Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет72/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Сулардың тұздану деңгейі 
Жер асты суларының тұздану 
деңгейі 
Судағы тұздар мөлшері л/г 
Тұщы сулар 
Аз тұзданған сулар 
Орта тұзданған сулар 
Мол тұзданған сулар 
Аса мол тұзданған сулар 
<1 
1-3 
3-10 
10-50 
>50 
Жер асты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын әрі оның 
тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы, немесе ыстық 
аймақтарда 
топырақтардың 
тұздану 
процесі 
соғұрлым 
жылдамырақ болады. 
2) Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау 
жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.
3) Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының 
ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен


131 
бұрынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де 
өспейді. 
4).Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір 
жолы - адамның өндірістік әркеттерімен байланысты. Оның 
мәнісі төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді 
суармалы 
егіншілікке 
пайдаланатынымыз 
белгілі. 
Осы 
алқаптарда жерасты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған 
жағдайларда, топырақ астындағы ыза сулар суару кезінде жер 
бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады. 
Топырақтың сорлануының осы жолын екінші сорлану немесе 
адам әрекетімен сорлану деп атайды. 
Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері 
0,6-2% және одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың 
мөлшеріне, құрамына және топырақтың қай қабаттарында 
шоғырлануына байланысты әр түрлі жүйеленетіні 5 -кестеде 
келтірілген. Ал топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне 
қарай олардың ауылшаруашылық дақылдарына әсері 6 -кестеде 
келтірілген. 
Бұл 
мәліметтерден 
көрінгендей, 
құрамына 
байланысты ең зияндылары содалы, хлорлы, сульфатты тұздар 
екен. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары ондағы 
тұздардың құрамына да тікелей байланысты екені байқалады. 
Жалпы топырақты мелиорациялау мәселелерімен арнайы ғылым 
- топырақты мелиорациялау шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет