Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы



бет31/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
2.Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келді.
3. Саяси - басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама – қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын тыныштығын тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек.
4. Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты,қорытынды жасау кіреді.
Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады:
1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі.
2.Саяси тәртіптің дамуы.
3.Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы.
Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.
2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институцияланған түрлерінен, олардың іс-әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылым өзгертіп бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықалының деңгейін көрсетеді.
Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократиялық түрінде халық билейді.Антидемократиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады.
Атқаратын қызметінің жариялығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттармен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді. Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.
Қатынастардың өзара тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі. Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік, кикілжіндерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың жағдайы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс-қимылын қабылдайды. Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оларға халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кикілжіндер себеп болады. Қайшылықтардың күшейіп,асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет