Жамалбеков Е.Ү


Таулы алқаптың топырақтары



Pdf көрінісі
бет79/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
5.2. Таулы алқаптың топырақтары
Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі 
таулы 
алқаптармен 
салыстырғанда 
көп. 
Дегенмен 
республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз 
жерлерді таулар алып жатыр. Олар - Шығыс Қазақстандағы 
Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар 
және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау 
таулары. Енді Іле 
Алатауы мысалында 
тау етегінен 
жоғарылаған 
сайын 
топырақ 
түрлерінің 
сипаттамасына 
тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың 
белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы 
толық мәлімет Аболиннің (1930 ж.) Ленинградта шыққан 
«Балхаш өңірінің шөл даласынан Хан Тәңірінің қарлы 
биіктігіне шейінң деген классикалық еңбегінде келтірілген 
(Аболин А.Р., 1930). Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы 
жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың 
Алматы аймағында өтетін. 
9) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан 
шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы - 
белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына 
қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи 
жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу - таулық белдеулік 
зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты 
пайдалану жағдайы да басқаша. 
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері 
жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда 
әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін 
жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы 
айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл 
аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте 
пісетін астық дақылдары - күздік және жаздық бидай, арпа 
егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы 
дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, 
бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі. 


146 
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл 
аймақтың топырағы негізінен таулы алқаптан қаншалықты 
қашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне 
байланысты, топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға 
бөлінеді, таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт 
түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті 
топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және 
ашық қара-қоңыр топырақтар зонашалары кездеседі. Оңтүстік 
Қазақстан облысындағы Батыс Тянь-Шань тау етектерінде 
күңгірт- сұрғылт топырақтар мен ашық қара- қоңыр топырақтар 
орнына қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар кездеседі. Осы үш 
зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт-сұрғылт түсті және 
ашық 
қара-қоңыр 
топырақтар 
таралған 
алқапта 
ғана 
суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық -сұрғылт 
топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы 
өнім алынбайды. Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, 
Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы 
жерлердегі 
астықтары, 
темекі, 
көкөніс, 
бау- 
бақша, 
жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен 
дәрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау 
етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, 
яғни республика жер көлемінің 5,2%-на жуық. (22 сурет) 
10) Тау етегі шөлді далалы белдеуінен биігірек алқапта 
аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың 
топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан 
түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай 
мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі еш бір 
аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы 
өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр 
топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың 
қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, 
көбінесе астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да 
қолайлы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай 
егістікке қолайсыз, сондықтан көбіне табиғи мал жайылымы
шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын 
және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. 
Алматының әйгілі «Апортң алмасы да осы аймақта өсіп, жақсы 
өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.
11) Орташа-таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа 
таулы-далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта 
түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді. 


147 
Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы 
қара топырақ пен күңгірт- қара түсті орман топырағы. Таудың 
қара топырағындағы қарашірінді мөлшері 10 -12%-ге жетеді. 
Жер бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты 
егістік жері өте аз. Жері негізінен жазғы жайлау мен 
шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары, негізінен 
Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гектардай. 
12). Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы 
белдеу - биік таулы аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа 
райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал 
мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары - биік таулы 
альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды -далалы 
топырақтар. Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар мен 
мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра 
топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ 
малдың жазғы жайлауы, себебі басқа уақыттарда күн салқын. 
Көлемі 3 млн гектардай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет