Жамалбеков Е.Ү


Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық



Pdf көрінісі
бет83/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104
5.4. Қазақстан топырақтарының қазіргі экологиялық 
жағдайлары 
Қазір 
ғылыми-техникалық 
үдеу 
заманында 
адам 
қоғамының барлық тірлігі саналы қимылының нәтижесінде 
жасалып жатыр деп айта алмаймыз. Мұндай жағдай, әсіресе 
адамзаттың табиғат қорларын пайдаланудағы көрсетіп жүрген 
енжарлығын, немқұрайлы қарауымыздан анық байқалады. 
Кезінде дарынды орыс оқымысытысы академик В.И.Вернадский 
(1944) 
аңсаған 
адам 
қоғамының 
саналы 
қимылының 
нәтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға «ноосферағаң 
(ақыл-еркіне) көшу жолының әзірше жүзеге аспай түрғаны 
айқын.
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы 
бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық 
т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр 
адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық 
заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 
гектары жыртылмай, табиғи күйінде сақталуы керек. Бұл 
жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның 
экологиялық қалыпты болуына қажет. Ескеретін жай, қазіргі 
әлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы қажетті көрсеткіш 
көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі әр адамға 
қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0,3 гектар-ақ келеді. 
Дегенмен бұл көрсеткіш әр мемлекеттерде әр түрлі. Соңғы 
жылдарға шейін бұрынғы Одақ Қазақстан өндірісінің 93% -на 
қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен нұқсан 
келтірді. Себебі республикамыз Одақтың нұсқауымен негізінен 
шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру - 
өндірістің ең «ылас» саласы. Өктемдігі күшті империя 70 


164 
жылдан астам Қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі 
«қаймағынң ғана алып, экологиялық зиянды қоқыстарын 
қалдырып отырды. 
Қазақстанда бүкіл Д.И.Менделеев кесте жүйесіндегі 
элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық 
шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, 
құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге 
мекен болып отырған жеріміздің қойнауында, оның әр түрлі 
тереңдігінде жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, 
байыту, тасымалдау кезінде жерімізге көптеген - «жарақаттарң 
түсті. Оның үстіне олардың көбісін ең «арзанң ашық әдіспен 
қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы 
нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен 
карьерлері және оларды қазу кезінде кен байлықтарды басып 
жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа 
алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау 
жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту 
фабрикаларынан 
шығарылған 
қалдық-қоқыстарды, 
жылу 
электростанцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді 
орындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл 
қалдықтары, 
резиналар, 
шыны-әйнектер, 
бетондар 
т.б. 
тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын қосыңыз. Ескеретін жай, бұл 
қалдықтардың 
көбінесе 
тез 
арада 
ыдыратып, 
минералдандыратын 
бірден-бір 
жәндік 
немесе 
микроорганизмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған, 
жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар 
пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі 
жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын 
нашарлатады. Міне сондықтан да адам өз қолымен табиғатқа 
енгізген зиян әрекеттерін өзі қолымен жақсартып, бүлінген 
жерлерімізді қайта культивациялап, ал өнімді жерлерімізді 
басып жатқан қоқыс-қалдықтардан тазалап, оның құнарын 
қалпына 
келтіруі 
қажет. 
Қазақстан 
ауылшаруашылығы 
министрлігінің мәліметтеріне қарағанда өндіріс салдарынан
бүлінген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 мың 
гектардай. 
Республикада мұндай қазба байлықтарды алған кезде 
«таза 
бұзылған» 
жерлерден 
басқа 
әскери-өндірістік 
кешендерден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым 
көпшілік жерлері ядерлық қару-жарақтарды сынау, ғарыш 
кемелерін көкке ұшырған кездерде бұзылып, зақымданып оның 


165 
ішінде 
радиацияға 
шалынып, 
«ғарыш» 
қоқыстарымен 
ыластанады. Бұл мәліметтердің көп уақыт құпия болып келгені 
мәлім. Кейінгі кездерде еліміздің «қорғаныс» мақсатына 
бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асатыны анықталды.. Бұл 
«қорғаныс» мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына 
тигізген және болашақта да тигізетін кесапат зияндарын 
нақтылап есептеу - келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер 
планетасында тек Қазақстанда ғана ядерлы-стратегиялық 
бағдарлама толық жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында 
табылып алынды, ядролы қондырғылар осында дайында лып 
осында сыналды, ракеталы-ғарыштық кешендер осында 
сыналып, осында көзі жойылды. Мұның барлығы 40 жыл бойы 
жүріп жатты. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом 
бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей 
полигонынан 
басқа 
аймақтарда. 
Уран 
кеніштерінің 
аймақтарында экологиялық жүйенің барлығы да қатты 
ыластанды. Батыс Қазақстан аймағындағы Азғыр, ал осы 
облыстармен 
шектес 
жатқан 
Ресейдегі 
Капустин -яр 
полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық зияндары 
ұшан-теңіз екені даусыз. 
Біздің мәліметтер бойынша ол жерлердің кемінде 
жартысы бүлінген және ыластанған жерлер. Бұл жерлер 
негізінен Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, 
Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда
облыстарында орын алған. 
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген
жайылым жерлерде жатады. Жайылымдардың тарлығынан 
олардың біркелкі суландырылмағандығынан қыстау мен мал 
суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған 
гектар жайылымдар «тұяқ тесті» алқаптарға айналған. 
Ауылшаруашылығы айналымына жарамай шыққан жайылымдар 
көлемі Қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі 
А.Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн га, ал өнімі 
көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн 
гектардан асады. 
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер 
тағы да ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған және 
мұнай-битум қалдықтарымен ыластанған Каспий өңіріндегі 
жайылым жерлерді де жатқызады. Шамамен олардың көлемі 4 -5 
млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, 
ыластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға 


166 
жетеді. Олардың құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі 
топырақты қайта құнарландыру шараларын қолдану қажет. Бұл 
шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әр түрлі 
болады. 
Жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан 
кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су 
астынан жаңа босаған жерлер де жатады. Республикадағы 
мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру жұмыстары 
жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кез де 
территориясы түгелдей Қазақстанда жатқан Балхаш көлі 
аймағы, 
территориясы 
шамамен 
жартылай 
Қазақстанда 
орналасқан Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік -
шығыс алқабы ескеріледі. Бұлардың ішіндегі экологиялық 
апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде 
орналасқан жерлер. 
Арал мәселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі 
үлкен өзендермен -Амудария және Сырдариямен байланысты. 
Кезінде белгілі географ ғалым А.И.Воейков (1908) шөл далада 
мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол табиғаттың 
«қатесің, оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан 
да дұрысы оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге 
пайдалану 
тиімді 
деп 
есептеген. 
Кеңес 
заманындағы 
белсенділері осы есепке сүйене отырып, табиғат «қатесін» 
жөндеуге кірісті. Сонымен құдіреті күшті Орта Азия 
республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш т.б. егістерін 
өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары 
салынып, екі өзен сулары ауыздықталып егіс алқаптарына 
пайдаланылды. Сонымен 1960 жылға дейінгі сақталып келген
өзендер құятын сумен Арал айдынынан булану тепе -теңдігі 
бұзыла бастады. Әрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату 
мүмкін емес, сондықтан тек бұл жайындағы қорытынды 
мәліметтерді келтірейік. Арал деңгейі осы жылдар арасында 18 -
20 
метрге 
төмендеді, 
теңіз 
жүздеген 
шақырымға 
шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің бұрынғы 
көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы судың 
күрт кемуінен теңіз суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы 1 
литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35 г-ға жетті. Теңізде балық құрыды. 
Құрғаған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын тұз бен 
шаңның зияны тек Қызылорда облысы, Қазақстан ғана емес, 
әлемнің талай түкпірлеріне баратыны туралы деректер келіп 


167 
түсуде. Сондықтан Арал қасіретін тек жергілікті емес, дүние 
жүзілік қасірет деп түсіну керек. 
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы 
түгелдей, Ақтөбе, Шымкент және Қарағанды облыстарының 
Арал бассейнімен шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі 
бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал 
апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу 
орталықтың күшті кезінде мүмкін болмады. Оның үстіне 
«шегініп бара жатқан Аралды жуырда келетін Сібір суымен 
толтырамыз деген үміт бар еді. Тек 1986 жылы орталық көптен 
айтылып келе жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта 
Азия мен Қазақстанға бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді 
тоқтатқаннан кейін бүкіл Арал аймағындағы халық «Аралға 
араша», «Арал тағдыры - адам тағдыры» деген ұрандарды айта 
бастады. Бірақ бұл тілектің орындалу уақыты өтіп кеткен еді. 
Арал аймағы экологиялық апатқа көптен ұшырағанды. Енді 
Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. 
Әңгіме - экологиялық жағдайды әрі қарай ушықтырмау үшін ең 
болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау жайында болып 
жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам өміріне 
тигізген зияны көптен бері айтылып келеді. Сырдария суы 
Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының 
халық шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, 
мұқтаждарына, негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ, 
Дарияның суы бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қаза қстан жерлерін 
басып 
өтіп, 
ондағы 
мақта 
тағы 
басқа 
егістіктерді 
«химияландырудың» әсерлерін өзімен бірге ала келеді. Аралға 
жақындаған 
сайын 
Дария 
суына 
облыстың 
жоғарғы 
аудандарындағы 
күріш, 
тағы 
басқа 
егістіктерді 
«химияландыру» әрекеттерінің «жемістері» қосыла береді. 
Судың тұздылығы артып, оның химиялық құрамы нашарлап 
адамнан бастап бүкіл тіршілікке, жер экологиясына қатты 
зиянын тигізуде.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий 
аймағындағы апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен 
құрғақ жерлерді басып, өзінің көлемін ұлғайтуға байланысты 
болып отыр. Осыған қарап, табиғатта тепе -теңдік заңы жоқ деп 
қалай айтуға болады? Егер Аралға құятын суларды 
ауыздықтап, егістік суаруға мол жұмсағандықтан, теңіз деңгейі 
төмендейді десек, ал Каспий теңізі туралы болжам ақталмады. 
Бұрынғы Одағымыздың көптеген ғалымдары Каспийге құятын 


168 
Еділ, Жайық т.б. өзендердің суларын ауыл шаруашылығына мол 
пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің де деңгейін төмендетеді 
деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың алдын алу үшін мол 
сулы терістік өзендерін (Печора, Солтүстік Двина) Еділге қарай 
бұру туралы кезінде жобалар да жасалды. 
1970 жылдың соңынан бастап теңіз деңгейінің 
төмендеуінің орнына, керісінше, біртіндеп биіктей бастады. 
Сонымен 1978 жылдан бері қарай теңіз деңгейі 2 м астам 
биіктеді, ал оның көтерілуі тоқтар емес. Кейбір ғалымдардың 
болжауынша, теңіздің биіктеуі ХХІ ғасырдың ортасына дейін 
созылмақ. 
Сонда 
мұндай 
таңғажайып 
оқиғаны 
немен 
түсіндіруге болады? Бұл жайында әр түрлі көзқарастар бар.
Бұл жайында көңілге қонарлық мәліметті геология-
минералогия 
ғылымының 
докторы, 
Түркімен 
Ғылым 
академиясының 
корреспондент-мүшесі 
К.Н.Аманниязов 
келтіреді (1999). Ғалымның ойынша, Орталық Каспий Жерорта 
теңізі белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол Үлкен Кавказ 
бен Үлкен Балқан құрылымымен жалғасып, су астындағы жер 
қабатының тектоникалық әсері салдарынан біртіндеп көтеріліп 
келеді. Теңіз деңгейінің көтерілу «құпиясы» осында. Қазірдің 
өзінде жағалауы жайпақ Атырау, Астрахань, Ленкоран, 
Маңғыстау аймағын және Түркіменстан мен Әзірбайжанның 
біраз жерлеріне су жайыла бастады. Ал теңіз одан әрі 
көтерілген сайын су басқан жер көлемі де молайып келеді.
Теңіз деңгейі пәлен метр көтерілді деп айтуға ғана 
жеңіл. Шын мәнісінде көтерілген әр бір метр түгілі әр 
сантиметрінде 
халық 
тағдыры 
жатыр. 
Себебі 
көптен 
қалыптасқан теңіз жағалауында қаншама халықтың мекен -
жайы, 
өндіріс 
орындары, 
халық 
шаруашылығының 
құрылыстары, 
қазба 
байлықтар, 
ауыл 
шаруашылығына 
пайдаланатын қаншама жерлер бар. Осылардың су астында 
қалуы нағыз экологиялық апат. Бұл апаттан жеңілірек 
құтылудың жолдары К.Аманниязовтың еңбегінде баяндалған. 
Бұған қоса Каспий өңіріндегі экологиясы бүлінген жерлерден 
басқа, мұнай мен газ барлау, өндіру кездерінде топырақ 
қабаттары бұзылған, ластанған жерлерді де қосу керек.
Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балқаш 
көлінің су режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан 
қоршаған Іле, Жоңғар, Кетпен т.б. таулардан және Қытай 
территориясынан басталатын бірнеше өзендермен тікелей 


169 
байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық көптен «Жетісу» 
алқабы деп атайды. 
Ірі жеті өзенмен бірге суын Балқашқа құятын басқа да 
майда өзендер толып жатыр. Дегенмен Балқаш тағдырын 
шешетін негізгі күре тамыр - Іле өзені. Басын Қытайдан алатын 
бұл өзен - осы өңірдегі ең мол сулысы. Балқаш көлін ХХ ғасыр 
басында көрген академик Л.С.Берг оны «табиғат таңғажайыбы» 
деген болатын. Осындай шөлді аймақта бірнеше ғасырлар бойы 
тұщы көлдің сақталуы, академикті таңқалдырған еді. Кейінірек 
бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді. Біріншіден, 
Балқашқа құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары мен 
қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды, 
бастауымен құятын көлге дейінгі ара - қашық емес. Екіншіден, 
көлдің барлық айдыны (акваториясы) түгелдей тұщы емес екені 
анықталды. Оның шығыс бөлігі әжептеуір тұзданған, а л 
оңтүстік батыс бөлігі - мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы 
тұщы. 
Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын 
суармалы егіске, оның ішінде суды көп қажет ететін күріш 
өсіруге пайдалануға байланысты Балқаш өңірінің экологиясы 
нашарлай бастады. Іле суын ауыздықтап, Қапшағай су 
қоймасын жасау Іленің төменгі сағасындағы аймақтарды 
құрғатып, сол аймақтағы мал шаруашылығына, ондатра, балық 
шаруашылығына өте үлкен зиян келтірді. Балқаш көлінің 
деңгейі төмендеп, суы тұздана бастады. Көлдің арғы бетінде 
орналасып, оның тұщы суын қажетке жаратып отырған 
республикамыздың ірі өндіріс орталығы - кен-металлургия 
комбинатына, Балқаш қаласына көп нұқсан келтіре бастады. 
Құрылысы 1970 жылы бітіп, суға толтырыла бастаған Қапшағай 
су қоймасының жобалық көлемі 28 шаршы шақырым болатын, 
1987 жылы, яғни 17 жылдың ішінде көлдегі су деңгейі 2 м 
төмендеп, оның Балқаш қаласы тұсындағы тұздылығы 2 еседей 
артты. Сөйтіп Балқаш көлін жоғалтып алу қаупі туды. 
Нәтижеде «Балқашты сақтайық!» деген ұран баспасөзде, 
теледидар мен радиода көтеріле басталды. Жұртшылықтың бұл 
әрекеті елеусіз қалған жоқ. Сол кездегі әкімшілік, басшы 
органдар Балқаш деңгейін одан әрі төмендетпеу үшін біршама 
игі істерді жүзеге асырды. Біріншіден, су қоймасындағы су 
көлемін жобадағы 28 шаршы шақырымға жеткізбей, сол 1987 
жылғы деңгейде - 13,5 шаршы шақырымда қалдыру. Екіншіден, 
бұдан әрі суды көп қажет ететін күріш шаруашылығын 


170 
өрістетуді тоқтату. Оның орнына су аз жұмсалатын мал 
азықтық шөптер егіп, мал шаруашылығымен айналысатын 
шаруашылықтар ұйымдастыру. Осындай шараларды жүзеге 
асыру нәтижесінде көл деңгейі орта есеппен 340,7 м өлшемде 
қалыптасты. Ал Балқаш өңіріндегі экологиялық жағдай одан әрі 
онша төмендеген жоқ. 
Бұл Қазақстан территориясындағы экологиялық апат 
аймақтары 
туралы 
келтірілген 
қысқаша 
сипаттама да 
республикадағы барлық экологиялық мәселелерді қамту қиын. 
Тың игеру кезіндегі жіберілген кейбір экологиялық қателер 
жайында сол аймақтардағы жерлерді егіншілікке пайдалану 
бөлімінде сөз болды. Ал атом жарылыстары мен "ғарыш 
қоқыстарының" Қазақстанның экологиясына тигізетін әсерлерін 
толық зерттеу болашақтың ісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет