Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет46/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

мелиорациясы деп атайды. 
Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп 
әсер етеді. Мәселен, құрғақ, шөлді аудандар топырағында 
мөлшерден артық суға еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. 
Оларды сумен шайып, артық тұздарды бұл топырақтардан 
кетірмейінше, ол жерлерден жақсы өнім алынбайды. Сонымен 
қатар кейбір топырақтардың сіңіру комплекстері натрий 
катионына қаныққан (сортаң) топырақ ортасының реакциясы 
сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте нашар, ылғалы жоқ 
кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып құнарсы з 
болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, 
сіңірілген сутегі, біршама алюминий катионына қаныққан 
(орманды зонаның күлгін топырақтары), олардың топырақ 
ортасының реакциясы қышқыл болып көптеген мәдени 
өсімдіктер үшін құнарсыз болады. Міне осы жағдайларды 
қолдан жақсартпайынша, бұл топырақтардан жақсы өнімдер алу 
мүмкін емес. Сондықтан осындай топырақтар кездесетін 
аймақтарда, 
олардың 
тұзын 
шайып 
немесе 
топырақ 
орталарының реакцияларын химиялық мелиорациялау (гипстеу, 
әктендіру) арқылы жақсарту шаралары әлемде көптен 
жүргізілуде. 
Топырақтанудың 
бұл 
саласын 
топырақты 
мелиорациялау 
деп, 
онымен 
шұғылданатын 
ғылым 
мелиоративтік топырақтану деп аталады. 
Топырақ құнарлылығына әсер ететін жағдайдың бірі 
оның эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған 
топырақтың құнарлы беткі қабатының қатты соққан жел-
дауылдың әсерлерінен немесе қатты нөсерлетіп жауған 
жаңбырдан, тез еріген қардан, кей жағдайларда суармалы 
егістік жерлерді суару кезінде суды мөлшерден артық 
жіберудің нәтижелерінде жуылып-шайылуынан болады. Әлемде 
топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да ұшыраған 
алқаптар аз емес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен 
күресу жолдары топырақтанудың бір саласы.
Әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде, 
әсіресе өндірістің қарышты дамуынан табиғатқа, оның ішінде 
топырақ құнарына зиянды әсері де толып жатыр. Соның 
ішіндегі ең негізгілері жер қойнауының әр түрлі тереңдігінде 
жатқан қазба байлықтарды барлап, қазып алу және оларды 
байыту кезінде құнарлы топырақ қабаттары бұзылып, жер 


87 
бетіне жер астындағы құнарсыз тау жыныстары шығып 
көптеген жерлер құнарсызданады. Оған қоса көптеген зауыт -
фабрикалар мен жылу электростанциялардан шығатын күл -
қоқыстармен ластанып, құнарларынан айырылатын жерлер 
баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына 
келтіруді қайта культивациялау (рекультивация земель) деп 
атайды. Мұндай жағдайларда, шын мәнінде, топырақтар адам 
қолынан 
жасалған 
антропогенді 
топырақтар 
түзіледі. 
Топырақтанудың бұл саласы әлемде соңғы жылдары қолға 
алына бастады. 
Сонымен топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны 
арттыру 
жолдары 
жалпы 
ауылшаруашылық 
ғылымдар 
жетістіктеріне 
агрономия, 
агрохимия 
сонымен 
қатар 
топырақтану ғылымының салаларына (топырақ мелиорациясы, 
топырақ эрозиясы және одан қорғау, топырақты қайта 
құнарландыру) тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен 
маңызы арта түспек. Табиғат қорларының барлық салаларын, 
оның ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді пайдалану 
сияқты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғатты 
және оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында 
қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның 
экологиялық жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап 
тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мәселе - 
осы заңдарды бұлжытпай орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет