«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет18/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   188
Байланысты:
материал пед

Проблемалық ситуация тудыру-оқушыларға сұрақ қойып, оны 
шешу ғана емес, мұндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген сұрақтардан мүлдем 
өзгеше. Ол сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды 
жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс
»
дейді. Бұл орайда оқушыға танымдық 
сұрақтар қоюдың маңызы зор. [3] 
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушылардың танымдық, 
шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс жүйелері: 
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа 
баулу,ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды 
жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, 
пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақ түрлері,д ебат 
ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар 
өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, әдістемелік журналдармен 
жұмысқа жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады. [3] 


37 
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында 
мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс 
жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-
көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі 
артады; пәндік теориялық білігі молаяды, ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе 
алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; 
сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте 
шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара 
алады. [3] 
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті 
пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз 
мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – 
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке 
баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, 
өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін 
ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі 
болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы 
қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы 
егемендігімізді нығайтуға үлес қосу – басты парызымыз! [2] 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
https://ust.kz/olimpiada?doc_id=14743&type=1#panel_download_d 
https://bilimdiler.kz/ustaz/1879-okushylardyn-gylymi-shygarmashylyk 
zertteushilik-izdenisin-kalyptastyru.html 
3.
http://sabaq.kz/?p=9054 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет