Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет22/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды.
Позитивтік мағынада құқықтар таңдау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтармен салыстырғанда, мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету. Белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді.Мысалы, оған әлеуметтік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылық және т.б. жатады.
Адамдардың құқықтары мен бостандықтары әр түрлі болады. Орындалу, іске асырылу ортасына қарай олар азаматтық (жеке, дербес), саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді.
Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен араластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған мір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар-намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір-қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып-келуіне, тұрақты қоныс тандауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгіңкелгенде қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.
Саяси құқықтар азаматтардың мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуын белгілейді. Оған сайлауға және сайлануға құқықтық; одақтар мен ассоциацияларға, демонстрациялар мен шерулерге, митингілерге еркіндік ; ақпарат хабарлар құқы, сөз, пікір,дінге сену бостандығы және т.б.жатады.
Экономикалық құқық жеке адамның тұтыну заттарын, жеке меншігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет