеде  геометрия,  тригнометриядан  басқа 
әлемді  ұмытқандай  еді.  Бір  күн:  келген  бойда  тақтаға  бормен 
«Mazx» дегенді жазғаны. Кластағылар аң-таң. Әрине, о кездері 
сабақ кестесіндегі неміс тіліне оншама зейін қойыла бермейтіні 
белгілі..  Сондан  ағайлары  түсіндіргесін  ғана  ол  жазу  «кәдімгі» 
Маркс  екенін  білді.  Мұның  өзі  тарих-ағайдың  есіне  келмейтін 
сабақ екеніне біздің оқушының кейінірек көзі жеткен...
Ебейсін ағай келген бойда бірінші партада отырған, көзқарасы 
«нахальныйлау»  осыған  қарағыштай  берген.  Бір-жар  аптадан 
кейін,  сабақтан  соң  «Пионерлер  үйіне  кел»  деген.  Бұл  барған. 
Мектепте  соңғы  класта  ағайының  беретін  сабағының  аты  - 
«Тригонометрия  қолданылатын  геометрия»  Оныншы  класстағы 
пәндердің  ішіндегі  қиыны.  Оның  есеп  кітабының  қалыңдығы 
қылдай болғанымен, әр есепті шешу – бір ақырзаман.
Ал,  біздің  бала  болса,  сол  «жыланның  тіліндей»  деп  Қал-
ағаң  есептейтіндей,  жұп-жұқа  кітаптағы  есептерді,  әлі  сабақта 
өтпей  жатып,  бір  дәптеріне  түгелдей  шығарып  қойған,  онысын 
мұғаліміне көрсеткен. Кейін бақылау сабақтарында қалғандардың 
есептерін  тексеруге  үйіне  әкетіп,  мұның  дәптеріне  сол  бойда, 
класта, қарамай-ақ, барлық жұрттың көзінше  «См.5» деп қолын 
қоя салатын болды...
Бір-жар  жетіден  кейін  ұстазы  Пионерлер  үйіне  шақырғанда 
барғанда,  қолына  қалыңдығы  екі  еліден  асатын,  мұқабасы 
жұмсақ  кітапты  ұстатты.  Москва  мемлекеттік  университетіне 
түсуге талапкерлерге келген математикалық есептер мен олардың 
шешімдерінің жинағы екен. Сосын ағайы: «Қалған күндері осы-
ларды шығара бер», - деді...
Алтын  медальға  дәмелі  бұл  енді  қазақ  және  орыс  әдебиеті, 
тарих,  химия,  физика  тағы  не  «бәрі»...  қойшы  сол  сабақтарды 
блайғойып, мына, тысқы көкшіл қаптамасы былқылдақ кітаппен 
айналысқан. Ендігәрі тек қана математик  болатынына, өзгелер 
түгіл, өзі де сенімді...
 «Талағында биті бар» жасқа өзінің мамандығына баурай білетін 
сол оригинал Ебейсін Исаев ағайы қарапайым қатардағы оригинал 
– ұстаз. Мектеп мұғалімдерінен жиырма жылдан астам Қызылорда 

Аманат
117
облысының ең ірі Арал ауданының оқу бөлімінің меңгерушілігіне 
дейінгі қызмет атқарды. «ҚР білім беру ісінің үздігі» «Қазақстан 
Республикасы мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім» аталды. Біздің 
кейіпкеріміздің  келе-келе  филология  докторы,  журналисти-
ка  профессоры,  қиялгер-жазушы  болуына,  сырт  қараған  көзге, 
математиктің қатысы жоқтай көрінгенмен, іс жүзінде тікелей бағыт 
сілтеген сол – Ебейсін Исаев ағайы басты себепкер болғаны оның 
осы очерк кейіпкері Құбылаға қарап айтар еді!..           
Бүгіндері  өмір  «өзінің  маңдайына  жазған»  жолмен  жүріп  жа-
тыр. «Қазғарыш» агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың «Біздің 
мәліметтерге сәйкес, сол қанаттағы 81-алаңнан ұшқан зымыранның 
10-15 секундтен кейін 1 – сатысының қозғалтқышы істен шыққан 
салдарынан  зымыран  жерге  құлады.  Бортында  600  тонна  гептил, 
амил, керосин мен оттегі болды... Соның негізінде аспанға топырақ 
тәрізді жер массасы көтеріліп, сары-қоңыр түсті бұлт түзілді. Ол аса 
қауіпті емес» [Түркістан – 2013 – 4 шілде], – дегені бар...
Осынысы  рас  болса  –  рас  шығар.  Өйткені:  Премьер-министр 
үкіметтік комиссия құрып, тексеру қажетттігін айтқанда, Ресей мен 
Қазақстанның «екі-жақты», «шөре-шөре» ғарышкері «Бұл апат емес, 
Ресейдің  ішкі  шаруасы.  Олар  комиссия  құрмаңдар»  деп  отыр»,  – 
дегені тағы бар. Қасірет қазақ жерінде болып жатқанда, онымен ша-
руасы болмаған словяндардың күйеу баласынан не үміт, не қайыр?!
Міне осындай өмір қалпымыз... 
Пайғамбар  жасынан  да  тұтас  бір  мүшел  өткен  шағында  өз 
бойынан пәлендей алып-жұлып бара жатқан не физиологиялық, 
не психологиялық қиғаштықты сезіп жүрген журфактың баспа ісі 
және дизайн кафедрасының профессоры жоқ. 
Қиялгер  жазушы,  филология  докторы,  журналистика  про-
фессоры,  әлемдік  фантастика  үлгілерімен  қазақ  оқырманын  та-
ныстырушы  тәржімеші.  Бәрінен  бұрын  –  болашақ  журналист, 
баспагерлердің  оқытушысы.  Өзінің  туындылары  мен  ғылыми-
теориялық тұжырымдамаларын жақсы жағынан көрсеткісі келген 
рецензия, мақалалардан гөрі бір дос-әріптесінің «аузынан шығып 
кеткен» бір пікірін қатты қадірлейді. Ол: «Бұның кітаптарының 
тиражынан шәкірттеріңнің тиражы көп», – деген-ді.
«Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  ісінің  құрметті 
қызметкеріне», «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысына» тап 
осындай «салыстыру» үшін де өмір сүруге болар! 

Журналистика факультетінің деканы Ө. Әбдиманұлы және профессор
Наурыз мерекесінде 2013 жыл

ҚР Білім және ғылым министрлігінің және әл- Фараби ат.ҚазҰУ-нің үздік 
окытушысы  марапатын алу сәті (2011).
Жазушылар Одағының мүшесі, курстасы Ғазизбек Тәшімбаев

Аманат
120
 
 
МӘшІМБАЕВ 
Серік Мектепұлы 
Тарих ғылымдарының
докторы, профессор
Серік  Мектепұлы  Мәшімбаев  1939  жылы  Батыс  Қазақстан 
облысы,  Қазталов  ауданы,  Яловка  (Қарасу)  ауылында  дүниеге 
келген.  1967  жылы  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  уни-
верситетінің  тарих  факультетін  үздік  белгімен  бітірген.  1971 
жылдан тарих факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және 
деректану кафедрасында еңбек етіп келеді. 2001 жылы докторлық 
диссертациясын  қорғады.  1995-2005  жылдары  «жаңа  және 
қазіргі заман тарихы» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет 
атқарды. 
Профессор  С.М.  Мәшімбаев  4  ғылыми  монография,  тарих 
факультетінің магистратура, бакалавриатына арнап қазақ тілінде 
3 оқулық, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен 
7-сыныпқа  арналған  «Орта  ғасырлардағы  Дүние  жүзі  тарихы», 
12  жылдық  мектепке  арналған  «Дүние  жүзі  тарихы  (1945-2000 
жж.)»  оқулығын  жазды.  Жас  тарихшы,  мамандар  мен  студент-
терге арнап 6 оқу құралы, 3 электронды оқулық және әдістемелік 
нұсқаулар жазды. 
2009  жылы  гуманитарлық  ғылымдар  академиясының  толық 
мүшесі  болып  сайланды.  С.М.  Мәшімбаев  тарих  ғылымдары-
ның  докторы,  профессор.  1984  жылы  «Қазақ  КСР  оқу  үздігі» 
белгісімен,  2009  жылы  білім  беру  саласындағы  ерекше  еңбегі 
үшін  «Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ісінің  құрметті 
қызметкері» белгісімен марапатталды.

Аманат
121
тАРИхты бІлМей – өткенДІ, ҚАзІРгІ 
жАғДАйДы бІлу, келеШектІ болжАу ҚИын....
«Мен  қазақпын  мың  өліп,  мың  тірілген»  деп 
ақын Жұбан Молдағалиев ағамыз асыл сөзі қазіргі 
тәуелсіз  алғаннан  кейін  өзінің  толық  сипатын 
ашқандай болды.  Қазақ халқы 186 жыл Патшалық 
Ресейдің және 74 жыл Кеңес империяларының қол 
астында отарлық езгіде болып келді.
1947  жылы  Қазталов  ауданы  Жаңатаң  бастауыш  мекте-
бінде бірінші сыныпқа бардым. Тұңғыш мұғалімім өзімнің анам 
–  Бәтима  Мәшімбаева  (Қойшыбаева)  болды.  Әкем  –  Мектеп 
Мәшімбаев – Қазталов ауданының әр шаруашылықтарында кол-
хоз басқармасы, партия ұйымдарының хатшысы, өмірінің соңғы 
жылдарында  Карл  Маркс  колхозында  есепші  болып  қызмет 
атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы елге оралды.
Өз заманында басшылық қызметте жүріп, қызы мен бір ұлына 
білім алуға жағдай жасады. Мектеп пен Бәтиманың тәрбиесінен 
өніп,  өскен  жалғыз  ұлы  мен  кеңес  заманында  білім  алып,  өз 
қатарларымнан  қалмай  өсіп  жетілдім.  Жалғызынан  ештеңе 
аямаған  әке  мейіріміне  бөленіп,  өз  құрбыларыммен  тең  өстім. 
Менің адамгершілік табиғатымды ашып, тәрбиелеген әжем еді, 
соғыстан кейінгі жылдарда бірге оқыған достарым Қадырболат, 
Максим,  Ғазездердің  әкелері  соғыстан  қайтпады,  бірақ  мен  еш 
уақытта олардан бөлек болған емеспін.
Осылайша,  өзімнің  отбасымның,  достарымның  және  ауыл 
адамдарының  барлық  жақсы  қасиеттерін  бойыма  сіңіре  жүріп, 
өсіп жетілдім.
1957 жылы Болашақ (Богатырев) орта мектебін бітіріп шықтым. 
Сол  кездегі  жастар  сияқты  қалаға  барып  білім  алуды  армандап, 
Орал қаласына келдім. Ауылда малды көріп өскен бала әкесі сияқты 
мал  шаруашылық  мамандығын  таңдап,  Орал  ауылшаруашылық 
техникумының зоотехник мамандығына оқуға түстім.
Ауылдан  келген  балаға  техникумда  оқу  оңайға  түскен 
жоқ,  өйткені  кеңестік  кезеңде  арнаулы  орта  оқу  орындарын-
да  сабақтардың  бәрі  орысша  жүргізілетін.  Алайда  мектеп-

Аманат
122
те  алған  жақсы  сапалы  білімім  мен  еңбек  сүйгіштік  қасиетім 
қиыншылықтарды  жеңіп  шығуыма  көмектесті,  ветеринария, 
агрономия,  саяси  экономия,  биология,  т.б.  күрделі  пәндерді 
жетік  меңгеріп,  барлық  емтихандарды  жақсы  және  өте  жақсы 
бағалармен тапсырдым.
Орал ауылшаруашылық техникумын 1960 жылы бітірген соң, 
өзімнің туған ауылым Карл Маркс атындағы колхозға келіп, зо-
отехник қызметін атқардым. Бұл кезде бар болғаны 21 жастағы 
жас жігітке мал шаруашылығында көп жылдар еңбек еткен ауыл 
азаматтарымен тең жұмыс істеудің өзі сын болатын. Қиындығы 
мен  қызығы  мол  колхоз  өміріне  үйрене  бастаған  кезде  қараша 
айында  Кеңес  әскерінің  қатарына  шақырылдым.  Медициналық 
комиссиядан өткен соң, бір топ жерлестеріммен бірге Сібірдегі 
Томск қаласына жіберілдік.
1960-1963  жылдарда  Кеңес  әскерінің  қатарында  жүрген 
кезімде  борышымды  адал  орындап,  комсомол  ұйымының 
жұмысына  қатысып,  ВЛКСМ  Орталық  Комитетінің  грамотасы-
мен  марапатталдым,  1963  жылы  КПСС  қатарына  кандидат  бо-
лып өттім. Отан алдындағы міндетімді жақсы орындағаным үшін 
жоғары оқу орнына емтихан тапсыруға рұқсат алып, мерзімімнен 
бұрын қайтарып жіберді. Кеңестік кезде бұл алыстағы қазақ ауы-
лынан шыққан мен үшін үлкен жетістік болатын.
1963 жылы 28 шілде күні Алматы қаласына келдім, бұл менің 
Қазақ кеңестік социалистік Республикасының астанасын тұңғыш 
рет көруім еді. Әскери киім киген жас жігіттердің, мен және менің 
әскерден бірге қайтқан жолдастарым Тыныштық пен Қаракөлдің 
де бұл қалада таныстары жоқ еді. Қалаға келіп орналасқан бойда, 
сол кездегі тарих факультеті орналасқан қазіргі Шевченко көшесі 
мен  Масанчи  көшелерінің  қиылысындағы  деканатқа  келдік. 
Барлық  емтихандарымызды  ойдағыдай  тапсырып,  28  тамызда 
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих 
факультетінің  студенттері  атандық.  Осылайша  тарихшы  болу 
арманымның орындалуына жол ашылды.
«Қыркүйектің  бірі  күні  Киров  пен  Панфилов  көшелерінің 
қиылысындағы бас корпустың 220-дәрісханасында аға оқытушы 
Ғ.А. Нұртазина «Ежелгі Шығыс елдері» тарихынан дәріс оқыды. 
Бұл күн бүгінге дейін ең бақытты, қуанышты күн ретінде есімде 
өмір бақи сақталып келеді. Сонау Батыс Қазақстанда туып өскен 

Аманат
123
ауыл баласы үшін сол кездегі қол жетпейтін арман орындалды. 
Кеңес  кезеңіндегі  студенттер  бір  айға  ауыл  шаруашылығына 
көмек ретінде жұмысқа баратын. Біздерде бірге оқуға түскен до-
стар  мен  Шелек  ауданының  Қаратүрік  совхозына  темекі  теруге 
кеттік. Кеңес армиясынан келіп оқуға түсіп, әскерге қайтып бар-
майтын  болдық.  Ауылды  сағындық,  бірақ  жұмыс  әрі  оқу,  елге 
барып қайтуға ешқандай жағдай болмады. Әскерден келген до-
стар ауылдағы әке-шешемізге хат жазып, студент болғанымызды 
хабарладық. Бірақ елдің қуанышына ортақ бола алмадық. Міне, 
студенттік өмір басталды. 1 қазанда жатақханаға орналасып, фа-
культетке дәріске бардық.» 
Қанша уақыт өтсе де, күні бүгінге дейін тарих факультетінде 
білім  берген  ұстаздарым  естен  шыққан  емес.  Олар:  Қазақ 
ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор  
Е. Бекмаханов, С.М. Кенжебаев, М.Б. Ақынжанов, А. Шөпеков,  
Б.  Мекішев,  Б.  Дәрішов,  Ғ.А.  Нұртазина,  т.б.  1965-1966  оқу 
жылдары  қазақ  бөлімін  жауып,  орыс  бөліміндегі  студенттер-
мен  бірге  оқыдық.  Кейіннен  Қазақстан  Компартиясына  қазақ 
студенттері болып хат жаздық. Міне, кеңес үкіметінің ұлт саяса-
ты уақытында орыстандыру саясатын осылай жүзеге асырды. Сол 
жылдарда бірге оқыған студенттер: Балтабай Тұяқбаев, Мұхтар 
Әбділдабек – Ақбұрым, Г. Кенебаев, Едіге Уалиханов, Жанғазы 
Аягөзов,  Тынышкүл  Қожабекова,  Сара  Ержанова,  Тыныштық 
Ильясов,  Қаракөл  Ізтілеуов,  Сақыш,  Ақжолтай  және  Ұлтуар, 
Бақтияр  Төлегенов,  Н.  Асанов,  А.  Дүйсенов  және  басқалар. 
Кейбіреулерімен қазіргі күнге дейін араласып келеміз.
1967  жылы  тарих  факультетін  үздік  бітіріп,  туған  ауылым 
Казталовкаға  оралдым.  Зайыбым  Тынышкүл  Қожабековамен 
тарих  факультетінде  бірге  оқығанмын,  1965  жылы  үйленіп,  от-
басын  құрған  соң,  1967  жылы  еңбек  жолын  бірге  бастадық.  
Т. Қожабек қызы Қазталов аудандық пионер ұйымының төрайымы 
болып жұмыс жасады, мен Қазталов ауылында Алма Оразбаева  
атындағы орта мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы жөнін-
дегі орынбасары болып жұмыс атқардым.
Ғылым  жолына  түсу  мақсатымен  1969  жылы  елден  аспи-
рантураға түсу үшін Алматыға қайтып келдім. Бірақ ойлаған ойым 
жүзеге аспады. Ғылым мен білім ордасы Алматыдан қайтқым кел-
мей, қаладағы ет комбинатының жанындағы кәсіптік-техникалық 
училищеде  директордың  оқу-тәрбие  жұмысының  орынбасары 

Аманат
124
болып жұмыс атқардым. 1971 жылы ҚазМУ тарих факультетінің 
сол кездегі деканы, профессор А.А. Шөпеков және жалпы тарих 
кафедрасының меңгерушісі доцент А.Н. Зайкин аға оқытушылық 
қызметке шақырды. «Ол кезде мұндай жұмысқа алу оңай мәселе 
емес  еді.  Менің  тарих  факультетін  үздік  бітіруім  және  Алма-
ты  қаласына  үш  бала,  анам  және  зайыбыммен  қоныс  аударған 
шағымда,  отбасымның  бастапқыда  ұйғыр  ағамыз  Самоханның 
үйінде тұрып, қиыншылыққа төзуім де себеп болған шығар. Менің 
қазіргі жағдайға жетуіме жоғарыда аталған азаматтар көмектесті, 
олардың жақсылығын еш уақытта ұмытуға болмайды».
Кафедрада сабақ беру жүктелді. «Оңтүстік және Батыс славян 
елдерінің тарихы» мен «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі 
заман тарихынан дәрістер оқыдым. Оның үстіне арнаулы дәрістер 
курстарын  жүргіздім.  1974-1986  жылдарда  университеттің 
кәсіподақ ұйымының мүшесі және тарих факультетінің кәсіподақ 
ұйымының  төрағасы  болып  қоғамдық  жұмыстар  атқардым. 
Жалпы  тарих  кафедрасында  ғылыми  жұмыстармен  де  айналы-
стым,  ғылыми  конференцияларға  қатысып,  жалпы  тарихтың 
өзекті мәселерінен баяндамалар жасап жүрдім. 1983 жылы 4-14 
қыркүйекте Киев қаласында өткен Халықаралық славистер съезіне 
қатысып,  «Чехославакиядағы  демократиялық  социализмнің  да-
муы» атты баяндама жасадым, тұңғыш рет дүниежүзі славистер-
мен кездесуім, ерекше есімде қалды. 
«Жалпы тарих кафедрасының негізі ғылыми бағытына сәйкес 
ғылыммен айналыса алмадым. Оның себебі шет елдер тарихының 
іргелі мәселелерімен айналысу үшін шет тілін жетік меңгеру ке-
рек  болды.  Ал  жалпы  тарих  кафедрасында  қызмет  істеп  жүріп, 
Қазақстан  тарихынан  тақырып  алып  кандидаттық  диссертация 
жазуға  болмады.  Шынайы  ғылыммен  айналыса  алмай  жүргенде 
тарих факультетінде т.ғ.д., профессор У.Х. Шәлекенов келді. «Әлі 
есімде, бір күні мені шақырып алып, сен босқа уақытыңды өткізбей 
кандидаттық  диссертацияның  тақырыбын  ал,  қазақ-орыс  қарым-
қатынастары тарихын зерттесең, мен саған ғылыми жетекші бола-
мын, – деді. Содан жалпы тарих кафедрасында жүріп, кандидаттық 
диссертация тақырыбын алып жаза бастадым. Бірақ кафедра бұл 
тақырыпты жалпы тарихтың іргелі мәселелеріне сәйкес келмейді 
деп  бекітпеді».  1983-1989  жылдар  арасында  ол  кезде  археоло-
гия  және  этнология  кафедрасының  меңгерушісі,  профессор  У.Х. 
Шәлекенов  өзіне  аға  оқытушылыққа  жұмысқа  алды.  Жалпы  та-

Аманат
125
рих кафедрасын қия алмағаныммен, ғылыми жұмыспен айналысу 
үшін амалсыздан келісім бердім. 1985 жылы тарих факультетінің 
жанынан  тұңғыш  диссертациялық  кеңес  ашылды.  «Сол  жылы 
«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-қазақ байланыстары» 
тақырыбында диссертациямды қорғап шықтым. 1986 жылы Мәскеу 
қаласынан жұмысым бекітіліп, тарих ғылымдарының кандидаты 
болдым.  1988  жылы  археология  және  этнология  кафедрасының 
доценті болдым. Міне, менің ғылыми жолымда осындай жеңіске 
жетуіме жетекшілік жасап, қамқорлық жасаған ағамызға мың да 
бір рақмет айтып, сыйлап келемін».
Кейіннен  жалпы  тарих  кафедрасында  қызмет  жасай  отырып, 
1995  жылы  қараша  айында  шетелдердің  және  қазіргі  заман  тарих 
кафедрасының  меңгерушісі  болып  тағайындалдым.  Сол  жыл-
дардан  бастап  Қазақстанда  жалпы  тарих  мамандығы  бойынша 
ғалымдарды  дайындаумен  айналысып,  жас  мамандарға  ғылыми 
жетекшілік  жасай  бастадым.  Осы  жылдарда  алдыма  қойған 
негізгі  мақсатым  –  университеттің  өз  түлектерін,  әсіресе  қазақ 
бөлімін  бітірген  студенттерді  жалпы  тарих  мамандығына  дай-
ындау  және  жалпы  тарих  мамандығы  бойынша  т.ғ.д.,  профессор  
Г.К. Көкебаева, Г.Р.  Дадабаевалар шақырылды. Польша тари хының 
мамандары т.ғ.к. Л.Т. Исова, А. Сманова және Т. Айдостар жұмыс істеді.
Басқарып  отырған  кафедрамның  негізгі  ғылыми  бағыты 
шетелдердің  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  тарихы-
мен, қазіргі кезеңдегі халықаралық терроризмге қарсы күрестің 
іргелі  мәселелерімен  байланысты  болды.  Кафедраның  Алма-
ты  қаласының  Польша,  Германия,  Франция,  Қытай,  Жапония 
елшіліктерімен  тығыз  байланыс  орнаттық.  Польша  Респуб-
ликасының Қазақстандағы тұңғыш елшісі Марек Гавенцкиймен 
ғылыми ынтымақтастығы әлі де жалғасуда. 1992 жылы Познань 
университетінде  бір  семестр  стажировкада  болып  келдім.  По-
знань қаласындағы университеттің тарих және этнология инсти-
тутында болып, Қазақстан тарихының іргелі мәселелерін (ежелгі 
сақ, ғұн, қыпшақ тарихынан) және Польша – Қазақстан қарым-
қатынастары тарихынан арнайы дәрістер оқыдым. 
Педагогикалық  қызметпен  қатар  ғылыми  зерттеу  жұмыс-
тармен  де  айналысып  келемін.  2000  жылы  «Патшалық  Ресейдің 
Қазақстандағы  басқару  мекемелерінің  тарихы  (XVIII-XIX 
ғасырдың  60-жылдары)»  тақырыбында  докторлық  диссертация 

Аманат
126
қорғадым. Жетекшілігіммен бес кандидаттық диссертация дайын-
далып қорғалды.
Тарих фаультетінде оқып жүрген жылдарда Кеңес үкіметінің 
және  коммунистік  партияның  қуғын-сүргін  саясатынан  зардап 
шегіп, 15 жыл түрмеде отырып келген ғалым-тарихшының ұстазы 
болған  Ермұхан  Бекмахановтан  дәріс  тыңдадық.  Ғылым  жолы-
на түсуіме септескен Уахит Хамзаұлы Шәлекенов болды. Қазақ 
ұлттық  ғылым  Академиясының  тарихшы  ғалымдарымен  тығыз 
байланыста болдық. Қиын қыстау кезінде қолдау көрсеткен ҚР 
ҰҒА академиктері Мәлік Асылбеков, Кеңес Нүрпейісов, профес-
сор Жанұзақ Қасымбаевтарды айтуға болады.
Тарихшы  болу  оңай  жол  емес  екенін  өмірдің  өзі  көрсетті. 
Ғылым жолында көптеген кедергілер болды. 2001 жылы ғылыми 
ұстазым Уахит аға Хамзаұлы жетекшілігімен «Патшалық Ре сей-
дің  Қазақстандағы  мемлекеттік  мекемелерінің  тарихы»  тақы-
рыбында докторлық диссертация қорғап шықтым.
Кіші  жүз  тарихындағы  ұлт-азаттық  соғыстың  басшысы, 
дала демократиясының тұңғыш негізін қалаушы Сырым Датұлы 
тарихын  зерттеуде  жұмыс  жасаудамыз,  сонымен  қатар  қазақ 
тарихындағы ұлы тұлғаның бірі – кіші жүз ханы Әбілқайырдың 
саясаты, оның жоңғарларға қарсы Аңырақай шайқасындағы қазақ 
әскерлерінің  бас  қолбасшысы  болғандығы,  ел  үшін,  жер  үшін, 
әсіресе Еділ-Жайық өзендері аралығындағы қазақ жері үшін қол 
бастап 12 жыл қалмақтармен соғысы зерттеуімізге негіз болды.
1728-1730  жылдары  қазақ  халқының  жоңғар  басқын шы-
ларымен болған шайқастары тарихи жер – Жамбыл облысы, Тұрар 
Рысқұлов  ауданының  Құлан  ауылының  солтүстік  Батысқа  қарай 
25 шақырым жерде орналасқан көл «Әбілқайыр жыра – сайы» деп 
аталуы тарихи шындық. Ол осы жерге келіп әскерлермен тоқтаған. 
2007 жылы «Әбілқайыр хан» атты монографиям жарық көрді.
Тарихи  деректерге  сүйенбей,  тарихты  жазу  мүмкін  емес. 
Сондықтан  өткен  жылы  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясын-
да  шетел  мұрағаттарындағы,  Қытай,  Ресей,  Иран  елдеріндегі 
құжаттар  әкелініп,  жаңа  жинақтар  шықты.  Бұл  сақ,  ғұн  және 
қыпшақ тарихын толықтыра түсті. 
Соңғы  жылдарда  агроном-геологтар  және  басқа  мамандар 
арасында  тарихшы  болып  жатқандар  да  жоқ  емес.  Олардың 
көбі  өз  руының,  өз  аталарының  ерлігін  асыра  мақтап-мадақтап 

Аманат
127
жазуға тырысады. «Көш жүре түзеледі» демекші, қазір біраз жас 
тарихшылардың еңбектері жарық көре бастады. Оларға бағыт бе-
руге аға буын біздер міндеттіміз.
Университеттегі  ұстаздық  еткен  37  жыл  ішінде  тарих 
факуль тетін  бітірген  шәкірттерім  жетерлік.  Олар  Қазақстанның 
әр  жерінде  қызмет  атқаруда,  шетелдерде  елшілік  қызметінде 
жүргендері  де,  тарих  ғылымының  дамуына  жаңа  зерттеулері 
арқылы  көрініп  жүрген  тарих  ғылымдарының  докторы  про-
фессорлар  да  бар.  Олар:  Х.  Абжанов,  Қ.  Қаражан,  М.  Елеуов, 
Ә. Төлебаев, Г. Көкебаева, О. Мұхатова және Е. Қартабаева, ҚР 
Ғы лым Академиясының корреспондент мүшесі Б. Карибаев. Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология 
факультетінде бірге жұмыс атқарып келеміз. 
Тәуелсіздік  алғалы  қоғамымыз  айтарлықтай  үздіксіз  даму 
жолында.  Дегенмен,  жаңа  қоғамға  өтудің  өз  қиындығы  бол-
ды.  Әсіресе  жастарға  оңай  соққан  жоқ.  Алғашқы  жылдардағы 
дағдарыстар  кезінде  жұмыссыздық,  қоғамымызда  ұлттық  сана, 
патриоттық  тәрбие  орны  бос  қалды.  Оны  толтыру  да  оңайға 
түскен жоқ. Ұрпақ арасындағы байланыстар үзіліп қалды. Бірақ 
қазіргі  жастардың  болашағы  анықталып,  ұлттық  идеологияның 
негізгі  бағыты  қазақтың  ұлылығына  және  қазақ  болуға  ынта-
жігер  білдіріп  келеді.  Менің  ойымша,  қазіргі  жастар  ұлылыққа 
жету үшін білім алу керек екенін ұғынып, «оқудың да тоқуы бар 
екенін түсіне бастады».
Жоғары  оқу  орындарында  білім  алып  жатқан  студенттердің 
көбісі білімге шынымен-ақ ынталы. Бұл процесс алға қарай жүріп 
отырса, жемісін берер. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың жастар са-
ясаты арқасында «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазақ жастары 
дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, 
Қытай, Жапония, Корея сияқты белді елдерде білім алуда. Ұлттың 
ұлылығын қалыптастыратын негізгі жол – білімділік.
2014  жылы  ҚР-ның  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа 
жолдауында  жастарды  ата-баба  дәстүрінде  тәрбиелеп,  қазақ 
халқының  келешегі  жастар  қолында,  Отан  сүйгіштікке  тәрбие-
леуде  «Мәңгі  ел»  идеясы  негізгі  бағыт  екенін  айта  келіп, 
болашақтың  басты  стратегиялық  бағдарламасы  «Қазақстан 
–  2050»  болмақ.  Бұл  бағдарлама  халқымыздың  болашағын 
анықтап, әлемдік дамуда Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына 
қосылуымызды айқындайды.

 
2009 жыл  кафедра профессорлары 
 
 
 
2012 жыл Бекмаханов оқулары 
 
 
 
2012 жыл Бекмаханов оқулары

 
2009 жыл  кафедра профессорлары 
 
 
 
2012 жыл Бекмаханов оқулары 
 
 
 
2009 жыл кафедра профессорлары
Кафедра ұжымымен бірге

Аманат
130

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет