54
ОҚЫТУДАҒЫ САРАЛАУ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ
Жүсіп Айнұр Алтынбекқызы
"Озат" ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицейі"
КММ информатика пәнінің мұғалімі, магистр
Аңдатпа.
Оқытудағы саралау тәсілі арқылы ұлттық құндылықтар мен
дағдыларды дамыту, оқушыларға мектепте информатиканы оқытқанда тек
ақпараттық процестерді оқытып қана қоймай, ақпараттық мәдениетті ұлттық
негізде қалыптастыруға мән берген жөн.
Қазіргі таңда информатика сабағында компьютерлік технологияны кеңінен
қолдану
тиімділігі
оқушылардың
бойына
ұлттық
құндылықтырды
қалыптастыруда кез-келген материалды қызықты,
әрі ғылыми тұрғыдан
мазмұнды етіуге игі әсерін тигізеді. Компьютерлік
технологияны дұрыс,
мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп.
Аннотация. Развитие национальных ценностей и навыков через
дифференцированный подход в обучении, при обучении учащихся
информатике в школе, следует уделять внимание не только обучению
информационным процессам, но и формированию
информационной культуры
на национальной основе.
В настоящее время эффективность широкого применения компьютерных
технологий на уроках информатики способствует интересному и научно-
содержательному усвоению любого материала при формировании у учащихся
национальных ценностей. Если вы умеете правильно, культурно использовать
компьютерные технологии, у вас есть много возможностей.
Білім берудегі саралау тәсілі арқылы оқыту мен тәрбие бағыттары
құндылық
пен дағдыны дамытуға, оқушыны жеке тұлға ретінде жетілдіруге,
оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға, пәндердің бір-бірімен
байланысын күшейтуге ықпал жасайды. Яғни, оқушының өзін-өзі тұлға ретінде
жүзеге асыруына мүмкіндік беру мен қолайлы оқу ортасын құру қажеттілігі
туындайды. Ұлы философ Әл-Фараби “Адамға ең бірінші білім емес, рухани
тәрбие
берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі” – деп айтқандай, баланың
тұлғалық дамуы тікелей тәрбиеге байланысты.
Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) – білім беру
мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға
барынша қолайлы білім беру ортасын құру.
Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың
қажеттіліктері мен
қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу
ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік,
психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.
55
Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ
қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін
ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң
ықпал етудің тиімді жолы.Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық
оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және
мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі
бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Сол себепті де еліміздің болашағының тізгінін
ұстар тұлғаның бойына
білімнің нәрін, тәрбиенің иісін қатар сіңіруіміз қажет-ақ. Осы орайда бүгінгі
білім берудегі саралау тәсілі арқылы
оқыту мен оқу үдерісінде тәрбиеге ерекше
мән берілуде. Әрбір ұстаздың тиімді оқыту мен оқуды жүзеге асыратын қысқа
мерзімді жоспарларында «құндылықтармен байланыс» бөлімі (графа)
енгізілген. Аталмыш бөлімде (графа) пәндік берілетін білімді жүзеге асыруда
оқу бағдарламасында көрсетілген құндылықтарды, осы сабақ арқылы баулуға
бағытталған ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тақырып
мазмұнын сипаттау қарастырылады.
Қазіргі таңда информатика сабағында компьютерлік технологияны кеңінен
қолдану
тиімділігі
оқушылардың
бойына
ұлттық
құндылықтырды
қалыптастыруда кез-келген материалды қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан
мазмұнды етіуге игі әсерін тигізеді. Компьютерлік технологияны дұрыс,
мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп.
Информатика пәнінде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған
жаттығуларлар ретінде «Ұлттық қолөнер», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Ұлттық
тағамдар», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық музыкалық
аспаптар» деген тақырыптарды қолдануға болады. Аталған тақырыптарға
байланысты жаттығулар жасау негізінде, оқушыларға қазақ халқының салт-
дәстүрі негізінде тәрбие беру моделін іске асыруға болады. Ұлттық құндылыққа
негізделген білімдегі интеграция
Достарыңызбен бөлісу: