56
Мобильді қосымшаны жасау тақырыбы бойынша, ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
әуелі - көкірегі
байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде
ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып,
ынтамен ұғу керек; үшінші — сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса,
салынбау керек. Ой кеселдері:
уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я
бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе -
күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Оқушылар Абайдың қара сөздерінен жиынтық компьютерді пайдалана
отырып мобильді қосымша жасау тапсырмасы беріледі.
Информатика пәнін оқытуда халықтық педагогиканың мұрасын қолдану –
мұғалімнен ізденушілікті, шығармашылықты талап етеді. Бұл халықтық
педагогика: Оқушыларды
ұлттық рухта тәрбиелеу; қазақ халқының сана
салттық байлығын қолдана отырып білім беруді қызықты және ұтымды қылып
өткізу; әрбір ауыздан шыққан, соның ішінде халықтың ауызекі мұрасын жан –
жақты түсіне білуге үйрету; оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру; өз
ұлтының ерекшеліктерімен таныстыру; оқушылардың
көзқарасын кеңейтуге
мүмкіндік береді. Мәселен, халықтық педагогиканың бастау көзінің бірі –
халқымыздың даналары. Осындай дана ғұламалардың ой – пікірлерін, қанатты
сөздерін орнымен пайдалану сабақтың білімділік және тәрбиелік мәнін
арттырады.
Сабақ барысында осындай ұлттық құндылықтардың мән мағынасын
ұғындыру, оны баланың санасына,
сезіміне, мінез – құлқына әсер ететіндей
дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сабақ барысында ұлттық
құндылықтарды қажетті жерінде тиімді пайдаланса, сабақ мазмұны жағынан
өте сапалы және жоғарғы деңгейдегі сабақ бола отырып, оқушылардың ұлттық
– танымдық білімдерін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.
Пайдалынылған әдебиеттер:
Осмоловская И.М., «Организация дифференцированного
обучения в
современной школе» - М.; Институт практической психологии; Воронеж:
«Модек». 1998.
Жалғасбаева Р.Ж. «Жаратылыстану пәндерін оқытуда халықтық
педагогика
элементтерін
қолдану»
//
V
Халықаралық
«Сейтен
тағылымдары» ғылыми-практикалық
конференциясының
материалдары
бойынша ғылыми мақалалар жинағы. 2010 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: