37
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында
мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс
жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-
көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі
артады; пәндік теориялық білігі молаяды, ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе
алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді;
сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте
шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара
алады. [3]
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті
пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз
мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау –
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке
баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге,
өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін
ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі
болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы
қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы
егемендігімізді нығайтуға үлес қосу – басты парызымыз! [2]
Әдебиеттер тізімі:
1.
https://ust.kz/olimpiada?doc_id=14743&type=1#panel_download_d
https://bilimdiler.kz/ustaz/1879-okushylardyn-gylymi-shygarmashylyk
zertteushilik-izdenisin-kalyptastyru.html
3.
http://sabaq.kz/?p=9054
Достарыңызбен бөлісу: