81
топырақ түзілу процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Карбонатты топырақтарда жоғарғы гумус қабатында ТРЭ
мөлшері жоғары болып, төмендеген сайын азаяды. Күлгіндеу,
сортаңдану,
балшықтану
процестері
нәтижесінде
ТРЭ
эллювиалды қабаттарына немесе
глей қабаттарына ауысады,
оның мөлшері 1,5-3 есе артады. Орманды-дала, қара топырақ,
қара қоңыр, жартылай-шөл, шөл топырақтардың қабаттарында
ТРЭ-нің таралу тәртібі анық белгіленбейді.
Жалпы табиғи
радиоактивтік элементтердің топырақ қабаттарында таралуы
балшықты бөлшектердің және бірлі жарым тотықтардың
таралуымен байланысты.
Соңғы
кезде
топырақтағы
радий
мен
уранның
арасындағы, торий мен уранның арасындағы қатынасты
топырақ түзілу процесінің көрсеткіштері ретінде пайдалану
керек деген пікір айтылып жүр. Бұл қатынастарды гидроморфті
және жартылай гидроморфті
топырақтардағы процестерге
пайдалануға болады. Басқа топырақтарда бұл көрсеткіштердің
өзгеруі анық байқалмайды, ТРЭ топырақтардағы процестерге
қатысып, органикалық молекулаларды полимерлеу құбылысына
қатысып, топырақтың құрылымын
жақсарта алады деген де
ойлар бар. Ыдыраған радиоактивті сәулелердің реакциялық
жоғары белсенділігіне байланысты, сондай құбылыстар өтуі
мүмкін деп есептелді. Бірақ та мұндай әдіспен топырақтың
құрылымын жақсартудың мүмкін
еместігі, оған табиғи
радиоактивті
элементтердің
сәулелерінің
дозасы
бос
радикалдарды құруға жетпейтіндігі дәлелденді. Топырақтың
табиғи радиоактивтік қасиетін тау жыныстардың және
топырақтардың
жасын
анықтау
үшін
пайдаланады.
Радиоактивті әдістердің ішінен уран-қорғасынды,
калий-
аргонды, рубидий-стронций, радиокөміртегін пайдаланады.
Топырақтың
жасын
анықтауда
радиокөміртекті
әдісті
қолданады, себебі бұл әдістердің анықтайтын жасы ондаған млн
жыл, қай топырақтың болса да жасынан артық.
Қазіргі кездегі топырақтардың жасы бірнеше жүз
жылдан (күлгін) бірнеше мың жылдық (қаратопырақ). Яғни
көміртегінің айналымы күлгін топырақтарда қаратопыраққа
қарағанда тезірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: