Тақырып: Саясаттану – ғылым және оқу пәні. Жоспар: 1 Саясат ғылымының пайда болуы, қалыптасуы. 2. Саясаттанудың әдіс –тәсілдері мен қызметтері. 3. Саясаттанудың негізгі парадигмалары. 4. Саясаттанудың басқа ғылымдармен байланысы, маңызы. 1. Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал теориялық жағынан зерттеу бірінші мыңжылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған.
Саясаттану сөзі(политология) гректің “политика” және “логос”деген сөздерінен шыққан, яғни “саясат туралы ғылым” деген мағынаны білдіреді.
Б.з.б. мыңжылдықтың ортасында саясатты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық –этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.
Ал саясатты қазіргідей түсінуге улкен улес қосқан XVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылдық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашылды. Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж.Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо, Томас Джефферсон, Томас Пейн, Иммануэль Кант, Гегель сияқты көрнекті ғалымдар негіздеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар Академиясы , 1903 жылы Американдық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды. Ең алғаш саяси кафедра 1662 жылы Швецияның Упсаль университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде «Саясат» XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Батыс Европа мен АҚШ-та кең тарады.Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып,толыққанды қалыптасуына 1949жылы ЮНЕСКО -ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясымаңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың,Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері саясаттанушы мамандар дайындайды.