«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет162/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ 
 ӘЛ – АУҚАТЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ 
 
А.С. Оспанова. 

№64 НОМ жанындағы шағын орталығының I-ші санатты тәрбиешісі. 
 
Қазіргі заманда бала қауіпсіздігі мәселенің маңыздысы болып табылады. 
Кез – келген ата – ана баласының қауіпсіз өмір сүргенін, дені сау, білімі мол, 
саналы ұрпақ болғанын тілейді. Сондықтан балабақша мен мектептерде 
қауіпсіз шаралары қатаң болуы қажет. Осы қауіпсіздік шараларды жүзеге асыру 
үшін Мемлекет басшысы арнайы тапсырмаларды өзінің жолдауында атап өтті. 
2018 жылдан қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автоматтандыру мақсатында « 
Қауіпсіз мектеп» жобасы іске қосылды. Бүгінде аталған жұмыстар, қажетті іс – 
шаралар қолға алынып жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұрпақ саулығы – ұлт 
келешегі. Тәртіп пен тәрбие қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Сондықтан 
балалар қауіпсіздігі әрқашан басты назарда болуы тиіс. Ал жауапкершілік жүгі 
жұмыла көтергенде ғана жеңіл. 
Безопасноть детей в настоящее время является важным вопросом. Каждый 
родитель хочет чтобы у его ребенка была безопасная жизнь, здоровье и 
образованние. Поэтому в детских садах и школах необходимо соблюдать 
строгие меры безопасности. В своем послании глава государства назвал 
специальные задачи по реализации этих мер безопасности.
В 2018 году был запущен проект «Безопасная школа » для обеспечения 
безопасности и автоматизации процесса. На сегодняшний день приняты 
упомянутные необходимые меры и ведется планомерная работа. Здоровье 
поколения - будущее нации. Дисциплина и воспитание формируется в 
безопасном обществе. Поэтому безопасность детей всегда должна быть в 


390 
приоритете. И время ответственности легко только тогда, когда относимся к 
нему серьезно 
Бала – өмірдің жалғасы. Сондықтан әр ата –ана баласының жақсы азамат 
пен азаматша болғанын қалайды. Әрбір ата –ана балаларының болашағы үшін 
алаңдап, алдағы өміріне жақсы тәрбие бергісі келеді. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың 
қауіпсіздік 
мәселесінің 
маңызы 
зор. 
Сол 
себептен 
Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру, 
балалар қауіпсіздігіне қатысты арнайы тапсырмалар жүзеге асырылуда. 
Сондықтан да 2022 жыл – «Балалар жылы» болып жарияланды. Қ.К. 
Тоқаев: «Балалардың әл – ауқаты – елдің табысты болашағының сенімді кепілі 
деген болатын». 
Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі ерекше кезең екені белгілі, дәл 
осы кезеңде денсаулықтары, тұлғалары қалыптасады. Сол себептен қорғансыз 
және сенімсіз баланың жанында оның өміріндегі ең маңызды адамдар – ата – 
ана және тәрбиеші. Балалар ата –ананың , тәрбиешінің сүйіспеншілігі мен 
қамқорлығын, эмоционалдық жақындығы мен қолдауының арқасында бала өсіп 
дамиды, ол әлемдегі және айналасындағы адамдарға деген сенімділікке ие 
болады. Біздің оларды қиыншылықтардан қорғаудағы барлық әрекетіміз осыған 
байланысты болып табылады. Біз олардың өмірі мерекелі, шуақты және 
сәттілікке толы болғанын қалаймыз.
Балабақшада балаларды қауіпсіз мінез – құлыққа тәрбиелеу негіз болып 
табылады. Өйткені әрбір балаға өміріне қауіп төндіретін жағдайлар олардың 
мінез – құлық ерекшеліктері. Яғни, қауіпсіздік – бұл алынған білімнің 
жиынтығы емес, әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстау болып табылады. 
Сондықтан балаларын жақсы көретін және оларға қамқорлық жасайтын 
ересектер кейде «тиіспе», «кетпе», «жоқ» деген сөздерді қаншалықты жиі 
қайталағанын байқамайды. Сол себептен мектеп жасына дейінгі балалардың 
қауіпсіздігі жайлы тақырыптардың өзектілігі, яғни балаларға қауіпсіз мінез – 
құлық туралы ережелерді ақпараттандыру. Қауіпсіз мінез –құлық ережелері 
жұмыстың барлық бөлімдерінде орындалу керек. Баланы қауіпсіздік 
негіздермен таныстырудың ең маңыздысы – әлеуметтік шындық. [12]
Себебі, ол балаға әсер етеді, ал сәбидің қасында тұрған ересек адамның 
басты міндеті болып табылады. Өйткені ол балаға әлеуметтік тәжірибе 
жинақтауға көмектеседі, әлеуметтік әлемді іштен көрсетеді, ондағы өз орнын 
табуға және белсенді қатысушы болуға итермелейді. Сонымен бірге тағы бір 
маңызды құрал – ол адам қолымен жасалған, баланы қоршап тұрған заттар. 
Олардың қасиеттері, қызметтері бойынша әртүрлі. Тәрбиешінің міндеті 
баланың назарын соларға аудару, субьектімен қауіпсіз қарым – қатынасқа 
жағдай жасау. Әрбір балаға құрлығының жұмыс істеу принциптерін, 
қауіпсіздігін үйрету маңызды: не үшін? Уақыт өте бала қоршаған ортадағы 
қауіпті өз бетімен көрсете алады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіздік негіздерін үйретудің тағы бір 
құралы – көркем әдебиет. Бұл өйткені білім көзі, әр адамның басқалармен 
қарым қатынасы. Шағын орталықта тәрбиеші ретінде балалардың әл – ауқатын, 


391 
қауіпсіздігін жүзеге асыру үшін төмендегідей жұмыстар атқарылды.Мысалы: 
әртүрлі жанрдағы шығармаларды: ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, мақал –
мәтелдер, жұмбақтарды қолданамын. Олар: С. Маршактың «Бауырсақ», К. 
Чуковскийдің «Телефон», «Айболит» т.б.с.с. Кітап иллюстрациялары да 
балаларды қауіпсіздік негіздерімен таныстыру құралы болып табылады. 
Сонымен қатар балалармен қоршаған әлемді зерттеп білу үшін, бірге табиғи 
тәжірибелер өткізіліп, қауіпті жағдайлардан аулақ болуды үйреттім. 
Балалардың бойында қауіпсіз мінез - құлық негіздерін қалыптастыру үшін 
мынандай ойынның түрлерін қолданамын: сөздік – бейнелік, үстелдік – 
баспалдақ, дидактикалық, сюжетті – рөлдік, театрландырылған. Балалар 
сонымен бірге еңбек дағдыларын игеру барысында ересектердің әрекетін 
бақылай отырып, қауіпті құрал – жабдықтарды дұрыс пайдалануды игерді. 
Бала қауіпсіздігіннің мәселесін шешуде ата –анасы маңызды роль 
атқарады. Әрқашанда отбасы мен балабақша талаптарының қағидасы сақталу 
керек. Бұндай мәселе бойынша ата –аналар жиналысында шешуге, жұмыс 
жоспарын бірлесіп әзірлеуге, қауіпсіздіктің алдын алу жұмыстарына белсене 
қатысуларын ынталандыру үшін әртүрлі тақырыптарда сурет көрмелері, 
фотокөрмелер, кеңестер, сауалнамалар өткізіледі.
Демек, балалардың өмір қауіпсіздігінің негіздерін қалыптастыру мәселесі 
ең өзекті деп айта аламын. Яғни, ең алдымен қоғамға бейімделген әлеуметтік 
тұлғаға деген қажеттілігінен туындайды. Қазіргі ортаның белгісіздігі адамның 
жоғары белсенділігін ғана емес, сонымен оның дағдыларын, өзін өзі ұстау 
қабілетін талап етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың білімді қабылдау, 
жинақтау негізгі кезең. Балаңы қауіп –қатерден қорғап қана қоймай, оны 
мүмкін болатын қиындықтармен кездесуге дайындау, аса қауіпті жағдайлар 
туралы түсініктерін қалыптастыру, сақтық шараларын қолдану, оған қауіпсіз 
мінез – құлық қалыптастыру маңызды болып табылады. Өйткені балалар 
үйренгендерін барлығын өмірде, іс жүзінде қолдана білуі керек. 
Ел ертеңі – өскелен жас ұрпақтарымыздың қолында. Балаларымыздың 
қауіпсіз ортада жетіліп, тәуелсіздігі мен жауапкершілігін ынталандырайық. 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Шипунова. В. А. « Балалардың қауіпсіздігі » 2013 ж. 
2.
Интернет – ресурс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет