«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР



Pdf көрінісі
бет52/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   188
Байланысты:
материал пед

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
Карабаева Фарида Жамалатдинкызы 
 
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің 
«Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ 
Инклюзивті білім беру – денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі 
тұлғаларды тәрбиелеу мен оқыту процесі, және өз жасындағы қатарластарымен 
бірге дамыту жұмыстары деп есептеймін. 
Инклюзивті білім берудің ең басты мақсаты - баланың физикалық, 
коммуникативтік, эмоциялық, жеке және зияткерлік әлеуеті тұрғысынан дамуы 
үшін, мүгедектік салдарынан туындаған қайталама ақауларды алдын алу немесе 
жеңу жолында оңтайлы жұмыстар ұйымдастыру, әрі мүмкіндігі шектеулі 
балалардың барлығын мектепте оқу жүйесіне қосып, олардың құқықтарын 
теңестіруді қамтамасыз ету деп айтар едім. 
Инклюзивті білім берудегі ең бірінші назар аударатын мәселе – оқыту 
бағдарламасының мақсаты. Ол мақсат оқушының оқу деңгейіне, оқу дәрежесіне 
сай болуы тиіс. Сол себепті, пән мұғалімі оқушының ерекшелігіне байланысты 
бағдарлама мақсаттарын қысқартып, ерекше білім беруді қажет ететін оқушыға 
тиімді деген мақсатты алып, сол мақсатқа жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді 
қолдана отырып, тапсырмалар әзірлеуі тиіс. 
Ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс жасау үшін ең алдымен 
оқушыны зерттеп, оқушының бейімділігін анықтауымыз қажет. Мысалыға 
айтсақ, 5-сынып оқушысы делік, бастауыш сыныптан енді келген оқушы үшін 
бірнеше жаңа пәндердің қосылуы, оқу бағдарламасының тереңдетіліп 
оқытылуы сәл ауырлау болады. Дегенмен, баланың оқуға деген ынтасын ашып, 
қызықтыру ол әрине – мұғалімнің міндеті. Мұғалім осы тұста әр оқушымен тіл 
табысып, әр оқушының мүмкіндігін анықтайтын, әрі білім дәрежесін 
шыңдайтын, жеке тапсырмалар, кескін қағаздары арқылы зерттеуі тиіс. Өз 


113 
тәжірибемде қазақ тілі пәні бойынша А есімді оқушы, ПМПК-ның зерттеуі 
нәтижесінде белгілі бір диагнозбен ерекше білімді қажет ететін оқушы 
анықтамасымен келді. А есімді оқушымен сөйлесіп, сурет салуға бейім екенін 
анықтадым. Осы сурет салу өнері арқылы оқушымен зат есім, сын есім және 
оның түрлері сияқты тақырыптар өткенде, А есімді оқушыға жеке кесте, кескін 
қағаздары тапсырмалар ұйымдастырдым. Мысалы, зат есім тақырыбы 
бойынша, зате есімнің кім? Не? Деген сұрақтарын айыру мақсатында, оқушыға 
ақ парақ ұсындым. Ол параққа үйдің суретін салды. Екіншң параққа өзінің 
жақсы көретін әжесінің бейнесін салды. Бірақ боямадық. Осы екі сурет арқылы 
А есімді оқушымен зат есім туралы түсінік қалыптастыру жұмыстары 
жүргізілді. Кейінгі сабақтарда сын есім есім түрлерімен таныстық. Сол уақытта 
әлгі салған екі суретті де түрлі-түсті қарындашпен бояп, безендірдік. Түстерді 
бояу кезінде қандай? Қай? деген сұрақтар қойылатынын үйретіп, етістік және 
оның түрлері тақырыбында осы суреттерге әр түрлі қимыл, іс-әрекеттерді 
жанастыра отырып, етістік жайында ақпарат берілді. Осы суреттер арқылы 
жұмыс жасау барысында, баланың сурет салуға деген қызығушылығы арқылы 
бірнеше тақырыпты түсіндіре алдым. Әрі өткен тақырыптар бойынша берілген 
ақпаратты оқушы сапалы қабылдағанына көзім жетті.
Негізі ерекше білімді қажет ететін оқушылардың көпшілігінде танымдық 
белсенділіктің жеткіліксіз деңгейі, оқу бағдарламасына деген мотивацияның 
жеткілікті болмауы, жұмыс жасау қабілеттілігі мен жеке дербес тапсырма 
орындаудағы деңгейлері төмендігі байқалады. Сондықтан оқутыдың белсенді 
формаларын, түрлі әдіс – тәсілдерін іздеу - білім беру және түзету-дамыту 
процесінің тиімділігін арттырудың қажетті құралдарының бірі болып 
табылады.
Оқутыдың белсенді формалары – өте икемді әдістер десек те қате 
болмайды. Себебі, оқытудың белсенді формаларды әр түрлі жастағы оқушылар 
арасында да, түрлі жағдаяттарда да, тіпті сабақтың кез-келген кезеңдерінде де 
қолдануға мүмкіндік бар. Сөзімді дәлелдеу үшін, сабақ басында қолданылатын 
«Сәлемдесу» жайында айта кетсем: 
Қандай ғажап біздің әлем,
Достарға жолдаймыз Сәлем! 
Қайырлы күн, достым, Сәлем!
Жақсы көңіл-күй менен! 
Бүгін сабақта Ол-Сен-Мен! 
Қайырлы таң, дос, Сәлем! – Міне, осындай қарапайым сәлемдесу арқылы 
ерекше білімді қажет ететін оқушының сабаққа деген ынтасын ашып, тапсырма 
орындауға қызығушылығын оятып, позитивті эмоционалды-психологиялық 
ахуал орнатуға болады. 
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, 
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық 
балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға 
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды 
және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – 


114 
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік 
береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: Адам құндылығы оның 
мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір 
адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге 
асады. Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет 
етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай 
алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын 
кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы 
білім үрдісінің дамуы.
Одан басқа сабақ барысында, жалпы оқыту процесінде оқушымен 
тактильді байланыс орнату өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, А есімді 
оқушы сабақ барысында 1 сұраққа жауап берді, болмаса арнайы тапсырманы 
орындады, мақтау-мадақтау ретінде басынан сипап, арқасынан қағып 
«Керемет», «Жарайсың», «Қандай тамаша», «Өте жақсы! Деген сияқты 
мадақтау сөздерін қосып қойсаңыз, оқушының төбесі көкке жетіп, алға қарай 
ұмтылуға ынталанатыны сөзсіз. Ерекше көңіл-күймен сабақта барынша ат 
салысып, барын салып, өзінің қолынан келетініне әбден сенімді болған А есімді 
оқушы жігерленеді. Менің тәжірибемде осы тактильді байланыстың өте жақсы 
көмегі 
тиді. 
Себебі, 
тактильді 
байланыс 
арқылы 
оқушыммен 
сенділіктіқалыптастырдым. Ал сенімділік оқушы мен мұғалім ортасында болу 
керек деген басты қабілеттіліктің бірі.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында негізі «Кластер», «Инсерт», 
«Кубизм», «+» және «-» деген сияқты тәсілдерді қолдана отырып, ерекше білім 
беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасау барысында, жеке тапсырмалар 
ұйымдастыру кезінде өте тиімді. Себебі, аталған әдіс-тәсілдердің әр қайсысы 
оқушының өзіндік жұмысын нәтижелеу, сараптау бойынша, қатемен жұмыс 
жасауда, болмаса қосымша және жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы 
оқушы сабаққа белсене қатысып, өткізілген сабақтан біршама ақпарат алып, 
жаңа сабақтың қойылған мақсатына да жете алады. 
Мәселен, «Миға шабуыл» әдісі ойлаудың шығармашылық түрін 
дамытады. Сондықтан осы әдісті жүзеге асыру үшін тақырыпты таңдау белгілі 
бір мәселені шешудің мүмкін нұсқаларының санына тікелей байланысты 
болады. Әрі бұл әдіс 5-7 оқушыдан құралған топпен ұйымдастырылады. 
Сондықтан, бұл әдісті қолданған кезде ерекше білім беруді қажет ететін оқушы 
өзінің қатарластарымен біріге отырып, тапсырма орындауда белсенділік 
көрсете алады. 
Тағы да айта кетсем, «Ақылды кеңес», «Өз-өзіме хат», «Мадақтау сөздер» 
сияқты әдіс – тәсілдерімен инклюзивті білім беру бойынша жұмыстарды 
ұйымдастыруда оқушының белсенділігін танытады. 
Ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс жасауда белсендіру 
құралдарын тиімді түрде таңдалып, мазмұнды біріктіретін жүйеде қолдану 
керек. Одан әрі оқытуды ұйымдастырудың белсенді әдістері мен формалары, 


115 
оқушылардың оқуғы деген қызығушылығын әртүрлі тапсырмалар легімен 
ынталандыру қажет. 
Жалпы инклюзивті білім беру саласы қазіргі уақытқа дейін зерттеліп 
келеді, әлі де зерттелуде. Күнде жаңа жаңалық. Қазіргі уақытта, өкінішке орай, 
ерекше білімді қажет ететін балалар саны ұлғаюда. Оған себепкер айта берсек 
саны да көп. Мәселен, экология, жаңа технология, атап айтсақ ұялы телефон 
және сол сияқты. Бұл әлемдік мәселе. Тілдің кеш шығуы, сөйлеу мүшесінің 
бұзылуы, есту-көру мүшелерінің кемістігі сияқты түрлі диагноздардың да түрі 
өте көп. Дегенмен, осы мәселені шешу жолында қаншама жұмыстар бірлесе 
атқарылса, жеңіске жету, нәтижеге жету екі есе жеңілдейді. Бірлесе жұмыс 
дегенім, ол ата-ана-ұстаз-бала. Ата-ана тарапынан қолдау, түсіністік, ұстаз 
тарапынан білім жолындағы жетістіктерге жету мен жалпы білім сапасын 
көтеріп, оқыту процесін ұйымдастыру болса, оқушы екі тараптан берілген 
қолдауды қабылдап, ұмтылып, қызығушылық танытса керемет нәтижеге 
жетеміз. 
Нағыз ұстаз – тұлғаның тұлға ретінде қалыптасуында көмек көрсететін 
жан. Ұстаз жан-жақты, шебер, әрі талантты тұлға.
Бала – қандай жағдай болмасын, білім-тәрбие алуға құқылы. Тек, 
ерекшелікке байланысты амал-тәсілін тапса, нұр үстіне нұр жауады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Инклюзивті білім беру жүйесі – педагогикалық тұрғыда қолдау көрсету, 
Айтжанова Р.М., Жұманқызы А. 2021ж. 
2. Инклюзивті білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы, 
Оралбекова А.К. 2020 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет