235
МЕКТЕПТЕГІ КӘСІПКЕ БАУЛУ-БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ
Мағауина Гүлнұр Ерболқызы
Қарағанды облысы
Балқаш қаласы С Сейфуллин атындағы 7 мектеп гимназия КММ
Аннотация. Бұл мақалада мектептегі кәсіптің бағдардың оқушы өмірінде
маңызды орын алатыны жайлы айтылған. Мектеп оқушыларының жас
ерекшелігіне орай жұмыстардың әртүрлілігі жайлы айта келіп, ата-аналармен,
оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілді.
Аннотация. В этой статье рассказывается о том, как ориентация профессии
в школе занимает важное место в жизни ученика. Рассказывая о многообразии
работ, связанных с возрастными особенностями школьников, были показаны
формы работы с родителями, учащимися.
Қазіргі
заманауи
әлемде
адамның
психофизиологиялық
жеке
ерекшеліктеріне қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді, ал еңбек мақсаттары
мен сипаты нарықтық қатынастардың арқасында адамдарға таңдаған
мамандығында жоғары кәсібиліктің, үнемі біліктілікті арттыруға және жеке
дамуға дайын болу қажеттілігін ұсынады. Сол себепті де мектептегі кәсіптік
бағдарлау бұрынғыдан да өзекті болады және барлық жастағы мектеп
оқушыларына сапалы дайындықты қамтамасыз ету мәселесі туындайды [1, 87
б.].
Мектептегі кәсіптік бағдарлау, сөзсіз, негізгі оқытумен қатар, қажетті
компонент болып табылады, ал оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін
ескере отырып, тұтас жүйені құру бойынша тұрақты жұмыстың арқасында
балалар мамандықты дербес анықтауға, дамыту мақсатында зерттеу
жобаларымен айналысуға және педагогтер мен ата-аналардың көмегімен
мамандықтармен тереңірек танысуға мүмкіндік алады.
Мектептегі кәсіптік бағдар беруді оқушылардың жасына байланысты
мақсаттар, міндеттер және қолданылатын әдістемелер бойынша ерекшеленетін
4 үлкен кезеңге бөлген жөн. Олар бастауыш сынып (1-4 сыныптар), орта сынып
(5-7 сыныптар), орта сынып (8-9 сыныптар), жоғары сынып (10-11 сыныптар).
Алғашқы кезеңде балабақшада бастау алған мамандықтармен танысу
кәсіптік бағдар беру сабақтары шақырылған мамандармен, экскурсиялар,
тақырыптық сыныптан тыс сабақтар, ертеңгіліктер және т. б арқылы
жалғастырылады. Бастауыш сынып оқушыларында еңбекке құндылық
қатынасы қалыптасады, оқу-танымдық іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне (ойын,
еңбек, әлеуметтік, зерттеу) тікелей қосу арқылы оқуға деген қызығушылық пен
қажеттілік дамиды. Осы орайда біз бастауыш сыныптарда балаларды болашақ
мамандығын таңдауға қызықтыруға тырысамыз. Бізге көптеген үйірмелер,
қызығушылықтар бойынша қосымша сабақтар үлкен көмек береді [2, 107 б.].
Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына «Мен таңдаған мамандық» атты
іс-шара ұйымдастырған болатынбыз. Ол шара арқылы балалардың болашақ
236
мамандық таңдау кезінде ізгілік пен ізеттілік, адамгершіліктің-басты құндылық
екенін түсінуді мақсат еткен болатынбыз.
«Мен таңдаған мамандық» атты іс-шара
Келесі сатыда кәсіптік бағдарлауды іскерлік, кәсіптік бағдарлау,
психологиялық ойындармен жалғастырамыз. Бұл оқушылардың кәсіптер әлемі
туралы білімінің кеңейіп, өзіне қызықты мамандықты таңдауға қадам жасауына
мүмкіндік береді. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін
түсіне бастайды, мамандықтардың бағыттары туралы негізгі түсініктерге ие
болады, әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптармен танысады.
Мәселен, балаларды қолөнерге баулу арқылы біз оларға осы кәсіптің қыр-
сырын тануына ықпал жасаймыз. Өздері жасап, қолымен ұстап көрген
балалардың қызығушылықтары оянып, тіпті ол істі хобби етіп алатын балалар
да жоқ емес.
Қолөнерге баулу
Үшінші сатыда
орта мектепті аяқтайтын түлектер алғашқы маңызды
мемлекеттік емтихандардың жақындауымен ойындар мен экскурсиялардан
кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушылардың болашақ оқу профиліне мақсатты
түрде ықпал етуге көшеді, бұл мүмкін болатын мамандық таңдау шеңберін
тарылтады және болашақ оқу мен еңбек жолын жеңілдетеді.
8-9 сыныптарда мектеп психологының белсенді диагностикалық жұмысы
басталады, мамандықты саналы таңдау сабақтары жүргізіледі. Оқушылар
қызметкерлерге (ТЖМ, білім, медицина және т.б.) жоғары талаптар қоятын аса
маңызды мамандықтарды зерделейді [3, 240 б.].
237
Осы орайда біз 9 сынып оқушыларынан «Мамандықтың бәрі жақсы» атты
эсселер жазғызып, олардың қандай мамандықтарға қызығушылықтары бар
екенін біліп алған болатынбыз. Эсселерді талдай отырып, қалаған
мамандықтары жайлы одан да көп ақпарат беру мақсатында «Мамандығым-
мақтанышым» атты сыныптан тыс іс-шара өткіздік.
«Мамандықтың бәрі жақсы» атты эссе жазу барысы
Мәселен, мектеп кітапханасымен бірлесе отырып «Өнер-білім бар
жұрттар» квестін ұйымдастырдық. Кітапхана ішінде жасалған тапсырмаларды
орындай отырып, түрлі мамандық иелерінің қызмет барысымен танысқан
болатын.
«Өнер-білім бар жұрттар» квесті
Соңғы сатыда
бұл мектептегі мансаптық бағдарлаудың ең жауапты кезеңі
басталады. Бұл сатыдағы жетістік көбінесе бастауыш және орта мектептегі
сапалы жұмысқа байланысты. Мектеп психологы оқушылар мен олардың ата-
аналары үшін кеңес беру қызметін одан әрі кеңейтеді. Мектепте қаланың
жетекші жоғары оқу орындарының тұсаукесерлері өткізіледі, ашық есік
күндеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.
238
«Ашық есік» күні. Прокурормен кездесу
Жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі
дайындауға көп көңіл бөлінеді, одан әрі кәсіби жоспарларды талқылау және
ықтимал түзетулер, таңдалған мамандықтарға деген артықшылықтар
қалыптасады, оларға дайындық бағаланады.
Оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмыстарын былайша жүзеге асырамыз :
қызықты адамдармен, мамандық өкілдерімен, жоғары оқу орындарының және
жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырып,
кәсіпорындарға, жоғары оқу орындарына экскурсияларға апарамыз. Сонымен
қоса, факультативтік сабақтар, қызығушылықтар бойынша үйірмелер, пәндерді
тереңдетіп оқыту жұмыстарын жүргізе отырып, қосымша білім алу қажеттілігін
анықтауға және мектепте немесе одан тыс жерлерде курстар таңдауға
көмектесеміз. Оқушыларға сауалнама жүргіземіз.
Сауалнама жүргізу
Жұмыс тек оқушылармен емес, ата-аналармен де жүргізіледі. Мәселен,
оқушылардың ата-аналарына арналған жеке әңгімелер мен кеңестер бере
отырып, мүдделі ата-аналарға баланың мамандық таңдауына және тиісті білім
алуға қосқан үлесі туралы дәрістер өткіземіз. Демалыс кезінде жоғары сынып
оқушыларын уақытша жұмысқа орналастыруға көмек көрсету үшін ата-
аналарды тартамыз. Ата-аналармен бірлесіп түрлі бағыттағы (көркем,
спорттық, театр, зияткерлік) үйірмелерді құрып және жүргіземіз [4, 128 б.].
239
Мектептегі кәсіптік бағдар беру процесінде мектеп оқушыларына еңбекке
деген көзқарас өмірлік құндылық ретінде сіңірілуі керек. Мектептің тәжірибелі
мамандардың жетекшілігімен оқушы уақыт өте келе өзінің қалауын,
құндылықтарын, физикалық және моральдық мүмкіндіктерін түсінеді және
олардың
негізінде
мансаптық
жолды
таңдайды.
Мұнда
баланың
сипаттамаларын дұрыс анықтау үшін мектеп психологтары мен педагог
біздерге үлкен рөл беріледі.
Мамандық таңдау- көп жағдайда баланың болашағына байланысты
болатын жауапты қадам. Оған дұрыс таңдау жасауға педагог пен ата-аналардың
көмегінің үлесі зор. Сол себепті оқушыға дұрыс бағдар беру-әрбір педагогтың
міндеті. Дұрыс берілген бағдар болашақ кәсіби мамандардың пайда болуына
әкелетіні сөзсіз.
Әдебиеттер
1.
Түрікпенов Ж. Кәсіптік бағдар. –Алматы, 1995.
2.
Грецов А. Выбираем профессию. Советы практического психолога. -
Санкт -Петербург, 2006.
3.
Павлова Т.Л., Профориентация старшеклассников, Диагностика и
развитие профессиональной зрелости, 2006.
4.
Резапкина Г.В. Я и моя профессия: Программа профессионального
самоопределения для подростков: Учебно-методическое пособие для школьных
психологов и педагогов. - Москва: Генезис, 2007.
Достарыңызбен бөлісу: |