«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»



Pdf көрінісі
бет15/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   188
Байланысты:
материал пед

 
 
Мектеп оқушыларын ғылыми- зерттеу жұмыстарына баулу 
 
Жолшибекова Ұ.Т. 
 
Шахтинск қаласы, Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей. 
Аңдатпа. Жұмыста оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына қалай баулу 
керектігі, тақырыпты таңдау, жұмыс жүргізу жолдары жан-жақты талданып 
жазылған және өз мектебіндегі атқырылып жатқан іс-тәжірибені де ұсынған. 
Аннотация.В работе подробно проанализировано, как вовлекать учащихся 
в научно-исследовательскую работу, выбор темы, пути проведения работы, а 
также представлен опыт работы в своей школы. 
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең 
маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – 
мектеп, «Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп ғалым Ә.Марғұлан 
айтқан болатын. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз 
орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, 
сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту. 
Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты 
дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең 
тиімді болып есептеледі. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән 
құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден 
өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық 
қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Педагогикалық үрдісте балалардың 
дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі 
мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай - ақ әр 
адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті 
оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған 
ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді 
дайын күйде емес, өзі ашады. Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы 
мен өзін - өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік 
белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей 
туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, 


28 
нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап 
емес. 
Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана 
тән емес, сондай - ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби 
шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. 
Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі 
түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. 
Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол 
неге өйтеді», « бұл неге бүйтеді» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, 
тыныштық көрмейді», - деген ой - тұжырымы растайды. Биік танымдық 
қабілет, тұрмыс - тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан 
туындайды екен. Сондықтан оқушыны ізденушілікке баулу бастауыш 
сыныптан басталуы тиіс. Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі 
сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген 
құштарлығын басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу 
дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті 
болып саналады. Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған 
байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, 
қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, 
ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді. Міне, осы аталаған іс-әрекеттер біздің 
өз мектебімізде қалай іске асып жатқанына тоқталар болсақ, бірнеше жылдар 
бойы мектепте "Парасат" атты оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. 
Қоғамның арнаулы 4 секциясы бар. Онда бірнеш топтан тұратын оқушылар 
мүшелікке қабылданған. Қоғамды жоғары сынып оқушысы, облыстық түрлі 
ғылыми жобалар байқауының жүлдегері Мирас Ұлғасбаев басқарады. 
Шығармашылық топтардың басты мақсаты -оқу үрдісінде оқушылардың оқуға 
қызығуын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту, оқушының 
мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын шебер, 
тиімді ұйымдастыруға оқушыларға бағыт - бағдар беріп, көмектесу. 
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі 
формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мектеп 
оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру 
басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады. Жеке тұлғаны дамытып 
қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты 
құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. 
Қандай ғылыми зерттеу жұмысты зерттеу үшін ең алдымен өзін қызықтыратын 
тақырыпты таңдаған жөн.Тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады»- 
деген сұраққа жауап беру керек.Тек мұғалім ғана оқушыға жоба жаза алатынын 
және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, 
оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу 
жұмысын жазуға талпынады.Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық 
жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім 
қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули 
отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз 


29 
жолдарын дәл табуға көмектеседі. Оқушыны ғылыми - зерттеу жұмысына 
қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын 
қалыптастыру керек. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға 
хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім 
қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет. 
Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты - жан - жақты дамыған тұлға 
қалыптастыру, тұлғаның «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін - өзі тану, 
өзін - өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр. Расында да, тұлғаға 
дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін 
туғызу, өзін - өзі тәрбиелеу іс - әрекеттерін ықпал ету - ұстаздар алдындағы 
жауапты міндет. 
Осы үрдістегі мұғалімнің ролін төмендегіше саралауға болады 
- диагностикалық жұмыстар арқылы психологпен бірлесе отырып, 
ғылымға икемді, дарынды балаларды анықтау; 
- тәрбие жұмыстары арқылы оқушылардың ғылымға деген жағымды 
көзқарасын қалыптастыруға түрткі жасау; 
- танымдық белсенділіктерін дамыту үрдісінен іздену. Оқушылардың 
танымдық белсенділіктерін қалыптастыру – оларды ғылыми - ізденіс аймағына 
енгізудің басты жолы. 
Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, 
балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, 
зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса 
отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі керек. 
Жалпы айтқанда, педагогикалық ұжым дербес ойлап, кез келген жағдайда 
шешім қабылдай алатын, дүниетанымы терең, жан - жақты дамыған шәкірттер 
тәрбиелеуді көздейді. Мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше 
назар аударылуда. Балаларды ғылыми - ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу 
арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне 
ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп 
есептеуге болады. 
Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне 
төмендегідей талап қойғаны дұрыс 
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау; 
2. Ата - анасымен педагог ретінде сөйлесе білу; 
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау; 
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың 
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою; 
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану; 
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау. 
Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына дайындауда мынадай 
мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажет. 
- Тақырыптың ғылыми құндылылығы; 
- Таңдаған тақырыпты ашудағы оқушы еңбегінің сипаты, қосқан үлесі; 
- Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 


30 
- Ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, 
аудиторияны тартуы; 
- Жұмыстың көркем безендірілуі. 
Оқушылардың бойында дарындылық қасиеттерін, ізденімпаздығын 
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда 
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен үйірмелер, факультативтік 
сабақтардың 
маңызы 
зор. 
Мектебіміздің 
оқушылары 
халықаралық 
интеллектуалдық ойын сайыстарына да қатысып, жақсы жетістіктер көрсете 
білді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті 
пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз 
мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – 
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке 
баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, 
өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін 
ашуларына көмектесуіміз қажет. 
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі 
болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы 
қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы 
егемендігімізді нығайтуға үлес қоса білейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет