38
системное мышление и полученное знание в школе обеспечивает опору в
разных отрслях жизни.Поэтому это способствует для развития способностей,
их особую роль в позновательном процессе. В получени новой знаний
применяется методы как участие в кружках для адаптации в социальной среде.
Білім алушылардың мәдени құндылықтары
арқылы тәрбиелегенде, оған
қазіргі өмірді, адамдардың өмір сүру тәжірбиесін көрсетіп, өзінің өмірлік
жолын таңдауға, оны саналы іске асыруға бағыттау қажет. Білім алушыларға
адамға лайықты өмір сүруді қайырымдылық, адалдық, сұлулық негізінде
көрсете білуі тиіс.Мұғалім кәсіптік бағдар жұмысының мақсатын саналы
түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Ал міндеттері
білім
алушылармен
атқарылатын жұмыстың мазмұнын, әдісін, түрін және өмірлік
мәселелерді шешуді көздейді.Педагогиканың іргелі мәселесі-іс-әрекет. Білім
алушы іс-әркет арқылы танымын жетілдіріп, тәжірбие мен адамгершілік
құндылыққа ие болады. Білім алушының мынадай іс-әрекетін ұйымдастыруға
болады: өмірлік мақсатты көздей білуі, адамдық қадір-қасиетін сақтау,
қоғамдағы өз орнын таба білу, сезімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі.
Бүгінгі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды
дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім
деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен
кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті
– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,᷂ ғылым мен тәжірибе
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек
нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау,
олардың біліктілігін арттыру» мәселесі аталып көрсетілген [1]. Жалпы білімнің
басты үш міндеті бар, олар:
баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты
дүниетанымын қамтамасыз ету және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.
Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай
алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны
дәлелденді. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама
дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен
қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.
Сынып жетекшісі сыныптағы барлық бағдар беру жұмысын басқарады.
Білім алушының белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі
кәсіптік бағдар беру жүйесінің компоненттеріне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысы
жоспарында негізгі бағыттарды белгілейді. Мысалы,
кәсіптік ақпаратты
ұйымдастыру, кәсіптік кеңестер беруге көмектесу, мектеп бітірушілерді
жұмысқа орнату т.б. Мектепте білім алушының кәсіптік деңгейін шыңдауда
үйірмелердің атқара рөлі зор. Біздің мектебімізде шығармашылық, дарындылық
қабілетін арттыру мақсатында құрылған бірнеше қоғамдық үйірмелер мен
клубтар, бірлестіктер бар. «Қуыршақ» шағын театр үйірмесі, «Қыл қалам»,
«Жас жауынгер», «Жас географ», «Жас биолог», «Жас физик», «Жас
математик», «Жас информатик», «Мәнерлеп оқу», «Ұлттық ойындар», «Жас
39
өркен» үйірмелері, «Жас дәурен» домбырашылар үйірмесі, «Дебат» клубтары
жұмыс жасап келеді. Мұндай үйірме мен клубтардың ұйымдастырылған
сыныптан тыс жұмыстар оқушы қабілеті мен дарынын ұштаудың негізгі алаңы.
Білім алушылардың дарынын дамыту олардың қабілеттілігін ғана
арттырмайды, болашақ өмірге дайындап, мамандық таңдауына да әсер етеді.
Мектебімізде сонымен қатар дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
практикалық тұрғыда негізінен төрт бағытта ұйымдастырылған. Олар -
интелектуалдық,
спорттық, өзін-өзі басқарушылық, ұйымдастырушылық,
көркемөнерпаздық. Осы аталған бағыт бойынша тоқталатын болсақ, ақыл-ой,
тіл, интелектілік жағынан дарындылармен жұмыс білім алушыларды ойлауға,
есте сақтау қабілеттерін арттыруға, сөйлеу өнеріне, ғылыми тұрғыда ізденуге,
жадын дамытуға, пікір таласып ойталқыға түсуге, көркем сөйлеуге үйретеді.
Осы негізде ғылыми жобалар жұмысы бойынша
екі білім алушымыздың
республикалық байқауға жұмыстары ұсынылып, бір білім алушымыз жүлдегер
атанып, республикалық дарынды оқушылар тізімімен жинаққа енді. «Жас
биолог» бағыты бойынша магниттік мектептер арасындағы «Кәдеге асырайық!»
тақырыбында тұрмыстық қалдықтардан «Мүсіндер жасау» сайысында жүлделі
үшінші орынды иеленді. «Абай-Шәкәрім», «Мұқағали» оқулары бойынша да
оқушыларымыз аудандық жүлдеден құр алақан емес. Мектепте оқушылардың
өзін-өзі басқаруы бағытында құрылған «Жалын» қоғамдық ұйымының өзіндік
орны бар. Ұйым мүшелерінің өзара өзіндік бөлінген және айыны бір рет
мектепшілік шара өткізіліп тұрады. Ұрпақ тәрбиесі - болашақ қоғам тәрбиесі.
мамандыққа көзқарас, негізінен оқыту-тәрбиелеу ісінің сипатымен анықталады.
Сонымен, кәсіби білім береуде еңбек нарығының нақты сұранысына
бейімделіп, еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болу
керек. Үйірмелердің бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық,
ұлттық
ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Бастауыш мектеп» №11, 2003
2. «Қазақстан мектебі» № 1, 2007
3. «Ұлан» № 27, 2022
Достарыңызбен бөлісу: