Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет52/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Әлем 
топырақтарының 
көлденең 
зоналық 
құрылымдары: 
1. Полярлық (өте салқын) белдеу. Бұл белдеу үш 
топырақ зонасын қамтиды: а) полярлық жалаң топырақтар; б) 
арктика-тундра топырақтары; в) тундралы-глейлі топырақтар. 
Полярлы жалаң топырақтар терістік ендіктің 75-80
0
-тік 
жоғарғы алқаптарын қамтиды. Олар Гренландия аралының, 
Канада архипелагының терістігін, Солтүстік мұзды мұхиттағы 
Шпицберген, Франц-Иосиф жері мен Солтүстік жерлер 
аралдарын алып жатыр. 
Арктика-тундра 
топырақтары 
жоғарғы 
ендіктен 
оңтүстікке қарай таралған. Олардың оңтүстіктегі шекарасы 
терістік ендіктің 78-73
0
-нан өтеді. 
Терістік Америка (Канада) мен Терістік Еуразияның солтүстік 
бөліктерін қамтиды. Шығыс Азияда оның шекарасы шамалы 
оңтүстікке жылжиды, себебі бұл төңіректе әлемдік суық 
полюстің ең суық нүктесі орналасқан. 
Ал тундралы- глейлі топырақтар зонасы бүкіл 
континенттің терістік ендік жолағын алып жатыр. Зонаның ең 
терістік шеті (ендіктің 72-73
0
) құрлықтың орталық аймағында. 
Ал құрлықтың шығыс және батыс мұхиттар жағалауларында 
зонаның оңтүстік шекаралары ендіктің 62-63
0
-на төмендейді. 
Сонымен зонаның әр бөлігінде олардың ені әр түрлі. 
Тундра зонасының Терістік Америка мен Еуразияда 
орналасу жағдайлары жоғарғы заңдылықтарды дәлелдейді. 
Мәселен, терістік Американың шығыс жағалауында тундра 
топырақтарының оңтүстік шекарасы ендіктің 65
0
-тан өтеді 
(Свюард түбегі, Алясканың оңтүстігі). Ал ішкі құрғақ секторда, 


99 
оның оңтүстік шекарасы терістікке, 69
0
-қа жылжиды. Ал енді 
батыстық жағалау бағытында тундра зонасының шекарасы 
Гудзон шығанағы мен Лабрадор түбегі арқылы оңтүстікке 55
0
-
тық ендікке жылжиды. Бұл жағдайда мұндағы Салқын Лабрадор 
ағыны мен мұзды Гренландияның жақын орналасуы әсер етеді.
Еуразияда тундра топырағының оңтүстік шекарасы 
құрлықтың шығыс жағалауында (Камчатканың терістігі) 
ендіктің 60
0
-нан өтеді. Ал Лена және Хатанга өзендерінің 
төменгі сағаларында зонаның оңтүстік шекаралары ендіктің 70-
72
0
-на шейін жылжиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет