Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет81/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

15 сурет. Ақселеу өскен тың дала 


154 
 
16 сурет орны 
16 сурет. Игерілген тың алқабындағы бидай егісі
Қазақстан бидайын шын мәнісінде «алтын дән» деп 
айтуға болады, бидайдың құрамы неғұрлым ұлпа мен белокқа 
бай болса, соғұрлым оның құны да арта түседі. Ал мұндай 
бидай тек тың жерде өседі, оған бұл аймақтың климаты мен 
топырағы лайық, жазы құрғақ, ыстық, жер беті тегіс, жел жиі 
тұрады. Қазақстан тыңында өсетін қатты және күшті бидай 
сорттарынан ең сапалы макарон, нан дайындалады. Бұл бид ай 
ұнының қамырынан суға ешқандай маңызы шықпайды, 
езілмейді, судың түсі мөлдір күйінде қалады. Бұл бидайдан 


155 
пісірілген нан - өте жағымды, ТМД елдерінің Еуропалық 
бөлігінде өсірілетін жұмсақ бидай сорттарының сапасын 
жақсарту үшін де, кондитерлік фабрикалардың мұқтажы үшін 
де осы қатты және күшті бидай ұны керек. Достастық 
мемлекеттерде өндірілетін бидайдың қатты және күшті 
сорттарының 60%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Бидайдың 
бұл сорттары сыртқы рынокта да қымбат бағаланып, оған деген 
сұраным күшті. Алайда соңғы уақытта баспасөзде, басқа да 
ақпарат құралдары Қазақстандағы тың игеру мәселесіне 
орынсыз теріс баға беріп келеді. Рас, тың игеру кезінде жоғары 
орындардың «жоспарды артығымен орындаймыз» деген 
ұрандармен, асыра сілтеушілікке жол берілді, асығыстық 
жағдайда егістікке жарамайтын көп жерлер босқа жыртылды. 
Оған қоса республика халқының демографиялық жағдайы
дәлірек айтсақ, ұлттық құрамы күрт өзгерді. Себебі тың игеру 
негізінен кезіндегі Одақтың Батыс аймақтарынан, дәлірек 
айтсақ, славян халықтарының млн дап қазақ жерлеріне қоныс 
аударуларымен жүзеге асқаны белгілі. Бұл мәселенің 
салдары терістік облыстарында осы уақыттарға шейін анық 
байқалады. Көптеген жер аттары әлі де орыс тілінде. Дегенмен 
тың игеру республиканың ауыл шаруашылығын аз уақы ттың 
ішінде жоғары көтеріп, КСРО халқын арзан астықпен 
қамтамасыз етуде зор үлес қосты. (17 сурет)
Дей тұрғанмен, көп жылдар бойы тек марапаттау 
ыңғайында біржақты айтылып келген тың және тыңайған 
жерлерді игерудің кейбір көлеңкелі тұстарын айта кеткен де 
жөн. 
Әлбетте, әміршіл-әкімшіл заманда тың игеруде біршама 
солақайлықтар болды. Қысқа мерзімде республикада 25 млн 
гектар жер өте асығыс қауырт игерілді. Тың игерудегі алғашқы 
қателер осы тұста айқындала түсті. Бұл сияқты аса маңызды 
мемлекеттік іс ең алдымен жер, топырақ жағдайларын жан-
жақты 
зерттеуден 
басталмады. 
Өкінішке 
орай, 
«тың 
планетасындаң түбегейлі зерттеулер жүргізілмей, тек қана 
барлау экспедициялары ұйымдастырылды. Олар негізінен 
жыртуға жарамды алқаптарды ғана анықтады, болашақ астық 
шаруашылықтарының іргетасы қаланатын тұсқа алғашқы 
қазықтар қағылды. 


156 
 
17-сурет. 
Тың игерілген жерлердегі мекендердің 
бұрыфнғы аттары 


157 
Ескеретін тағы бір жай, тың игерудің алғашқы кезеңінде 
жерді 
таңдау 
экспедицияларының 
құрамына, 
жаңа 
ұйымдастырылған 
астық 
совхоздардың 
директорлығына 
ұсынылғандар Мәскеудің жолдамасы арқылы келген Мәскеу, 
Украина, Беларусь т.б. жақтардың мамандары еді. Олардың 
көбісі Қазақстанның жер жағдайын жақсы білмейтін, Қазақ 
жерін гүлдендіруге құлшынып тұрмаған азаматтар болатын. 
Тың игерудің алғашқы кезеңінде жыртуға жарамды алқаптар 
таңдалып, болашақ совхоз орталықтарына қазық қағылғаннан -
ақ біраз қателер жіберілді. Соның салдарынан егіс егуге табиғи 
жағдайы жарамсыз жүз мыңдаған құмды және құмдақ, со ртаң 
жерлер жыртылды. Мұндай құрамы жеңіл құмдақ топырақтар 
өзінің табиғатында жел эрозиясына тым бейім келетіні белгілі. 
Жыртылмай тұрған кезінде өсімдіктердің шымды қыртысымен 
жымдалып, бекіп тұрған құмдақ жерлерді қайырмалы әдіспен 
жыртқанда «ерке» желдің еркімен топырақ эрозиясын үдетті. 
Мыңдаған жылдар бойы түзілген құнарлы топырақ желмен 
үрленіп, шаң тозаңға айналды. 1955-1958 жылдары мұндай 
жерлер терістік облыстарымызда 1,5 млн гектарға жетті. Бір 
ғана Павлодар облысында 805 мың гектар жер істен шық ты. 
Жел эрозиясына құрамы жеңіл құмды және құмдақ топырақтар 
көп бейім болатыны белгілі. Ал терістік облыстарымызда 
жыртылған жерлердің басым көпшілігінің азды -көпті жел 
эрозиясына шалдығуына аймақтың құрғақшылығы, жазықтығы, 
орманның жоқтығы және желдің жиі тұруы себеп болады. 
Тың игерудегі жоспар орындау және егістік алқап 400 
гектарлық 
төртбұрыш 
пішінді 
болу 
талабы 
алқаптың 
агроэкологиялық заңдылықтарын бұзды. Тіпті жерді елді 
мекендерге, орман алқаптарына, көл мен өзен жағалауларына 
тақап жырту, егістікке жарамайтын көптеген құмдақ және 
сортаң жерлерді жырту - бұған жақсы дәлел. Осының 
салдаранан егіншілік мәселесіне тек астық өндірісі тұрғысынан 
сыңаржақ шешуге тырысып, көптеген жайылымды жерлер рәсуа 
етілді. 
Жалпы ескеретін жағдай: Қазақстан тыңы негізінен 
тәуекелді егіншілік аймағында орналасқан. Себебі мұнда 
қуаңшылық 
жылдар 
жиі 
қайталанып 
отырады. 
Республикамыздың зоналары мен зонашаларында қуаңшылық 
жылдардың орташа есеппен қайталану заңдылықтары жоғарыда 
айтылған. Жалпы айтарымыз: қара топырақты зо на мен күңгірт 


158 
қара қоңыр зонашада тәуекелді егіншілік өзін-өзі негізінен 
ақтаса, қара қоңыр зонашада егіншілік көп жылдар ақтамайды, 
ал ашық қара қоңыр зонашада егіншілікті қолдан суармайынша, 
өнім алынбайды. Сондықтан соңғы екі зонашада бұрынғы 
жыртылған жерлерді астық өндірісінен шығарып, оларды 
қуаңшылыққа төзімді мал-азықтық шөптерге ауыстыру қажет. 
Жалпы егістік құрылымын тіпті қара топырақты және күңгірт 
қара-қоңыр топырақты зонашаларда да қайта қарау қажет. Ол 
аймақтардағы кейбір құрамы жеңіл құмдақ топырақтар мен 
сортаң топырақтары басым алқаптар да егістіктен шығарылып, 
мал шаруашылығының еншісіне берілуі тиіс.
Ескеретін жағдай, жалпы Қазақстан тыңы туралы сөз 
болғанда, республикамыздың атын әлемге паш еткен 
миллиардтаған пұт астықтар түседі. Осыған қарап әр гектар 
егістік жерден алынған өнімдер де мол екен деп ойлауға 
болады. Ал шындығында Қазақстан тыңының әр гектарынан 
алынатын өнім шамалы, тіпті аз болады. Мұның негізгі себебі - 
құрғақшылық жылдардың жиірек болуы, сондықтан да бұл 
аймақтағы 
егіншілікті 
тәуекелді 
егіншілік 
деп 
тегін 
айтылмаған. 
Қазақстан тыңында, тіпті миллиард пұт астық алынған 
жылдары гектарынан алынған орташа өнім 12-14 центнерден 
аспайды, ал құрғақшылық жылдары өнім гектарына 5 -6-дан 7-8 
центнер аралығында. Сонымен республика тыңындағы астық 
өнімі негізінен әр гектарынан емес, егістіктің жалпы мол 
көлемі есебінен алынады. 
Астықты дақылдар өнімі жөнінен Қазақстан бұрынғы 
Одақ көлемінде ең соңғы орында, ал әлемде 142-орында. 
Осындай егіншілік экономикалық жағынан тиімді ме 
деген сұрақ туады. Әрине тиімсіз. Сондықтан да соңғы 
жылдары Қазақстанның тың жерлердегі егіншілік құрылымы 
түпкілікті қайта қаралып жатыр. Кезіндегі тыңдағы 30 млн 
гектарға жуық егістік көлемін 16-18 млн гектарға қысқарту 
көзделіп отыр. Тыңдағы егіншілік тек табиғи жағдайда 
ылғалмен қамтамасыз етілген қара топырақты, аздап күңгірт 
қара-қоңыр топырақты зоналарда сақталып, басқа жерлер 
баяғыдан келе жатқан дәстүрлі мал шаруашылығы үлесіне 
тимек. 
Кеңестік 
заман 
кезіндегі 
республикамыздың 
топырақтарын егіншілікке пайдалану көрсеткіштері 8-кестеде 
келтірілген 


159 
8-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет