Жалпы тәжірибелік дәрігер


*Жедел пневмония *Жедел бронхит



бет2/26
Дата24.12.2022
өлшемі1,16 Mb.
#59427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Жалпы т жірибелік д рігер

*Жедел пневмония

*Жедел бронхит

*Жедел бронхиолит

*Жедел қарапайым бронхит

*Жедел обструктивті бронхит




!12 жастағы бала. Өршу кезеңінде шырышты және шырышты-іріңді қақырық бөлінумен өнімді жөтелге шағымданады. Ауырғанына 2-3 жыл болған, өршуі жылына 2-3 рет. Өкпесінде қатқыл тыныс фонында тұрақты ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар екі жағынан да естіледі, бұл сырылдар бірнеше ай бойы сақталады. Өкпе рентгенографиясында өкпе суретінің күшеюі байқалады. Сіздің диагнозыңыз:

*+Созылмалы бронхит

*Рецидивирлеуші бронхит 

*Созылмалы пневмония

*Созылмалы облитерирлеуші бронхиолит

*Созылмалы обструктивті өкпе ауруы


!6 жастағы бала, 5 жыл бойы пневмонияға байланысты антибактериалды ем қабылдауда. Баланың жалпы жағдайы нашарлаған, интоксикация симптомы жоғарлаған, жөтелі көлемді іріңді қақырық бөлумен, бала селқос, анорексия. Объективті: дене қызуы 39,6º, тері жабындылары боз жер түсті реңмен, жөтел кезінде оң жақ бүйірінде ауырсыну байқалады. Оң жақ жауырын астында тимпаникалық реңмен өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады, аускультативті амфорикалық тыныс, металликалық реңмен дыбысты ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:


*Ауруханадан тыс оң жақты сегментарлы пневмония, жедел ағымы, асқынбаған
*+Ауруханадан тыс ошақты пневмония, жедел ағымы, өкпе абсцессімен асқынған
*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмония, жедел ағымы, плевра эмпиемасымен асқынған
*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмония, жедел ағымы, инфекциялық токсикалық шокпен асқынған
*Ауруханадан тыс оң жақты ошақты пневмония, жедел ағымы, пиоторокспен асқынған

!10 жастағы бала, кезеңді түрде тыныстың қиындауына шағымданады. Анамнезінен: тыныстың қиындау ұстамалары соңғы 1,5 жыл бойы мазалайды, жылына 3-4 рет қайталанады, өздігінен басылады, түнгі ұстамалар жоқ. Анамнезінде атопиялық дерматит. Кеуде клеткасын объективті қарауда және рентгенологиялық зерттеуде патология анықталған жоқ. Спирография ПСВ мағлұматтары бойынша -85%. Диагноз қойыңыз:


*+Интермиттирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта
*Интермиттирлеуші бронх демікпесі,орташа дәрежелі ауырлықта
*Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл дәрежелі ауырлықта
*Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа дәрежелі ауырлықта
*Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәрежелі ауырлықта

!3 апталық ұл бала. 40 апталық гестация мерзімінде туылды, салмағы 4000 г. Қарағанда: селқос, ұйқышыл, беті мен тұлғасының ісінгені байқалады. Тілі үлкен, дауысы қарлыққан, қас аралығы кең. Соруы әлсіз. Өмірінің 3-ші күні терісі сарғыш реңге боялды, сарғыштық 2 апта бойы сақталуда. Қандай зертханалық тексерулерді бірінші кезекте диагнозды нақтылау үшін жасалуы керек:


*Қанда қант деңгейін анықтау
*+Қанда тиреоидты гормондар деңгейін анықтау
*Кариотипті зерттеу
*Жалпы билирубинді анықтау
*Жалпы қан талдауы

!4 жастағы қыз бала, өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға жатпас бұрын 10 күн бұрын жедел бронхитті басынан өткерді. Қарау кезінде тері жабындылары боз-сұр, цианоз, беті ісінген, ентігуі минутына 60 рет. Жүрек шекарасы көлденең кенейген, әсіресе солға қарай. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті, топтық экстрасистолалар естіледі. Жүрек ұшында және V нүктеде I тонға ұқсас реңде систолалық шу орташа қарқындылықта естіледі. Өкпесінде әр түрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз.


*Ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр түрі, Н1 «А»
*Ревматизм, белсенді фазасы, кардит, Н1 «А»
*+Ревматикалық емес кардит, вирусты-бактериалды этиологиялы, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр түрі, Н2 «Б»
*Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр түрі, Н2 «Б»
*Ревматикалық емес кардит, бактериалды этиологиялы, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жеделдеу ағымы, ауыр түрі, Н2 «Б»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет