233
Топырақ реакциясын анықтау.
Топырақ реакциясы (қышқылдылығы, сілтілігі) оның
қандай заттарды сіңіргендігіне байланысты. Егер топырақ
сутегін, немесе аплюминийді сіңірсе, ол
қышқы л болады;
натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан
реакциясы бейтарап болады. Анықтау үшін 5 г топырақ үлісін
алып, стаканға салып 1:5 мөлшерде су құяды.
Ерітіндіден
потенциометр арқылы рН көрсеткішін анықтайды.
Топырақтағы карбонаттарды анықтау.
Топырақтағы карбонаттар көмір қышқылының кальций,
магний тұздары. Карбонаттардың топырақта барын немесе
жоғын 10 пайызды тұз қышқылымен біледі.
Анықтау тәсілі тұз
қышқылының топыраққа әсер еткенінде көмір қышқыл газының
бөлініп шыққанына негізделген Кальциметрді қолданып
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: