Жалпы редакциясын басқарған Ғалымқайыр Мұтанов Жауапты редактор



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата01.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ӘЖЕНОВ Матипулла 
Салахадинұлы
(1932-2011)
Философия ғылымдарының  
докторы, профессор,  
ҚР еңбек сіңірген қайраткері
1932  жылы  Гурьев  (қазіргі  Атырау)  облысы,  Теңіз  (қазіргі 
Құрманғазы) ауданы, Кудряшово селосында дүниеге келген.
1955  жылы  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 
университеті  философия-экономика    факультетінің  философия 
бөлімшесін,  ал  1963  жылы  КСРО  ҒА  Философия  институты 
аспирантурасын бітірген.
1978  жылдан  1999  жылға  дейін  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
ұлттық университетінде  философия-экономика факультетінің де-
каны (1983-1985 жж.), Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы 
қоғамдық  ғылымдар  оқытушыларының  біліктілігін  көтеру  ин-
ституты философия кафедрасының меңгерушісі (1978-1983 жж.), 
БКИ-дің директоры (1985-1993 жж.), кафедра меңгерушісі (1994-
1999 жж.) болып жұмыс істеді.
1999  жылдан  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  философия  және 
саясаттану  факультеті,  әлеуметтану  кафедрасында  оқытушы 
профессор  болып  жұмыс  істеді.  2001  жылы  оған  «Әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ  кафедрасының  құрметті  меңгерушісі»  атағы 
берілді.
«Құрмет  белгісі»  орденімен,  «Ы.Алтынсарин  атындағы 
үздік  еңбегі  үшін»  медалімен,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 
Президиумының  екі  мәрте  Құрмет  грамотасымен,  «Қазақ  КСР 
білім  беру  ісінің  үздігі»  белгісімен  марапатталған.  Ғылыми 
және саяси білім берудегі белсенділігі үшін «Академик Вавилов 
атындағы алтын медальмен» марапатталған.

Аманат
51
ҒАСЫР БОЙЫ ӨМІР СҮРСЕҢ –  
ҒАСЫР БОЙЫ БІЛІМ АЛ
Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге 
негізделген және өзіндік күрделі әлеуметтік құбылыс болып та-
былады. Білім беру жүйелері  ұлттық, аймақтық, континенталдық, 
жаһандық және әлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесі 
ұлттық-мемлекеттік,  аймақтық  болып  бөлінеді.  Әзірге  әлемдік 
білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген әлем елдері ұмтылуда. 
Кеңестік  білім  беру  жүйесі  немістік  білім  беру  жүйесімен  бай-
ланысты.  Қазіргі  әлемде  англосаксандық,  американдық  білім 
беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі де 
кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады. 
Жапония,  Қытай,  Корея  (оңтүстік)  сияқты  Азия  елдерінде 
өзіндік ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық 
білім  беру  жүйесі  ретінде  сипатталады.  Әр  елде  әлемдік  білім 
жетістіктеріне,  ұлттық-мемлекеттік  ерекшелігіне,  халықтың 
менталитетіне сай білім беру жүйесі бар. Білім берудің ұлттық стан-
дарттары ғылым жетістіктеріне, жоғарғы әдістемелерге, ұлттық 
мәдени  ерекшелікке,  дәстүрлерге,  әлеуметтік-экономикалық 
даму  деңгейлеріне  негізделе  оқытылады.  Білім  берудің  ұлттық 
стандарттарымемлекеттік  органдар  арқылы  жасақталады  және 
біртұтас құжаттар кешені болып келеді. Білім беру стандартының 
негізі жалпы бұқара халық пен барлық білім беру мекемелерінің 
қатысуы арқылы жүргізілетін мемлекетпен қабылданатын білім 
беру  реформалары  табылады.  Білім  стандарттарының  басты 
құжаты    “Білім  туралы  Заң”.  Көптеген  елдер  қабылдаған  түрлі 
өзгеріске  ұшырап  отыратын,  аймақтық  білім  беру  жүйесі  де 
бар.  Мысалы,    Еуропалық  білім  беру  жүйесі.  Бірақ  Еуропалық 
білім беру жүйесі толық қалыптаспаған деп айтуға болады. Еу-
ропарламент  және  біріккен  Еуропалық  өзге  ұйымдары  осын-
дай  аймақтық,  ұлттық  білім  беру  жүйесін  құруға  кірісуде.  Бұл 
туралы (1999 ж.) Лиссабон, (2004 ж.) Болондық декларациялар 
дәлел  бола  алады.  Мәні  бойынша  ұлттық  білім  беру  жүйелері 
бір-біріне жақын, әсіресе, жоғары білім және бұл елдерге ортақ 
білім беру жүйесінде қиындық тудырмайды. Американдық білім 

Аманат
52
жүйесі  Еуропалықтан  ерекшеленеді.  Бірақ  бұл  жүйе  негізінде 
осы  жүйені  қалыптастырушылар  еуропалықтар  болғандықтан, 
еуропалық  (ағылшындық)  құндылықтар  жатады.  Американдық 
білім  беру  жүйесі,  әсіресе,  жоғары  білім  қазіргі  кезде  афро-
азиаттық,  еуропалық  жүйеге  әсер  етуде  және  оның  көптеген 
принциптері әлемнің бірқатар елдерінде енгізілуде. 
Қазақстан  Республикасында  жаңа  білім  беру  заңы  қабыл-
данды.  Бұл  реформаның  негізгі  принциптері  2004  жылғы  11 
қазанда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарғысымен 
бекітілген  “Қазақстан  Республикасындағы  білім  берудің  2005-
2010  жылға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаларында”  көрсе-
тілген.  Осы  құжатта  және  басқада  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  қаулыларында  реформалар  негіздері  анықталған  
және республикадағы жаңа білім беру жүйесі нақтыланады. Бұл 
жаңа  жүйе  мектеп  табалдырығынан  бастап,  ЖОО-дан  кейінгі 
білім  беру  деңгейлеріне  дейінгі  барлық  сатыларын  қамтиды. 
”Бұл  Бағдарламаның жасақталуы білім сапасын арттыруға, жаңа 
экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  жағдайларда  білім  беру 
жүйесі алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге, сапа-
сын  арттыруға  бағытталған  түбегейлі  өзгерістер  қажеттілігінен 
туындады”(“Қазақстан  Республикасының  2005-2010  жылға 
арналған  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы”, 
“Казахстанская правда” 16қазан 2004 жыл).
Жаңа реформа жағдайында Қазақстандық білім беру жүйесі 
американ-еуропалық стандартқа жақындап келеді. Бірақ аталған 
стандартпен  толық  сәйкес  келуі  мүмкін  емес.  Бұл  реформада 
Қазақстанның  ұлттық  ерекшеліктері  мен  тарихи  тәжірибелері 
ескерілген. Бірақ реформадағы бағыттардың көпшілігі жаңа деу-
ге болады. Мысалы, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, баста-
уыш және орта кәсіби білім беру жүйесін жаңадан құру. Жоғары 
білім  беру  құрылымына  да  көптеген  жаңалықтар  енгізілуде.  
ЖОО-да  бакалавриат,  магистратура    жұмыс  істеуде.  Бұдан 
арғы  ЖОО-дағы    және  ЖОО-дан  кейінгі  білім  беру  бакалаври-
ат-магистратура-докторантура  моделі  бойынша  жүргізіледі. 
ЖОО-дан  кейінгі  білімге  және  ЖОО-ны  бітірген  мамандардың 
біліктілігін көтеру жүйесіне ерекше назар аударылған. Білім беру 
реформасының ортасында, жоғарыды айтқанымыздай, білім са-

Аманат
53
пасы тұр. Білімнің басты мақсаты тұлғаның біртұтас әлеуметтік 
қасиеттерін  қалыптастыру,  жоғары  технологиялық  өндірісте 
табысты  жұмыс  істей  алатын,  адамдарды  басқара  алатын, 
әлеуметтік, саяси процестерді халықтың, қоғамның қажеттілігіне 
қарай ұйымдастыра алатын кәсіби мамандарды даярлау болып та-
былады. Бір сөзбен айтқанда, білім берудің Қазақстандық жаңа 
жүйесі қалыптасу кезеңінде тұр және бұл процесс  2010 жылы 
аяқталуы тиіс. Ресей сарапшылары, Қазақстан білім беру рефор-
ма саласында БҰҰ елдерін басып озды деп есептейді. 2008 жылы 
Қазақстан  Болон  процесі  деп  аталатын  Еуропалық  оқу  жүйесі 
туралы құжатқа қол қойды және университеттердің хартиясына 
қол қоюға біраз Қазақстанның ЖОО-ары қатысуда. Сонымен біз 
еуропалық, американдық стандартқа жақындай бастадық. 
«Мұғалім»  деген  сөз  ардақты  да,  терең  мазмұнды. 
Мұғалім  балаларға  және  ересектерге  (оқығысы  келгендердің 
барлығына) білім беретін, сонымен бір уақытта оны тәрбиелеп, 
әлеуметтендіретін тұлға. Мұғалім бұл білім алушылар үшін иде-
алды  адамның  символы.  Шығыс  елдерінде  мұғалімге  бұрынғы 
кездері де, қазір де данагөй ретінде, адамдарды оқытатын және 
тәрбиелейтін, осы игілікті іске мінсіз қызмет ететін идеалды адам 
ретінде қатынас жасайды. Мұғалім  адамдарға білім береді және 
кітап жазуы мүмкін.Адамдар осы кітаптар арқылы оқиды. Мыса-
лы: Аристотель Шығыста, арабтар ортасында Бірінші ұстаз деп 
саналды, ал Әбунәсір әл-Фараби  бірінші ұстаздың кітабын ау-
дарып, идеяларын таратқандықтан Екінші ұстаз атанып кеткен. 
Шығыста  ақылгөй ақындарды, музыканттарды және басқа да да-
рынды адамдарды да ұстаз деп есептеген. Ежелгі Грецияда ұстаз 
деп халықта және өздерінің оқушылары арасында философиялық 
идеяларды таратушы схоластарды (мектеп деген сөзден) санаған. 
Ұстаз деп өзінің ойларын халыққа және өзінің оқушылары ара-
сында  насихаттаған,  схоластармен  және  софистермен  пікір 
таласқан ежелгі грек философы Сократ болған. Ерекше ғылыми 
еңбек  жазып,  оны  таратқан  әйгілі  ғалымда  ұстаз  атана  алады. 
Ұлы философ және дәрігер Ибн-Сина да, ХХ ғасырда физикалық 
және астраномиялық және басқа жаратылыстану  мен техникалық 
ғылымдарда ерекше төңкеріс жасаған Альберт Эйнштейнде ұстаз 
болған.

Аманат
54
Жақсы  мұғалім  болу  үшін  өзінің  кәсібін  жақсы  көру  керек, 
оны мақтан тұтуы, өзінің оқушыларын білуі және жақсы көруі, 
жалпы мәдениетті, шыдамды, еңбек сүйгіш, бір сөзбен айтқанда, 
жақсы адам болуы керек.  Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы, ол 
туралы әлі де айтамыз, бұл мәселе сол сияқты көп аспектілі және 
билік саясатымен, режимімен, қоғамдағы жалпы әлеуметтік өзін-
өзі сезінумен байланысты.
Отбасы – оқушының (оқушылар, орта және жоғары оқу орын-
дарында  оқитындар)  ата-анасы,  аға-інілер  және  сіңлілері  жал-
пы  отбасы  мүшелері  білім  беру  мен  тәрбиелеуде  маңызды  рөл 
атқарады.  Отбасы  атқаратын  нақты  рөлдер:  1)  оқушылардың 
білім  үлгерімі  және  тәртібі,  әсіресе  мектеп  оқушысының,  бұл 
көп  жағдайда  отбасының  моралдық-адамгершілік,  әлеуметтік-
материалдық,  мәдени  деңгейіне  байланысты.  Бұл  параметрлер 
бойынша  үлгілі  отбасылар  балалардың  үлгеріміне  жағымды 
әсер етеді, олар үлгерімдері жақсы және мектепте өздерін жақсы 
ұстайды;  2) ата-ананың білім деңгейлері, кәсібі мен мәдениеті 
маңызды. Ата-ананың және отбасының басқа мүшелерінің білім 
деңгейі  жоғары  болған  сайын,  балалары  жақсы  оқиды,  олар 
жоғары көрсеткіш көрсетеді, себебі отбасы баланың үй тапсыр-
масын  орындауына  қатысады.  Ата-ананың  мамандығыда    әсер 
етеді. Көбіне балалары ата-аналарының мамандығын таңдайды. 
Ата-ананың  дайындық  деңгейі,  сөзсіз  баланың  мектептелі 
үлгерімінен  әсер етеді. Оқушы-балалар, отбасында тәрбиеленеді. 
Отбасындағы адамгершіліктік жағдайдың жақсы болуы  балаларға 
тиімді  әсер  етеді.  Керісінше,  жағдайы  нашар  отбасында  бала-
лар  адамгершіліктік  соққы  алуы  мүмкін,  бұл  олардың  оқуына, 
мектептегі тәртібіне әсер етеді. Бұзықтық, спирттік сусындарды 
қолдану, темекі шегу, нашақорлық және басқа да теріс дағдылар 
әкесі немесе анасы не болмаса ата-анасының екеуі де дұрыс өмір 
салтын  жүргізбеген  отбасында  өмір  сүретін  оқушыларда  жиі 
кездеседі. 
Оқу орындары өздерінің міндеттерін жақсы қалыптастырып 
және орындау үшін олар әлеуметтік-экономикалық, материалдық 
және техникалық мәселелерді шешулері қажет. Бұндай мәселелер 
өте көп, олар туындайды, шешіледі, олардың айналасында жан-
жалдар пайда болады, олар туралы жаңа реформада да айтыла-

Аманат
55
ды.  Осы  мәселелердің  шешілуі  үшін  мемлекет  қомақты  қаржы 
бөліп  отырады.  Бұл  қандай  мәселелер?  Ең  алдымен,  білім 
реформасының өзі мемлекеттік саясат ретінде.  Бұл реформаның 
өңделуі,  оны  бүкіл  халықтық  талдауын  ұйымдастыру,  ол  бой-
ынша  әр  түрлі  көзқарастар  мен  ескертулер  есепке  алу,  пар-
ламент  мәжілісінде,  үкіметте  талқылануы,  және  Президент 
Жарғысымен  бекітілуі.  Заңдық  және  атқарушы  билік  тарапта-
рынан  қабылданған  құжаттары  білім  берудің  құқықтық  базасы 
болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінің іс-әрекеттері 
Республиканың  Конституциясына  және  “Білім  туралы”  заңына 
негізделеді.  Білім  берудің  негізгі  құжаттары  жүзеге  асырылуы 
үшін  Білім  және  Ғылым  Министрлігі  білім  берудің  жаңа  ре-
формасы  принциптерінің  орындалу  механизмдерін  анықтайтын 
бірқатар инструкцияларды, тәртіптер мен ережелерді жасақтайды.
Әлеуметтік-саяси мәселе халықтың барлық топтарына сапа-
лы білім берілуіне қол жеткізуді  қамтамасыз ету болып табыла-
ды. Бірақ, бұл мәселе екеуі бірдей белсенді қатысса да, жеке оқу 
орындарының ғана емес, мемлекеттің мәселесі.
Оқу орындарында  мемлекеттік тілде дәріс беру де егемендік 
алып, Қазақстанның жеке мемлекет ретінде қалыптасуынан ба-
стап ауқымды әлеуметтік мәселеге айналды.
Әлеуметтік  мәселе  Республика  оқу  орындарының  орталық-
тарының  статусы  (сөз  заңдық  және  әлеуметтік  статус  тура-
лы  болып  отыр)  болып  табылады.  Бұл  статус  бар,  бірақ  кейбір 
оқу  орындары  үшін  түзетуді  және  нақтылауды  қажет  етеді. 
Бұл  процесс  жалғасып  келеді.  Маңызды  мәселелер  білім  беру 
жүйесінің  қызметкерлерінің  әлеуметтік  жағдайы,  статусы, 
беделі,  материалдық  жағдайы,  әлеуметтік  қорғалуы,  соның 
ішін де  мұғалімдер,  профессорлар  құрамы,  тәрбилеушілер  т.б. 
білім  берудің  басқа  да  субъектілеріболып  табылады.  Бұл  білім 
сала сындағы  біртіндеп  шешіліп  келе  жатқан  қиын  әлеуметтік 
мәселелер. Білім беру мекемелерінің кадрлық қамтамасыз етілуі. 
Мектептерде әлі де білікті мұғалімдердің саны жетіспейді,  жоғары 
білімі бар мұғалімдер жеткіліксіз.  2004 жылы республикамыздың 
жалпы  білім  беру  мектептерінде  жұмыс  істейтін  285  мың 
ұстаздардың 195,8 мыңы жоғарғы білімі бар мұғалімдер болған. 
Ауылдық,  селолық    мектептерде  кәсіби  білімі  бар  мұғалімдер 

Аманат
56
жеткіліксіздігі  байқалады.  Кейбір  мектептерде  педагокикалық 
білімі  жоқ  мұғалімдер  сабақ  беруде.  2004  жылы  Республикада 
4272  кіші  кешенді  жалпы  білім  беру  мектептері  жұмыс  істеді. 
Кіші  кешенді  мектептердің  көптеген  әлеуметтік,  техникалық, 
кадрлық, қаржылық т.б. мәселелері бар.
       Республиканың  оқу орындары, соның ішінде мектептер 
ғимаратпен,  оқу  корпустарымен,  жатаханалармен  қамтамасыз 
етілмеген.  Бұл  орайда  әсіресе  жаңа  мектептер  салу,  бар  мек-
тептер  мен  кәсіби  училищелер  ғимараттарын  жөндеуден  өткізу 
мәселелері өткір болып тұр. Бір кездері жеткілікті болған, бірақ 
кейін  90  жылдары  жекешелендіріп  жіберілген  мектепке  дейінгі 
ғимараттардың  жеткіліксіздігі  өткір  байқалады.  Енді  ауылдар 
мен  қалаларда  тез  қарқынмен  бала  бақша  ғимараттарын  салу 
мәселесі  алға  қойылып  отыр.  Осы  мақсатта  мемлекет  тарапы-
нан  үлкен  қаржы  бөлінді.  Бұл    жоспарда  мемлекеттік  бастау-
ыш    және  орта  кәсіби  оқу  орындарының  да  жағдайлары  онша 
емес.  Бір  кездері  олардың  да  қалаларда  жақсы  ғимараттары 
болған,  ал  енді  қиыншылықтарды  бастан  өткеріп  отыр.  Бұл 
бағытта  да  бірқатар  құжаттар  қабылданды  және  үкіметтік  ме-
кемелер  осы  әлеуметтік      мәселелерді  шешуге  кірісті.  Осын-
дай  шешілмеген  мәселелер  жоғарғы  оқу  орындарында  да  бар. 
ЖОО-ның  әлеуметтік  мәселелер  қатарында  профессорлық-
оқытушылар  құрамының  жалақы  деңгейі,  олардың  баспанамен 
қамтамасыз етілуі және басқа да мәселелер бар. Профессорлық-
оқытушылар  құрамының  жалақы  деңгейі  республикадағы  орта 
жалақы  деңгейінен  аспай  отыр.  Профессорлық-оқытушылар 
құрамының 40%-ы ғылыми дәрежесі мен атағы жоқ. Мемлекеттік 
тілде дәріс беретін мұғалімдер жетіспейді, әдебиеттер, оқулықтар 
деңгейі  қанағаттанарлықсыз  және  олардың  саны  жеткіліксіз. 
Коммерциялық  ЖОО-да  әлеуметтік  мәселелер  одан  да  көп. 
Оқу  орындарын  қаржыландыруға  көп  көңіл  бөлінеді.  Қаражат 
ғимараттардың  салынуына,  жабдықталуына,  мұғалімдердің, 
оқытушылардың  жалақысына,  студенттер  стипендиясына, 
ғылыми әдебиеттер мен оқулықтарға қажет. Мемлекет жыл сай-
ын  білім  саласын  қаржыландыру  көлемін  ұлғайтып  отырады, 
бірақ мәселелер толығымен шешілмейді.
Үздіксіз білім беруберілген жағдайда білім беру сатысының 

Аманат
57
ресми  статусы  бар  білім  берудің  академиялық  деңгейі  деп 
түсінуге  болады.  Олар:  мектепке  дейінгі,  мектептік,  кәсіби-
техникалық  білім  беру,  жоғарғы  білім  беру,  ЖОО-дан  кейінгі-
магистратура,  аспирантура,  докторантура,  біліктілікті  көтеру 
жүйесі  және  т.б.  Бұл  жағдайда,  әрбір  деңгей  білім  алушыға 
белгілі  бір  білімнің,  қабілеттердің,  дағдылардың  жиынтығын, 
өзіндік  ойлау  мүмкіндігін  және  білімге  қатысты  басқа  сапалық 
параметрлердің  берілуін қамтамасыз етеді. Білім берудің әрбір 
академиялық  сатысы  мен  деңгейі,  сонымен  қатар,  әлеуметтену 
жүйесін,  білім  алушының  әлеуметтік  ортаға  енуін,  оған 
бейімделуін  қамтиды.  Білім  алушылар,  егер  мүмкіндігі  болған 
жағдайда білім беру деңгейінің  бір деңгейінен екінші деңгейіне 
көше алады, бірақ сатылы кезеңдерден секіріп немесе айналып 
өте  алмайды.  Мысалы,  орта  білімді  аяқтамасаң,  ЖОО-ға  түсу 
мүмкіндігі  болмайды.  Жоғарғы  білімің  болмаса,  бакалавриат 
оқуын бітірмесең, магистратураға түсе алмайсың. Тек магистра-
тураны бітіргеннен кейін ғана (жаңа ережелер бойынша) аспиран-
тура мен докторантураға түсуге құқылы боласың. Білім берудің  
ресми деңгейлеріөзіндік шекараларға ие − мектепке дейіңгі білім 
беру мен тәрбиелеуден бастап, ЖОО-нан кейінгі білім беру, яғни 
докторантураға  дейін.  Бірақта,  кәсіби  біліктілікті  жоғарылату 
жүйесі бар, ол жалғасушы, қайталанушы болуы мүмкін. Мыса-
лы: мектеп мұғалімдері мұғалімдерді жетілдіру институттарында 
белгілі бір уақыт интервалдарымен оқиды,  сол сияқты институт-
тардан дәрігерлерде, инженерлерде және басқа да мамандар білім 
алады. Бұл мағынада, академиялық, ресми түрде де оқу процесі 
ұзақ болуы, маманның еңбектік өмірінің барлығында жалғасуы 
мүмкін. Осы жерде “үздіксіз білім беру” түсінігі туындайды. Бұл 
түсінік әлемнің дамыған елдерінің ғылымдарында маңызды орын 
алады және бұған мамандардың екінші және үшінші білім алуы 
да  енеді.  Осылай  білім  алу  еуропа  елдерінде  де  қолдау  тапқан, 
себебі  техникалық  прогресстің  дамуымен  және  әлеуметтік-
мәдени өмір күрделенуінің, әсіресе қызмет көрсету мен комму-
никация  саласында    бұрынғы  алынған  мамандық  сұранысқа  ие 
болмай  қалады.  Сондықтан  уақыт  сұранысына  жауап  беретін 
жаңа  мамандықты  игеруге  қажеттілік  туындайды  және  сондай 
жағдай барлық елдерде жүреді. “Үздіксіз білім беру” − концепция 

Аманат
58
ретінде  қалыптасты,  оны  Еуропа  елдері  мен  Ресей  ғалымдары 
өңдеу  үстінде,  бұл  концепцияға  Қазақстанда  да  көңіл  аудару-
да,  бірақ,  ғылыми  жоспарда  бұл  жеткілікті  анықталмаған  және 
өңделмеген. Егер қазіргі заманғы адам немесе индивид уақыт та-
лабы мен сұранысынан тыс қалғысы келмесе, егер сұранысқа ие 
маман болғысы келсе, онда ол барлық уақытта оқуға,білім алуға, 
тәжірибеге және т.б. ұмтылуы қажет. Ол өзін-өзі жетілдіріп отыра-
ды. Бұл жағдайда өзін-өзі құрылымдау ерекше мәнге ие. Өзін-өзі 
құрылымдаудың шегі жоқ,  “Ғасыр бойы өмір сүрсең-ғасыр бойы 
білім ал”  деген қағидадағыдай адам өмір бойы оқиды. Әр адам 
кез келген  жаста, кез келген әлеуметтік жағдайда оқуы, үйренуі 
қажет.  Нақты  мағынада  өзін-өзі  құрылымдау  үздіксіз  білім  алу 
деген  сөз.  Қазіргі  заманғы  адам  өзінің  білімін  бұрынғыдай  тек 
қана  ЖОО-да  ғана  жетілдірмейді.  Ол  ілімін,  білімін  кітаптар, 
БАҚ  арқылы,  газеттер,  журналдар,  теледидар,  радио,  интернет, 
компьютердің көмегімен толықтыра алады. Адамның әлем тура-
лы,  ғылым  жетістіктері,  саясат  және  басқа  да  оқиғалар  туралы 
білімін толықтыратын ақпараттың көп түрлі құралдары бар. Со-
нымен бірге, білімді дистанциондық үлгісі арқылы алуға болады, 
бірақ бұл үлгі бізде әзірге онша дамымаған. Компьютер арқылы 
барлық ақпарат түрлеріне, соның ішінде кітаптарға, мақалаларға, 
әр  түрлі  халықаралық,  аймақтық,  ұлттық  ғылыми  конферен-
ция  материалдарына  қол  жеткізуге  болады.  Қазіргі  замандық 
технологиялардың  бұл  мүмкіндіктері  өзін-өзі  жетілдіруге, 
мамандығы бойынша кәсіби деңгейін көтеруге, дүниетанымдық 
көзқарасын ұлғайтуға жағымды жағдай жасайды. Академиялық 
білім  алудың  барлық  түрлері,  өзін-өзі  жетілдіру,  білімді 
толықтыру  және  кеңейту  үшін  әртүрлі  курстарда,  семинарлар-
да  білім  алу  мүмкіндіктері  үздіксіз  білім  берудің  элементтері 
ретінде  барлық  адамдар  мен  индивидтер  қол  жеткізе  бермейді. 
Құқықтық  жағынан,  яғни  заң  бойынша  әлемнің  көптеген 
елдерінде адамдар қалаған білімдерін алуға құқылы. Бірақ, бұл 
тек қана заңдық мүмкіншілік, әрине бұл маңызды. Бұл мүмкіндік 
Конституцияға  сәйкес,  Қазақстанның  барлық  азаматтарына 
беріледі.  Бірақ,  бұл  мүмкіндікті  пайдалану  барлық  адамдардың 
қолынан  келе  бермейді.  Оның  себептері  өте  көп.  Білім  алуға, 
үйренуге  ұмытылысы  жоқ  адамдар  да  аз  емес.  Неліктен  –  бұл 

Аманат
59
басқа  сұрақ.  Кейбіреулері  денсаулығына  байланысты  білім 
ала  алмайды  немесе  алғашқы  білім  сатыларында  тоқтатуға 
мәжбүр  болады.  Кейбіреулердің  білім  алуына  сыртқы  жағдай  
бөгет  жасайды.  Айталық,  −  соғыс.  Кейбіреулерінің  отбасылық 
жағдайларға,  өмірдің  материалдық  шарттарына  байланысты 
оқуға мүмкіндігі болмайды. Балалар тұратын жерде орта мектеп 
болмаса, ал басқа ауылдық пунктке барып білім алуға мүмкіндік 
жоқ.  Бір  сөзбен  айтқанда,  адам  білімнің  барлық  деңгейінен 
өте  алмауының  себептері  өте  көп.  Соған  қарамастан  көптеген 
адамдарға барлық академиялық сатылардан, білім деңгейлерінен 
өтіп, жоғарғы білім туралы диплом иегерлері бола алады, кейде 
екі немесе үш диплом иегері, магистр кандидат, ғылым доктор-
лары болуға қол жеткізеді. Көп себептер адам тәрбиленетін отба-
сы мүмкіндіктеріне тәуелді. Нарықтық заман талаптарына сәйкес 
көп жағдайда, білім алу ақылы болып отыр. Ал оны бүкіл ата-
аналар төлей алмайды. Бұндай жағдайда,  адам тек орта біліммен 
шектеледі. Өзін-өзі жетілдіру − шешуші деңгейде адамның өзіне, 
оның ерік-жігері, қалауы, ұмтылысына тікелей тәуелді. Бұл жер-
де, әрине, сыртқы факторлар да маңызды орын алады. Айталық, 
адам өз-өзімен айналысып, өзін-өзі жетілдіруіне ынталандыруы 
үшін белгілі бір анықталған жағдай орын алуы қажет. Мысалы, 
өзіңіз  жұмыс  атқаратын  орында  қызмет  бойынша  көтерілу  − 
қандай  да  бір  шет  ел  тілін  біліуіңізге  немесе  қазіргі  маркетинг 
туралы тереңдетілген біліміңіздің болуымен байланысты. Әрине, 
егер адам карьерасын ойлайтын болса, ол осы іспен, яғни өзін-
өзі  жетілдірумен айналысады. Ол қазіргі уақыттағы маркетинг 
түрлерімен байланысты кітаптарды, мақалаларды оқуға, шет ел 
тілдерін үйрену сабақтарына баруға міндетті. Өзің-өзі жетілдіру 
−  ерікті  іс,  бірақ  белгілі  жағдайларда  қажетті.  Қазіргі  әлемде, 
яғни әлеуметтік-экономикалық және рухани өзгерістер қарқынды 
түрде жүріп, құндылықтар мен құндылықты бағыттар жиі өзгеріп, 
бір мамандықтар ескіріп, жаңа, өзекті  мамандықтар пайда болып 
жатқанда, адам әрқашан үздіксіз білім алу жағдайында болуы ке-
рек. Олай етпеген жағдайда ол өмірден арта қалуға, жұмысынан 
айрылып, кедей болу, уақыт сұранысқа ие болмау қаупіне ие.
Мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  білім  беру  мекемелер 
типтері көп түрлі болып қалыптасуда. Қазіргі Қазақстанда мек-

Филос.ғ.д., профессор М.С. Әженов, ә.ғ.д., профессор З.К. Шаукенова, 
ә.ғ.д, профессор М.С. Садырова. 2007 жыл 
Әлеуметтану кафедрасының ұжымы. 2005 жыл

Филос.ғ.д., профессор Ә.М. Нысанбаев, филос.ғ.д., профессор 
М.С. Әженов Қазақстан әлеуметтанушылар Қауымдастығының 
мәжілісінде. 2006 жыл
Профессор М.С. Әженов студенттерімен бірге. 2010 жыл

Аманат
60
тепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру типтері немесе түрлері, 
әр  түрлі  моделдері  айтарлықтай  орын  алады.  Олар:  1)  міндетті 
аналық  мектептері;  2)  сәби  жасындағы  балаларға  арналған 
бөбектер мектептері; 3) бала бақшалар  (2-7 жас аралығы) және 
т.б. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беруді 2 бөлімге бөлуге 
болады. Бірінші бөлім − бала туылғаннан бастап анасымен бола-
ды,  тәрбие және білім алады. Бұл аналық мектеп болып табыла-
ды. Балалардың белгілі бір бөлігі туылған кезінен бастап мектеп-
ке дейін, яғни 6-7 жасына дейін осы ата-ана мектебінде болып, 
өз отбасында тәрбиеленіп, алғашқы ілімдерді үйренеді, бала ата-
анасы  және  басқа  туыстарының  бақылауында  болады.    Қазіргі 
кезеңде республикада  балаларды бала бақшаға беру мүмкіндігі 
барлық жерде бірдей емес, сол себепті балалар мектепке дейінгі  
аралықта отбасында тәрбиеленеді. Әсіресе, бұл жағдай балаларға 
арналған  мекемелері  аз  ауылдармен  селоларға  тән.  Мектепке 
дейінгі  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  екінші  бөлімі  −  балаларға 
арналған  білім  беру  мен  тәрбиелеу  мекемелері  мен  ұйымдары.  
Негізінен  бұл  әр  түрлі  типтегі-профилдегі  балабақшалар. 
Кейбір  балабақшалар  білім  беру  Департаментіне  бағынады 
да,  мемлекеттік  болып  есептеледі.  Балалардың  мұндай  бала 
бақшаларда болуы ақысыз болады немесе төлей алуға болатын 
төлеммен іске асырылады. Бірақ ақысыз (белгілі бір физикалық 
және  техникалық  кемшіліктері  бар  балаларға  арналған  бала 
бақшаларды қоспағанда)  балабақшалар мүлдем аз. Барлық бала 
бақшалар − ақылы. Кейбір жерлерде бала бақшаға төлемақы орта 
тапқа  жататын  отбасылар  үшін  өтуге  боларлықтай  қалыпта,  ал 
кейбір жерлерде айтарлықтай жоғары. Әрине, балалардың мұндай 
мекемелерге қабылдануы үшін ата-аналары ауқатты болуы қажет.
Бәрімізге белгілі, кеңес үкіметі кезінде мемлекет тарапынан 
мектепке  дейінгі  балаларға  арналған  мекемелерге  үлкен  көңіл 
бөлінді.  Бұл мекемелерге балалар ақысыз түрде қабылданды.Бұл 
жүйе  құлағаннан  кейін,  белгілі  себептерге  байланысты,  соның 
ішінде  қаржылық,  мектепке  дейінгі  мекемелердің  құлдырауы 
басталды.  Балаларға  арналған  мекемелер  ғимараттары  өз-
өздерін  сақтап  қалуға  мүмкіндіктері  болмай,  сатыла  бастады. 
Балабақшалардың  көпшілігі  жекешелендіріліп  алынды.  Бұл 
үрдіс ауылда тобырлық сипатта көп байқалды. 90-шы жылдардың 

Аманат
екінші  жартысында  ауылдық  жерлерде  мұндай  мекемелер 
қалмады деп те айтуға болады. 2000 жылдардан бастап Қазақстан 
өкіметі  дағдарыс  жылдарындағы  қираған,  балаларға  арналған 
мекемелерді  қалпына  келтіруге  және  жаңадан  салуға  байланы-
сты  шешуші  шараларды  қолға  ала  бастады.  Бұл  мақсаттарға 
бюджеттен  көп  мөлшерде  қаржы  бөлінуде.  Қазіргі  уақытта 
Қазақстанда  2000  жылмен  салыстырғанда  мектепке  дейінгі 
балаларұйымдарының сандары біраз өскен.
Жазылғандарды  қорытындылай  отырып,  білім  әлеуметануы 
Қазақстанның  жаңа  шынайылықтарымен,  білім  берудің  Жаңа 
Реформасына  байланысты  өзінің  дамуында  артта  қалып 
отырмағандығын көрсетеміз. Онда зерттелмеген мәселелер және 
жаңа тақырыптар көп, олар өздерінің зерттеушілерін табады деп 
үміттенеміз.

Аманат
62

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет