Жамалбеков Е.Ү


Қазақстан топырақтарын пайдалану жолдары



Pdf көрінісі
бет80/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5.3. Қазақстан топырақтарын пайдалану жолдары
Қазақстан топырақтарының сызба -нұсқалық картасы 
14-суретте 
көрсетілген, 
Олардың 
негізгі 
климаттық 
көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығына пайдалану бағыты 7 -
кестеде берілген. Қазақстанның топырақтану саласындағы 
ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижелеріне сүйене 
отырып, 
Қазақстан 
территориясындағы 
топырақ-табиғат 
зоналарының, зонашаларының қысқаша сипаттамасына қоса 
зоналар 
мен 
зонашалардағы 
топырақтарды 
ауыл 
шаруашылығына пайдалану мәселелеріне тоқталайық. Кестеде 
көрсетілгендей, республикамыздың жалпы территориясының 
80%-ын астам жері құрғақ аймақтарда орналасқан. Сондықтан 
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі ТМД елдерінің басқа 
бөліктеріне қарағанда қолайсыз. Жерден мол өнім алу үшін 
зоналар мен зонашаларда жүргізілетін басты шаралар - 
құрғақшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, 
топырақты эрозиядан қорғау. Осы мәселені түбегейлі шешуге 
республика дихандары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің 
негізгі күш-жігері қажет (7-кесте) 


148 
7 Кесте орны 


149 


150 


151 


152 
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі - Ғылым 
академиясының Еңбек Қызыл Ту орденді топырақтану 
институтының көп жылдық жұмыстары төмендегіні көрсетеді.
Республикада күрделі мелиорацияны қажет етпейтін, жыртуға 
жарамды 61 млн гектардай жер бар , оның 20 млн гектары - 
егістіктер, тыңайған жерлер, көпжылдық ағаштар мен меншікті 
учаскелер. Осы жерлердің көбі (15 млн гектарға жуығы) 
терістік, шығыс, терістік батыс қара топырақты және қара -
қоңыр топырақты, көпшілік жағдайларда табиғи ылғалмен 
қамтамасыз етілген аймақтарда. Ал ылғалмен қамтамасыз 
етілмеген, топырағы жай және ашық қара-қоңыр, құрғақ және 
шөлейтті зонашаларда жыртылған жер көлемі соңғы жылдарға 
шейін 5,0 млн гектар шамасында еді. Қазір олар егіншіліктен 
толық шығарылды. Ал қалған 4,0 млн гектар егістік жерлер 
Оңтүстік Қазақстан, аздап Шығыс Қазақстан және Батыс 
Қазақстан облыстарында. Бұлар негізінен тау етегіндегі шөлді -
далалы белдеуде тараған суарылмайтын және суарылатын 
егістіктер мен бау-бақшалар. Суармалы жердің біраз көлемі 
шөл аймағында өзен бойлары мен сағаларында орналасқан. 
Республикадағы жалпы суармалы жер көлемі кезіндегі 2,4 млн 
га орнына, қазір кеміп 1 млн гектары қалған Бұл жағдайды 
қалпына келтіру керек. 
Ылғалмен 
қамтамасыз 
етілген, 
күрделі 
мелиорациялауды қажет етпейтін, терістік аудандардағы 
жыртуға жарамды жерлер түгелдей игерілген. Б ұл жерлердің 
көбісі 1950 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру 
жөніндегі үкіметтің шешімдері нәтижесінде егістік жерге 
айналды. Мысалы, 1953 жылы республикамыздың бүкіл егістік 
жер көлемі 10,6 млн гектар болса, тың игеруден кейінгі 
жылдары жыртылған жалпы жер көлемі 36 млн гектардан асты, 
яғни 1953 жылға қарағанда, Қазақстанның егістік жері 3,4 
еседей көбейіп, ол ірі астықты өлкеге айналды.
Қазақстандағы тың игеру негізінен мамандырылған 
(совхоздарды) кеңшарларды ұйымдастыру арқылы жүзеге 
асқаны белгілі. Егер 1950 жылы республикада не бары 22 астық 
совхозы болса, тың көтерілгеннен кейін астық өндіруші 
совхоздар саны Қазақстанда 620-ға жетті. Жалпы республикада 
кеңестер кезінде совхоздар саны - 2060, 400-ден астам колхаз 
бар еді, сондықтан Қазақстан аграрлы республика болды. Оның 
басым көпшілігі астықты совхоздар, 572-сі қой совхозы, 142-і 


153 
сүт, ет совхоздары, ал 50-і шошқа, өзгесі мақта, техникалық 
дақылдар, бау-бақша, жүзім т.б. совхоздар еді. 
Қазақстанның 
кең 
байтақ 
жерінде 
орналасқан 
шаруашылықтар 

өте 
ірі, 
жақсы 
жабдықталып, 
механикаландырылған шаруашылықтар болған. Мәселен, орта 
есеппен Қазақстандағы әр совхоз 90 мың гектардай ауыл 
шаруашылық жеріне иемденсе, оның 16 мың гектарға жуығы 
жыртылған егістіктер. Қостанай облысындағы Козлов 
атындағы алып совхоздың жалпы жер көлемі - 400 мың 
гектардай, ал егістік көлемі 100 мың гектардан астам болған. 
Жалғыз совхоздың өзі бұрынғы КСРО кезінде өнімді жылдары 
8 млн пұттан астам алтын дән тапсырған (15, 16 суреттер)
15 сурет орны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет