Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет68/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Субтропикалық белдеу.
а) Оңтүстік тау етектеріндегі шөлді даланың сұр 
топырақтары. 
Бұл топырақтар ТМД елдерінде негізінен Орта Азия 
республикалары мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау 
етектері 
мен 
тау 
баурайларында 
орын 
алған. 
Бұл 
топырақтардың аздаған көлемі Әзербайжан республикасындағы 
таулар аралығы мен етектеріндегі Кура-Аракс ойпатында 
кездеседі. Субтропикалық белдеуге жатқызылу себебі бұл 
топырақтар зонасында жазы ыссы әрі ұзақ болумен қатар қысы 
да суық емес. Тіпті Орта Азия мен Әзербайжанда қыстың өзі 
жылы. Зонаның көлемі 32 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 
1,5%. Бұл зонаның терістікке қарай орналасқан шөл зонасының 
ерекшелігі ерте көктемде ылғалдың мол түсуі. Сондықтан 
ылғалдың басым мөлшері ауаға буланбай жерге жақсы сіңеді.
Топырақ көбіне таулы алқаптарда орын алатындықтан, 
табиғаттың, оның ішінде топырақтың биіктік белдеуінің 
(зонасының) ең төменгі сатысы болып табылады. Сонымен бұл 
топырақтар 
Әзербайжандағы 
Кавказ 
тауларының, 
Түркмениядағы Копетдаг, оның оңтүстігіндегі Ауғаныстан 


125 
тауларының етектеріне, Өзбекстандағы Зеравшан, Түркістан, 
шатқал жоталары мен Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Қырғыз 
жоталары мен Талас Алатауы мен Күнгей, Іле Алатауларының 
тауалды жазықтарына орналасқан. Жазық аймақтағы шөл -дала 
зонасына, 
яғни 
ондағы 
түзілген 
ашық 
қара -қоңыр 
топырақтармен салыстырғанда, бұл белдеу (зона) тау етегінде 
жатқандықтан, оған көбіне таудың көп әсері тиеді. Мұнда 
түсетін ылғал мөлшері 200-400 мм, яғни жазықтағы зонадан 
гөрі біршама мол. Оның үстіне ылғалдың жыл бойы ауадан түсу 
мерзімі әр қилы. Терістік жазықта жыл бойы ауадан түсетін 
ылғал біркелкі немесе жазда басымдау болса, мұнда ылғалдың 
басым мөлшері ерте көктемде түседі. Бұл зонаның тағы бір 
ерекшелігі - тау етектерінде жатқандықтан, ылдиға қарай біраз 
еңісті келеді. Бұл жер асты ағысын қамтамасыз етуге септігін 
тигізеді. Сондықтан бұл зонада батпақты топырақтардың 
түзілуіне жерасты ыза суының жер бетіне жақындайтындай 
мүмкіндігі жоқ. Тағы да ескеретін жағдай, сұр топырақтар 
негізінен тау етектеріне алыс аймақтардан желмен ұшып келіп 
қонған лесс (сары топырақты) жыныстарында түзіледі. Ол 
жыныстар, борпылдақ шаңды және карбонатты келеді
Сұр топырақтардың құрамын алғаш зерттеп, оған осы 
терминді қолданған орыстың дарынды топырақ зерттеушісі 
С.С.Неуструев (1910). Ол 1908-1914 жылдары патшалық 
Ресейдің халықты жаңа жерлерге қоныстандыру басқармасында 
қызмет істеп 
жүрген кездерінде Шымкент қаласының 
төңірегінде осы топырақ типін анықтаған. 
Орта Азияның сұр топырақтарын жан-жақты терең 
зерттеген профессор А.Н.Розанов (1951). 
Табиғи жағдайда ерте көктемгі ылғалды жақсы 
пайдалануға бейім, тез пісіп жетілетін өсімдіктер (эфемерлер) 
қалың бітік өседі. Топырақтағы гумус мөлшері 1,5-3,0% шейін 
болады. Әдетте сұр топырақтар типі, үш зонашаға бөлінеді: 
күңгірт, кәдімгі және ашық сұртопырақтар. Неғұрлым тауға 
жақынырақ болған сайын онда жауын-шашын да молырақ түсіп, 
өсімдіктер қалыңырақ өседі, бұл зонашада күңгірт сұр 
топырақтар түзілуін қамтамасыз етеді. Таудан алыстаған сайын 
жауын-шашын мөлшері кеміп, оның шөл зонасына өту 
шекарасындағы зонашада ашық сұр топырақтар түзіледі. 
Ескеретін жай, барлық тау етектерінде осы айтылған топырақ 
зонашалары түгел кездесіп, бірін-бірі ауыстыра бермейді. 


126 
Кейбір зонашалар аймақтың табиғи жағдайларына, ең бастысы 
таулардың көлемі мен биіктеріне т.б. байланысты түсіп қалады.
Сұр топырақтар жербеті және жерасты ағындарымен 
жақсы қамтамасыз етілгендіктен, олардың құрамында зиянды 
тез ерігіш тұздар болмайды. 
Әдетте сұр топырақтар пішіні төмендегідей: 
А
о
-15-20 см шымды-қара шірінді қабат. Көктемгі жауын 
әжептәуір мол болғандқтан, эфемер шөптер қалың өсіп, 
топырақ бетінде 0-5-7 см шымды қабат түзеді. Қабат биігірек 
жатса, күңгірт сұр, ал таудың ең алысырақ шетінде орналасса, 
ашық сұр түсті келеді. Механикалық құрамы шаңды -сазды. 
Құрылымы бос. Шөптері жақсы тамырланған. 
В 20-60 см иллювиалды-карбонатты, түсі ашық сұр, 
көбіне карбонатты қосылыстар кездеседі, құрылымы бос. 
Шаңды-сазды. Өсімдік шамалы тамырланған. 
ВС 60-80 см сары түсті, шаңды-сазды. Құрылымы бос
карбонаттармен қатар гипс те кездеседі. 
Табиғи күйінде сұр топырақтардың тауға жақын 
орналасқан, күңгірт сұр топырақтары көктемгі жауынды дер 
кезінде пайдаланып, пісіп үлгіре алатын күздік егілген астықты 
дақылдар арпа-бидай үшін тиімді. Ал одан төменгі зонашаларда 
егістіктерден жақсы өнім алу үшін оларды қолдан суармайынша 
болмайды. Суармалы жағдайда бұл зонада Орта Азия мақтасы, 
жүзім, қант қызылшасы, бау-бақша, көкөніс, астықты дақылдар 
т.б. жақсы өнімдер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет