100
3.Субборелады (қоңыр жай) белдеу. Бұл белдеу әр
түрлі топырақ зоналарымен және күрделі көлденең зоналық
құрылыммен сипатталады. Мұнда негізгі үш сектор бөлінеді:
1.Ішкі
құрғақтық секторы, терістіктен түстікке қарай
бірнеше топырақ зоналары бірін-бірі ауыстырады.
2. Екі симметриялы мұхит жағалау секторлары,
топырақтары біртектес.
3. Ішкі құрғақтық сектордан шығысқа өтпелі сектор. Бұл
аймақта ішкі құрғақтық зоналар теңіз жағалауынан ішке
құрғаққа жылжыған сайын ылғалданудың кемуіне байланысты
ендік зоналар меридианалды зоналарға ауысады. Мұндай
заңдылық батыс сектордағы
мұхит жағалауында да байқалады,
бірақ мұнда құрғақтану процесі тек континенттің орталығына
және оңтүстік субтропикалық белдеуге жақындаған сайын арта
түседі.
Ішкі континенталды (құрғақ) секторда терістіктен
түстікке қарай орманның сұр топырақтары, қаратопырақтар
(даланың), құрғақ
даланың қарақоңыр топырақтары, шөл -
даланың құба және шөл зонасында сұр-құба топырақтары бірін-
бірі ауыстырады. Сонымен қаратопырақтардың терістік
шекаралары
55-57
0
-тық
ендікте,
қарақоңыр
топырақтар
шекарасы 52-53
0
-тық ендікте болса, ал құба топырақтарының
терістік шекарасы 48
0
-тық ендікке төмендейді. Ал бұл
сектордың
шекарасы
ылғалы
мол
мұхит
жағалауына
жақындаған сайын барлық зоналар оңтүстікке жылжиды. Батыс
жағында дала және шөл-дала зоналары 45
0
-қа төмендесе, шығыс
жағында олар ендіктің 38
0
-на шейін төмендейді.
Ал жоғарғы сипатталған
топырақ зоналары және
олардың оңтүстікке қарай алмасуы шығыс Еуропа мен Батыс
Сібір аймақтарына тән. В.В.Докучаев осы өңірлерді зерттей
жүріп, топырақтардың алғашқы көлденең зоналық заңын
анықтады. Осы топырақтардың таралу заңдылықтары терістік
Американың орталық жазықтарында да байқалады.
Аймақтардың
теңіз
жағалауларына
жақындағанда
жоғарғы айтылған зоналықтар бұзылып,
олардың ендік немесе
меридианалды зоналықтары сезілмейді.
Еуразияның қоңыр жай жазық белдеуінде орманның
құба топырақтары екі ареалға бөлінеді: 1) Батыс Еуропаның
Атлант жағалауы; 2) Қиыр Шығыстың муссонды оңтүстігі
(Жапония, Корея, Терістік-Шығыс Қытай).
101
Терістік Американың шығыс мұхиттар жағалауында
орманның
құба
топырақтары
меридионалды
бағытта
қаратопыраққа түстес топырақтармен ауысады. Ол топырақтар
терістігінде
орманның сұр топырақтарымен, ал оңтүстігінде
субтропикалық қызғылт-қара топырақтармен ауысады. Ал
батысқа қарай қара топырақтар меридионалды бағытта
құрғақшылықтың көбеюіне байланысты қара қоңыр, құба және
шөлдің сұр-құба топырақтарына ауысады. Бұл жағдай ішкі
континенталдық
секторларға
тән
құбылыс.
Осындай
заңдылықтар
шығыс
Азиядағы
Қытайдың
теріс-шығыс
жазықтықтарындағы мұхит жағалауындағы өтпелі секторларда
да байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: