Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет32/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгерістер біртіндеп жасалады.
Революцияқоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі. Ол әлеуметтік саяси өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады.Бұл екі жолдың да өз жақтастары бар.
Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс- әрекетін бүлік (путч) дейді.
3. адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екіншісінде азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды.Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегіндеекіге бөлінеді. Біріншісі- институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсенділігін білдіретін түрі – сайлауға қатынасу.Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады.Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.
Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады.Сайлау жасырын дауыспен беріледі. Сайлаушының бюллетеньді қалай толтырып жатқанын ешкімнің бақылауға қақысы жоқ. Кейбір елдерде сайлау нәтижесін бұрмалауға жол бермеу үшін арнаулы дауыс беру машинасын пайдаланады. Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлауға ұқсас келетін – референдум. Бұл- заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасалған тікелей үндеу.
Референдумның бір түріне плебисцит (латынның қарапайым халық және шешім деген сөздерінен шыққан) жатады. Ол, әдетте халықаралық қатынастарда басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.Саяси процескке қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа, шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет