Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет25/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Консервативтік (латынның консервативус – қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ХVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсеңдетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Мұның бәрі жаңарған консерватизмге жаңа леп беріп, Батыс елдерінде орта таптың идеологиясына айналдырды. Оның үстіне ол ХХ ғасырдың 70 жылдарында экономикалық құлдырауды тоқтатудың жолын таба білді.
Жаңарған консервапизм өкілдеріне Д.Белл, З.Бжезинский, Н.Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына бұрынғы АҚШ президенттері Р.Рейган, Д.Буш, Англияның бұрынғы премьер-министрі М.Тэтчер, ГФР-дің бұрынғы канцлері Г.Коль және т.б. кіреді.
Тұңғыш консервативтік партия 1867 жылы Англияда пайда болды. Ал ХХ ғасырдың 80 жылдары консервативтік партиялардың мерейі үстем болып, Англия, АҚШ, ГФР және т.с.с. елдерде олардың өкілдері билік басына келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет