Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Социал-демократия идеологиясы



бет27/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Социал-демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Қазір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандандыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялық түлеген индустриалды өркениеттілік орнатпақ.
Социал-демократияның Социалистік интернационал деп аталатын халықаралық ұйымы бар. Оған барлық континенттен 70-ке жуық партиялар кіреді. «Социалистік интернационалдың принциптер Деклорациясында» (1989) әлемдік мәселелерді шешуге зор көңіл бөлінген. Оларға кіретін басым бағыттар: бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Батыс пен Шығыстың арасындағы қатынастарды жақсарту, колониализм мен нәсілшілдікті жою, жаңа халықаралық экономикалық тәртіпті жасау, қоршаған ортаны сақтау және т.б.
Фашизм (Италияның фашизмо – бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше (1844-1900), Дж.Джентилле (1875-1944), О.Шпенглер (1880-1936). Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталандыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айырылған, азғынданған қаңғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914-1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты.
Бұл идеологияның басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа дайындалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А.Гитлердің «Менің күресім» (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан «артықшылығы» дәріптеледі.
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жақтамайды. Дегенмен, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер арқылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының саяси өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм. Оған айғақ – экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін жақсылап ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, әр халықтың өз дәстүрі, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайлары бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Қазақ халықы ерте заманнан бері бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен.
Либералдық құндылықтарды басшылыққа алған реформаның бастапқы кезеңі республикамыз үшін онша сәтті болмады. Мүліктік теңсіздік өрістеп, көпшілік жұрттың өмір деңгейі төмендеп, күйзеліске ұшырады. Сондықтан халықтың жалпы алғанда, либералдық құндылықтарға ұмтылысы бәсеңдеп, жаңа жағдайда өмір сүруге көнбей жатыр. Нарықтың жабайы түрінен біраз шаршаған кейбіреулер баяғы әлеуметтік қорғалуды, теңгермешілікті дұрыс көргендей болып отыр. Коммунистік, ұлтшылдық және т.с.с. идеологиялардың әсері өсіңкіреуде. Әрине, баяғы кеңестік жолға қайта оралу жақсылық әкелмейтіні белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет