Жамалбеков Е.Ү


Топырақтағы күрделі химиялық компоненттердің



Pdf көрінісі
бет27/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
Топырақтағы күрделі химиялық компоненттердің 
ыдырауы. Микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер 
қалдықтарының 
белоктары 
ферменттердің 
қатысуымен 
аминоқышқылдарына 
ыдырайды. 
Олардың 
біразын 
микроорганизмдер пайдаланады, ал қалғаны аминге ыдырайды. 
Өлген организмдердің белоктары - топырақтағы негізгі азот 
көзі. Өсімдік қалдықтарында 1% азот бар және C:N 
арақатынасы 50-ге тең. Органикалық қалдықтар ыдыраған 
сайын органикалық заттар азотқа баийды, C:N арасы 10 -12 


52 
болады. Сондықтан да C:N арақатынасын органикалық 
заттардың 
гумустенуі 
деңгейінің 
көрсеткіші 
ретінде 
пайдаланады. Органикалық қалдықтардан басқа топырақтың 
азоттануы ауадан түсетін ылғалға байланысты, ылғалмен 8-10 
кг/га азот түседі. 
Азот сіңіруші микроорганизмдер де азот көзі болып 
табылады. Олар ауадан молекулалық азотты сіңіріп, күрделі 
азот қосындыларын құрайды. Бұларға көбінесе ауадан азот 
сіңіретін бактериялар жатады. Бұршақты дақылдар тамырын 
жайлайтын түйін бактериялар әр гектар жердің топырағына 
100-250 кг мөлшерінде атмосфера азотын сіңіреді. Топырақта 
дербес тіршілік құратын азот сіңіруші микроорганизмдер бар
олар жасыл өсімдіктермен аралас тіршілік етеді. Орыс ғ алымы 
С.Н.Виноградский 1892-1894 жылдары анаэробты (ауасыз, 
оттегінсіз тіршілік ететін) бактерияларды тапты. 1901 жылы 
Бейерник басқа түрлерін ашты. Бұл дербес бактериялар жылына 
топырақта гектарына 20-150 кг/га дейін атмосфералық азотты 
сіңіре алады. Түйнекті және дербес азот сіңіруші бактериялар 
топырақта биологиялық жолмен құралатын азот қорын 
жасайды. Ал азот - өсімдіктердің басты қоректік элементі. Азот 
қоры топырақ құнарлылығын арттырады, яғни топырақтағы 
гумусты азотқа байытады. Әр түрлі топырақта өсімдіктердің 
азотпен қоректену түрлері әр түрлі болады. Мысалы, аммонийлі 
- батпақты топырақтарда, нитратты -аммонийлі - орманды 
топырақтарда, нитратты - шымды далалы, жақсы кеуектелген 
топырақтарда. 
Моно- және дисахаридтер өсімдік қалдықтарында 
болады және ыдыраған сайын мөлшерлері өзгеріп тұрады. 
Орташа мөлшері 4-9%. Көбінесе бұлар микроорганизмдерге 
қорек болғандықтан, топырақтарда өте тез ыдырайды.
Крахмал 
құрамында 
белок, 
целлюлоза 
бар. 
Ферменттердің әсерінен ыдырағыш келеді, өсімдіктер шіріген 
сайын оның мөлшері кемиді. 
Өте баяу ыдырайтын топырақтағы органикалық зат - 
целлюлоза. Оны микроорганизмдердің тек 5%-ы ғана ыдырата 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет