МЕКТЕПТЕРДЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Жумабаева Мираш Каримхановна
Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы»
жалпы білім беретін мектебі»КММ
Аңдатпа.
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің
байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар
ғылымның бастауы – мектеп. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік
өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз
қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің
біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім
беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің
білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді
34
ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп
жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.
Аннотация.
Образование – сокровище страны, образование нашего народа
– важнейшая часть богатства нашей страны, основа образования – школа, то
есть начало всей науки – школа. Будущее суверенной страны, ее место в
мировой цивилизации, прежде всего, в руках учителя, и наша главная цель –
улучшение качества образования.
В настоящее время социальная структура образования становится одним
из важнейших элементов. Во всем мире возрастает роль образования, в каждой
стране устанавливается своя система образования. Важным мероприятием в
Республике Казахстан является то, что большие изменения идут в сфере
образования.
Главная задача системы образования – создание необходимых условий для
получения
знаний,
направленных
на
формирование,
развитие
и
профессиональное становление личности на основе национальных и
человеческих ценностей, достижений науки и практики, внедрение новых
технологий обучения, информатизация образования. На современном этапе
происходит
перестройка
образовательных
систем,
создается
новая
национальная модель образовательных систем.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін
жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.
Міндет – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып,
шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру.
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан - жақты дамуына көңіл
бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділігі артады;
- шығармашылық жұмыстар арқылы ойын дамытады;
-өздігінен іздене алады, ғылыми зерттеу
жұмыспен айналысуға
көмектеседі;
- өзіне деген сенімділігі қалыптасады;
- жалпы алғанда оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейі артады. [1]
Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық
дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде.
Дарынды балаларды тану – нақтылы бір баланың дамуын талдаумен
байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін
емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту
барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет.
Дарындылықтың
табиғаты
шексіз.
Осы
дарындылық
пен
шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік
зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген
құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем
35
туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі
мінез.[2]
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің
ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен
айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне
қажет.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға
ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу
әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін - өзі дамытуда
маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген
сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап
болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің
қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Зерттеу ісі
қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай
- ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін
танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. [2]
Шығармашылық дегеніміз – оқушының белсенділігі мен дербес іс-
әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық
тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар
оқушының білім деңгейін-оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге
көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын
үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады. [3]
Бірінші кезең – жаңаны,тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу.
Бұл кезеңде әдеби-шығармашылық тапсырмалар беріліп,төмендегідей талаптар
бойынша жұмыс жүргізіледі:шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып
келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті
түсіндіру;шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу;әңгіменің
белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең – қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең –оқиға құрудың,
образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме,
мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік
беріп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше
іздену – шығармашылық қабілетін ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей
жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар/сөзжұмбақ, ребус шешу,
жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру/
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері / Мәтінді
өндеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру,мәтін бойынша шешендік сөз
құрастыру/
Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері
/Өлең,ертегі,әңгіме,шығарма жазу/
Оқушылардың шығармашылық қабілетін де\амыту үшін басым міндетті
оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа
36
бөліп,тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек
сыр жазу тапсырылады/«Туған жерге қарыздармыз», «Менің Отаным-
Қазақстан», «Қыздарға әсемдік жарасады»/.
Үшінші кезең – тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде
оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік кзқарас білдіріп, пікір/рецензия/ жазады,
мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді ,кіші ғылыми жұмыстарды
қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл
тұлға болып дараланады. [3]
Сабақ
үдерісінде
баланың
ізденушілік-зерттеушілік
әрекетін
ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін
білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетіндей жағдайға тірелуі
керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ үдерісінде
мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз
ойын,пікірін айтуға мүмкіндік беріледі,жауаптар тыңдалады. Оқушы өз
тұжырымын
дәлелдеуге
талпыныс
жасайды.
Әдіскер-ғалым
Қ.Тасболатов
«
Достарыңызбен бөлісу: |