ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Сәкен Қаламқалиұлы
География ғылымдарының
докторы, профессор
Дәулетқалиев Сәкен Қаламқалиұлы 1935 жылы Батыс Қазақ-
стан облысы Тасқала ауданы Амангелді кеңшарында дүниеге
келген. 1958 жылы Ленинград гидрометеорология институтын
бітіріп, Қазақ ғылыми энергетика зерттеу институтына жіберілді.
1971 жылы «Вероятностные прогнозы речного стока и
их использование при эксплуатации ГЭС» атты тақырыпта
кандидаттық диссертациясын қорғады. 1972 жылдан бастап
С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де жұмыс істеп келеді. 1985-1993
жж. құрлық гидрологиясы кафедрасының меңгерушісі болды.
1996 ж. «Статистическое моделирование гидрологических рядов
и гидрографов стока рек» атты тақырыпта докторлық диссерта-
циясын қорғады (ЛГМИ, Санкт-Петербург).
«Еңбек ардагері» медалімен, «Халыққа білім беру ісінің үздік»
белгісімен, сонымен қатар студенттердің ғылыми жұмыстарына
жетекшлік еткені үшін Білім министрлігінің дипломдарымен
марапатталған. 2008 жылы «Еңбек майданының ардагері» белгісі-
мен марапатталған. 2010 ж. «ҚазҰУ-дың үздік ұстазы» атағының
иегері.
Аманат
63
БІЛІМДІ КІСІ ӨЗ ЖОЛЫН ӨЗІ ТАБАДЫ
М
ен, Дәулетқалиев Сәкен Қаламқали-
ұлы 1935 жылы 18 маусымда Батыс
Қазақстан облысы Каменка ауданы 1-ші
Чижа ауылында (қазіргі Тасқала ауданы Амангелді
ауылы) көп балалы шаруа отбасында дүниеге
келдім. Әкем – малшы, анам – колхоздағы егіндік
алқабының жұмысшысы. Мен үйдің кенжесімін,
алдымда бес ағам, үш әпкем болды. Ұлы Отан
соғысы жылдары Чижа ауылының төрт жылдық
бастауыш сыныбында оқыдым. Сыныбымызда бір
ұл, бір қыз, небары 2 оқушы болдық. Ол қыздың
сабақ үлгерімі маған қарағанда төмендеу бол-
ды да, сабақтың көбін менен сұрайтын. Үлкен
қиыншылықтарға қарамастан, сабақ үздіксіз жүр-
гізіліп тұрды. Біздің үй мен бастауыш мектеп 1-ші
Чижа өзенінің бойында орналасқан, сон дықтан
жаз күндері суға шомылудан қолымыз тимейтін,
қысы-жазы өзеннен балық аулайтынбыз. Өзеннің
суы сондай таза, мөп-мөлдір болатын. Өзен суына
мал да суаратынбыз, өзіміз де ауызсу ретінде пай-
даланатынбыз, бірақ ешкім ауырмайтын.
Ол кезде мектептегі сабақ еңбекпен ұштастырылатын. Күзді
күні мектеп оқушыларын масақ жинауға, ал жазғытұрым шөп
жұлуға салатын. Отан соғысы уақытында колхоз жұмысына ат
салысқаным үшін, Үкімет маған жұмыс майданының ардагері
деген атақ берді. Соғыс уақытында бірталай қиыншылықтар
көрдік. Ауылда аштықтан қайтыс болған адамдар да болды. Екі
ағам майданда офицер болатын, олар бізге ай сайын ақша жіберіп
тұрды. Соның арқасында біздің жанұя көп қиыншылық көрген
жоқ. Дегенмен соғыс қасіреті біздің үйді де айналып өткен жоқ.
Ел басына түскен ауыртпашылық бізге де түсті.
Үлкен ағам Ленинградта Технология институтында оқитын,
1941 жылы оқуы аяқталысымен, майданға шақырылды. Одан
Аманат
64
кейінгі ағам Башқұртстанда Стерлитамак деген қалада әскер
сапында болатын, майданға сол жерден аттанды. Үшінші ағам
1942 жылы әскерге шақырылып, 1943 жылы Ленинград түбінде
20 жасында қыршын кетті. Төртінші ағам майданға 1944 жылы
шақырылып, 1945 жылы Берлин түбінде 20 жасында ерлікпен қаза
тапты. Тірі болса жазушы болар ма еді. Аздап ақынжандылығы да
бар еді. Жасынан кітап-газетті көп оқитын, мақалалар жазатын.
Ең соңғы хатында бір шумақ өлең жазып жіберіпті:
Сәлем хат құрбы-құрдас, дос жаранға
Елдегі аға-іні, қарындасқа
Бұл Досым енді сізді көре алам ба
Сәлем айт артта қалған ата-анаға.
Жеріне Германияның келіп тұрмыз
Дауысын пулиметтің естіп тұрмыз
Бір алла сақтай гөр деп жалбарынып,
Сәлемді қаламменен жолдап тұрмыз.
Отан соғысы уақытында өмір қандай қиын болса да, ха-
лықтың көңілі, сенімі өте жоғары болатын. Колхоз жұмысына
бар ынталарын салып, аянбай қызмет ететін. Жұмыстан кейін
кешке жиналып ән салып, гармон ойнап, би билейтін. Сол
күндер әлі көз алдымда. Екі ағам соғыстан аман келді. Үлкеніміз
Дәулетқалиев Мендеш мені өзімен бірге 1946 жылы Алматыға ала
келіп, мемлекеттік бақылау министрлігіне жұмысқа орналасты.
Одан кейінгі ағам Сейіткерей ауыл мектебінде дене шынықтыру
пәнінен сабақ берді. 1949 жылы ол ағам жанұясымен бірге анамды
Алматыға көшіріп әкелді. Мен 1947 жылдан бастап үлкен ағам
Мендештің жанұясында тәрбиелендім.
1948 жылдан бастап оқуымды жалғастырдым. Бұл Алматы-
дағы жалғыз ер балалар мектебі болатын. Мектепте білігі мол,
білімдері өте жоғары ұстаздар қызмет жасады. Бірнеше жылдар
бойы мектеп директоры К. Айманов болды. Ол кісі кейіннен
Жоғарғы оқу білімінің Министрі лауазымына дейін көтерілді.
Бұл мектептің бір ерекшелігі 8-ші сыныптан бастап физика-ма-
тематика пәндері орыс тілінде жүргізілетін. Мұның 1958 жылы
Ленинградтағы гидрометеорологиялық институттың гидрология
факультетіне түсіп, орысша оқығанымда көмегі көп тиді. Мен
Аманат
65
5 жыл жатақханада тұрдым, бірақ бірге оқитын Толя Слободян
деген жолдасым жеке меншік үйде тұратын. Емтихан кезінде сол
жолдасым мені үйіне апарып қондырып, күні-түні сабаққа дайын-
далуыма көмектесті. Осының нәтижесінде, ортаға тез бейімделіп,
бірінші сессияны өте жоғары бағамен бітірдім.
Тағы бір айтатын мәселе сол жылдары басқа республикадан
және шет елдерден келген кісілерді Ленинградтықтар қатты
құрметтеп, сыйлайтын. Біздерге барлық жол ашық болды, театр-
ларда билет болмай қалған жағдайда, біздерге билет тауып беретін.
Қызық өмір – студенттік өмір ғой. Оған қоса Ленинградтағы
музейлер мен театрлар қандай тамаша, ұмытылмас студенттік
шақ, қызық кештер мен ойындар. Өкініштісі ондай кештер қазір
жоқ. Ұмытылмас оқу-өндірістік практикалар естен әлі күнге
дейін кетпейді.
1953 жылы Ленинград гидрометеорологиялық интституты-
ның гидрология факультетіне оқуға түсіп, оны 1958 жылы бітіріп,
инженер-гидролог дипломын алдым. Оқу-өндірістік практика-
сын Ленинград қаласы түбіндегі Оредеж өзенінде, Мемлекеттік
гидрологиялық институтының (МГИ) Валдай тәжірибелік ба-
засында, Рыбинское бөгенінде және Ташкентте (Өзбек ССР
гидрометқызмет Басқармасында) өткіздім.
1958 жылы жолдама бойынша ҚазССР ҒА-ның Энергетика
институтына (қазіргі Казэнергетика ҒЗИ) жұмысқа жіберілдім.
Жұмысты су-энергетикалық проблемалар бөлімінде кіші лабо-
рант қызметінен бастап, біртіндеп аға лаборант, инженер және
кіші ғылыми қызметкер санатына дейін көтерілдім. Бұл жыл-
дары ҚазССР су энергетикасы кадастрын дайындауға және ба-
спадан шығаруға, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы жылдық
ағындысын зерттеуге, сондай-ақ ағындынның жыл ішінде таралуы
заңдылықтарын зерттеуге қатыстым. Бұл жұмыстар техника ғы-
лымдарының докторы Н.С. Калачевтің және география ғылым да-
рының кандидаты Л.Д. Лаврентьевтің басшылығымен орындалды.
1964 жылы ҚазССР Энергетика институтының аспиранту ра-
сының күндізгі бөліміне оқуға түстім. Диссертациялық жұмы-
сымның тақырыбы – «СЭС-ті пайдалануда гидрологиялық
болжамдарды қолдану». Жұмыстың жетекшісі болып техника
ғылымдарының докторы, Мәскеу энергетикалық институтының
Аманат
66
профессоры Т.Л. Золотарев тағайындалды, аспирантура мерзі-
мі нің бітуіне бір жыл қалғанда Т.Л. Золотарев қайтыс болып,
жұмысымды өз бетіммен басқа мамандар кеңестерінің көмегімен
бітіруге тура келді. Аспирантураны бітіргеннен кейін, дис сер та-
циялық жұмысымның тақырыбына сәйкес техника ғылым дары-
ның докторы В.А. Киктенко басқарған гидроэнерготорап тар дың
параметрлері мен режимдері лабораториясына ауыс ты рылдым.
Диссертациялық жұмысты дайындау кезінде Ново си бирск, Ир-
кутск СЭС-терінің жұмыс режимдерімен, сон дай-ақ Мәскеудегі
КСРО біріккен диспетчерлік басқармасы (БДБ), Кемерова
қаласындағы Батыс-Сібір БДБ жұмыстарымен таныстым. Техни-
ка ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін іздену жолын-
дағы кандидаттық диссертациямды «05.279 – Гидростанциялар
және гидроэнергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша
1971 жылы Энергетика институтында қорғадым.
Диссертациялық жұмысымда өзен ағындысының ықти мал-
дық болжамдарын қолдану принциптері қарастырылған, гидро-
ло гиялық болжамдарды пайдаланудың тиімділігін бағалау және
СЭС-тердің тиімді режимін анықтауда шартты-болжамдық гидро-
графтарды таңдау тәсілдері жасалған. Статистикалық шешімдер
теориясы негізінде су бөгенінің тиімді тереңдігін және болжам-
ды ескеру арқылы бөгеннен жіберілетін су мөлшерін анықтау
әдістері сипатталған.
Энергетика институтында (ҚазҒЗИ) жұмыс істеу барысында
өмірлік және ғылыми-өндірістік мектептен өттім, ғылыми қыз-
меткер қатарына қосылдым. Бұған сондай-ақ белгілі гидролог, тех-
ника ғылымдарының докторы, профессор И.В. Бусалаевпен таны-
суым және онымен бірге жұмыс істеуім, оның ғылыми жұмысыма
басшылық жасауы және оқытушы болуы маған зор әсерін тигізді.
Мұнда гидрология, су шаруашылығы, су энергетикасы есептері
облысында еңбек ететін көптеген белгілі ғалымдармен таныстым
және олармен пікір алмасуға мүмкіндік алдым. Ол ғалымдар:
С.Н Крицкий, М.Ф. Менкель, Н.А. Картвелишвили, Г.Г. Сванидзе,
Л.С. Беляев, Е.В. Цветков, А.М. Резниковский, А.Л. Великанов,
Д.М. Маматканов және т.б.
1972 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің гидрология кафед-
ра сына оқытушылық жұмысқа ауыстым, әрі осы күнге дейін
Аманат
67
осында қызмет атқарудамын. Кафедрада аға мұғалім, доцент,
кафедра менгерушісі (1985-1992 жж.) қызметтерін атқар дым
және 1998 жылдан бастап кафедра профессорымын. «Гидро-
логиялық болжамдар», «Гидрологиялық ақпаратты өңдеудің
математикалық әдістері», «Гидрологиялық есептеулер дің
дәлдігін бағалау» сияқты базалық пәндерден орыс және қазақ
тіл дерінде дәріс оқимын. Аталған пәндерден басқа, «Су шаруа-
шылығы және су шаруашылығы есептері», «Халық шаруа шы-
лығын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету экономикасы»,
«Гидрологиялық есептеулер», «Жалпы гидрология», «Гидро-
логиядағы есептеу әдістері» және арнайы курстар бойынша –
«Гидрологияның философиялық проблемалары», «Су сапасы
модельдері», «Гидрологиялық қатарларды статистикалық үлгі-
леу», «Статистикалық есептеулер техникасы» сияқты пәндерден
дәріс оқыдым.
Мен курстық, бітіру, дипломдық жұмыстарға, магистрлік
диссертацияларға және студенттердің ғылыми жұмыстарына
басшылық етемін. Менің басшылығыммен орындалған студенттік
ғылыми жұмыстар бірнеше рет жүлделі орындарды жеңіп алды.
1985 жылы Бүкілодақтық конкурсқа қатысқан студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмысын табысты басқарғаным үшін, КСРО
жоғарғы оқу орнының және ЦК ВЛКСМ дипломдарымен мара-
патталдым.
Мен әдістемелік жұмыстарға көп көңіл бөлемін. Мен
ҚазҰУ-дің профессорлар мен оқытушылар құрамының ғылыми-
әдістемелік конференциясының және Ресей мемлекеттік гидро-
метеорологиялық университетінің жанындағы гидрометеоро-
логия мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кеңестің белсенді
мүшесімін. Менің барлық оқитын пәндерімнің лабораториялық
жұмыстарының орындалу тәртібі, сондай-ақ «Гидрологиялық
болжамдар» пәнінен оқу бюросын жүргізу ережелері жөнінде
әдістемелік нұсқаулықтар құрастырылған. Мен төрт әдістемелік
және он екі оқу құралының авторымын, оның ішінде бесеуі қазақ
тілінде жазылған, сондай-ақ дайындау бағыты «511230 – Гидро-
метеорология», мамандануы «511251 – Құрлық гидрологиясы»
магистранттарына арналған «Гидрологиялық ақпаратты өңдеудің
математикалық әдістері» және «Гидрологиялық болжамдар»
Аманат
68
пәндерінен конспектілер электрондық түрде дайындалған.
Атал ған курстардан, сондай-ақ лабораториялық жұмыстардың
орын далуы бойынша практикумдар электрондық нұсқада
құрас тырылған. Гидрологиялық және гидрометеорологиялық
маман дықтар бойынша бірқатар Мемлекеттік стандарттарды
жасауға қатыстым. «Гидрологиялық ақпаратты өңдеудің әдіс-
тері» және «Гидрологиялық болжамдар» пәндерінен типтік бағ-
дарламалар, студенттер білімін тексеру тестілерін дайындадым.
2012 жылы Д.Қ. Джусупбеков және М.М. Молдахметовпен бірігіп
«Гидрологиялық ақпаратты математикалық өңдеу әдістері» атты
оқулық шығардық.
Мен өзімнің біліктілігімді көтеруге де көп көңіл бөлдім.
Бірнеше рет ТМД елдерінің озық жоғарғы оқу орындарында және
мекемелерінде стажировкадан өттім, атап айтсақ олар: Одесса
гидрометеорологиялық институты 1975 және 1988 жыл дары,
Мәскеу мемлекеттік университеті 1983 ж., Ленинград гидро-
метеорологиялық институты 1975 жылы, әл-Фараби атын дағы
ҚазҰУ-дің біліктілікті көтеру институты 1998 жылы, 1977 жылы
ҚазҰУ-дің Марксизм және Ленинизм университетін бітірдім.
Мен ғылымның сара жолына түскелі бері ғылыми жұмыстар-
мен белсенді айналысып келемін. Менің ғылыми жұмыстарым
мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімдік, ғылымның
басымдық бағытының гранттық тақырыптары шеңберінде
жүргізілді.
Шаруашылық келісімдік тақырыптары бойынша Үлкен Ал-
маты каналын кесіп өтетін өзендер мен және ағынсулардың ең
жоғарғы ағындысы (Казгипроводхоз тапсырысы бойынша), Сібір
өзендері ағындысының бір бөлігін Орта Азия мен Қазақстанға
бұру проблемасы (Союзгипроводхоз), Павлодар облысының су ре-
сурстарын бағалау (Павлодармелиорация) және Балқаш көлі ала-
бы (ҚР БжҒМ география институты) бойынша ғылыми зерттеулер
жүргіздім. Мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша ол ТМД
елдерінің басымдық бағыты және ҚР БҒМ гранттық тақырыптары
бойынша гидрологияның және су шаруашылығының іргелі
зертеулері бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстарға қатыстым.
Менің докторлық жұмысым (1996 жылы Санкт-Петер-
бург) қазіргі стохастикалық гидрологияның өзекті мәселелеріне
Аманат
69
арналған. Диссертацияның тақырыбы: «Гидрология лық қатар-
ларды және өзендер ағындысы гидрографтарын статис тикалық
модельдеу». Диссертацияда өзендердің жылдық және айлық
ағындылары қатарларын бір және бірнеше бақылау бекетінде
статистикалық модельдеу мәселелері, бастапқы мәліметтер
болмағанда, оларды моделдеу принцип тері қарастырылған. Мұн-
дай мәселелерді шешу үшін канондық жіктеу әдісін қолданудың
тиімділігі негізделді және дәлелденді. Энтропия максимумы
принципі негізінде үлестірім қисықтарын алу және оларды
таңдау тәсілдері жасалды. Менің гидрологиялық қатарларды
статистикалық үлгілеу бойынша жүргізген зерттеулерімнің
нәти желері трансшекаралық Іле және Ертіс өзендерінен ҚХР
аумағынан алынуы мүмкін су мөлшерін ескеру арқылы Бал-
қаш көлі деңгейінің және минералдануының өзгеруіне ықти-
малдық болжам жасауға, сондай-ақ бөгендердің көпжылдық су
сыйымдылығын анықтауға арналған номограммаларын тұр-
ғызуға қолданылды. Бұл номограммалардың бір бөлігі белгілі
«Гидротехникалық құрылыс» атты Ресейлік ғылыми жорналы-
ның екі нөмірінде жарық көрді.
Мен 120-ден астам ғылыми жұмыстардың авторымын. Мен
Халықаралық, бүкілодақтық, республикалық съездерге, форум-
дарға және конференцияларға үнемі қатысып отырамын. Менің
зерттеулерімнің негізгі нәтижелері: «Метеорология және Гидро-
логия», «Гидротехникалық құрылыс» журналдарында, Энер-
гетика институты, КазГМҒЗИ еңбектерінде және IV, V – Бүкіл-
одақтық, VІ – Бүкілресейлік гидрологиялық съездерде және т.б.
басылып шықты. Бірталай еңбектерім жоғарғы деңгейлі импакт
факторы бар ғылыми жорналдарда басылды. Мысалы 2012 жылы
бір мақалам метеорология және гидрология журналында басы-
лып шықты. 2-ші мақалам 2013 жылы Ресей академиясының
«Водные ресурсы» жорналында жарыққа шығатын болды. 2009-
2011 жылдары ЖШС География институтында Қазақстанның су
ресурстарын бағалау жоспары бойынша бір бөлімін дайындауға
қатыстым. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша көлемі
үлкен монография жазып шығардық. Қазақстанның су қорлары:
бағалау, болжау, басқару. Оның біздің кафедрада зерттелген
бөлімі: Батыс, Солтүстік, Орталық өзендерінің су ресурстары.
Аманат
70
Қазір өзіміздің университетте грантпен қаржыланатын екі жоба
бойынша ғылыми жұмыспен айналысудамын.
Мен тәрбие беру жұмысына белсеңді қатысамын. 40 жыл
бойы студенттер топтарының кураторы болып келдім. Ертеректе
студенттермен бірге астық жинауға Қостанай облысына бірнеше
мәрте жетекші болып бардым. Сол жылдары облыстың құрмет
грамотасымен марапатталдым.
Мен қоғамдық жұмыстарға да белсене араласамын. 7 жыл
бойы факультеттің ДНД штабының бастығы, 5 жыл бойы
факультеттің ғылыми хатшысы, факультеттің докторлық дис-
сертацияларды қорғау Кеңесінің ғылыми хатшысы болдым.
40 жылдай факультеттің жұмыстық Кеңесінің мүшесі болдым,
«25.00.27 – құрлық гидрологиясы, су ресурстары және гидрохи-
мия» мамандығы бойынша 2000-2010 жж ҚР БжҒМ География
институтындағы докторлық диссертацияны қорғау Кеңесінің
төрағасының орынбасары және аталған мамандық бойынша
Қырғызстан Республикасының докторлық диссертацияны қорғау
Кеңесінің мүшесімін. Қазір метеорология және гидрология
мамандығы бойынша республикалық оқу-әдістемелік төрағасы
болып жұмыс істеймін. Әр жылдары жасаған жұмыстарым
ескеріліп, нәтижесінде мен университеттің құрмет грамотасымен,
«Еңбек ардагері» медалімен, «ҚР білім беру озығы» белгісімен
марапатталдым.
2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасының «Әлеуметтік-эконо-
ми калық жаңғырту- Қазақстанның дамуының басты бағыты»
тақырыбында Қазақстан халқына арналған жолдауында және
«Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында білім беру, кадр-
ларды дайындау, жастарға тәрбие беру мәселесіне ерекше көңіл
бөлген. Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық дамуы-
ның негізі екендігі айтылған. Қуатты ел болу үшін жастар білімді
болу қажеттілігі көрсетілген.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес біздің міндетіміз студент-
тердің білім алу ықыласын арттыру, ақпараттық-коммуника-
тивтік техноло гия ларды пайдалану, өзіндік-ізденіс жасауды
практикаға айналдыру. Сапалы білім беру, тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдану білім алушыларға кітапта сирек кездесетін мәліметтерді
жет кізу. Тақырыпты түсіндірген кезде талапкердің өзін тікелей
Аманат
71
қатыстырып, дәрісті сұрақ-жауап түрінде өткізу. Сабақты түсінікті
түрде жүргізу. Студенттермен ортақ тіл табу. Әрбір пән бойын-
ша мемлекеттік тілде оқулықтар жазу, электронды оқулықтарды
қолдану.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысуға қызық-
ты ру қажет, зерттеудің неге керектігін түсіндіру, одан елге келе тін
пайданың болатындығын жеткізу де ұстазға жүктелетін міндет.
Студенттерге отаншылдық-патриоттық тәрбие беру, халық-
аралық достық қағидаларын ұстану сияқты қасиеттерді бойла-
рына сіңіру эдвайзер-куратордың басты ұстанымы болуы тиіс.
Сонымен, салауатты, білікті, тәрбиелі мамандарды дайындау ел
болашағы, тәуелсіздігіміздің кепілі.
Студенттерге айтарым:
Білімді, сауатты, тәрбиелі маман болыңдар. Студенттік мін-
детті орындаңдар. Сабаққа тұрақты қатысып, тапсырмаларды
уақытында орындаңдар. Университетте оқытушылар сіздерге
білім есігін ашып берді. Әрі қарай өздеріңіз әр түрлі әдебиеттерді,
мақалаларды оқып, біліктілігіңізді арттыруға тиіссіздер. Білімді
кісі өз жолын өзі табады.
Үш тілді: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін терең меңгеруге ты-
рысыңыздар. Абай атамыз айтқан: басқа халықтың тілі ғылымды
меңгеруге көмектеседі. Шет ел тілін, ол елдің мәдениетін білу,
сізді сол елдің азаматтарымен теңдестіреді. Біріншіден ана тілін
жақсы білуге, құрметтеуге тиіссіздер.
Халықаралық достықты, ұлтаралық келісімді сақтандар,
заңды жақсы біліп, оны құрметтеңдер.
Әдепсіздіктен, жалқаулықтан, жауыздықтан, іссіздіктен сақ-
та ныңдар. Ешкімге жамандық ойламаңдар. Ата-ананы, достар-
ды, үлкен кісілерді сыйлай біліңдер. Барға разы болып, өмірді
жақсарту жолын адалдықпен, еңбекпен іздеңіздер. Сіздерге Ақ
жол, болашақ сіздердікі.
Аманат
72
ЖҰМАТОВ
Ғаббас Жұматұлы
Тарих ғылымдарының кандидаты,
профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері
Жұматов Ғаббас Жұматұлы 1918 жылы 20 қыркүйекте
Павлодар облысы Баянауыл ауданы № 10 ауылда дүниеге келген.
Мәскеуді қорғауға, Украина, Карпат таулары жанындағы,
Трансильвания жазығындағы ұрысқа, Румынияда, Югославия-
да, Венгриядағы қантөгіске қатысып, Венада соғысты аяқтады.
Брест қамалын қорғауға қатысқан.
1950 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетін үздік бітіріп, аспи ран-
тураға қалдырылды. Кандидаттық диссертация қорғаған нан кейін 50
жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үздіксіз жұмыс істеді.
Соғыс ардагерлері ісі жөніндегі Республикалық Орталық Кеңес-
тің мүшесі болды. Қазір соғыс ардагерлері мен зейнеткер лердің
қалалық Кеңесінің мүшесі. 1984 жылдан бастап әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ соғыс және еңбек ардагерлері қоғамының тұрақты төрағасы.
Оған «Республикаға сіңірген еңбегі үшін» медалімен қа-
тар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді
(1979 ж.). 1990 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет гра-
мота сымен, 20 үкіметтік наградамен, Кеңес Армиясы Жоғары Бас
қолбасшысының алғыс хаттарымен, Жоғары білім министр лігінің,
Қазақстан Жоғары мектебі ғылыми мекеме лерінің ОК кәсіподақтары
Президиумының, сонымен қатар соғыс ардагерлері Бүкілодақтық
комитетінің грамоталары және дипломдарымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлы
Отан соғысы Жеңісінің 55-жылдығына арналған салтанатты
жиындағы баяндамасында Ғ.Ж.Жұматовтың есіміне ерекше тоқ-
талып, алғыс айтты.
Аманат
73
Достарыңызбен бөлісу: |