Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет75/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

4.3. Зонасыз топырақтар 
ТМД елдерінде, бүкіл әлемдегі сияқты, зонасыз деп 
аталатын топырақтар да біршама территорияларды қамтиды. 
Бұл топырақтар қатарына өзен бойларындағы жайылма, 
ойпаңды жерлердегі батпақты, батпақты-шалғынды топырақтар, 
құмды алқаптардағы жөнді дамымаған, тіпті жел күшімен ары -
бері жылжып жүретін құмды топырақтар жатады. Бұлардың 
зонасыз деп аталуы олар табиғаттың барлық зоналарында өзен 
бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар 
жерлерде кездеседі. Бұлардың зонааралық топырақтардан 
айырмашылығы осында. 
Жоғарыда сипатталған зонааралық топырақтар (сорланған, 
сортаң, солодты) негізінен шөл, шөл дала, орманды -дала, дала 
зоналарында кездеседі. 
Бұрынғы КСРО территориясындағы батпақты топырақтар 
көлемі 100 млн гектарға жетеді. Олар негізінен Батыс Сібір 
ойпаты, қиыр шығыста, Белорус, Балтық бойы елдері мен 
Ресейдің 
терістік 
батысында 
орын 
алады. 
Өзендер 
бойларындағы жайылма жерлердегі шалғынды, шалғынды -
батпақты топырақтың көлемі 60 млн гектарға жетеді. Ал ТМД 


138 
елдеріндегі құмды алқаптардың көлемі - 62 млн гектарға 
жетеді. Олардың негізгі көлемдері - Түркмениядағы Қарақұм 
алқабы мен Өзбекстан мен Қазақстан жеріндегі Қызылқұм 
алқаптары. Бұл құмды алқаптар көне дәуірдегі Әмудария мен 
Сырдарияның суларымен келген аллювиалды су шөгінділері. 
Басқа кездесетін кіші-гірім құм алқаптары да өзен бойларында 
көне аллювиалды жазықтарда орналасқан. 
Бақылау сұрақтары 
1. ТМД елдерінің топырақтарының зоналары.
2. Тундра зонасының топырақтары.
3. Тайгалы-орманды зонасының топырақтары.
4. Орманды-құба және орманды сұр топырақтардың 
сипаттамасы. 
5. Орманды-дала зонасының өсімдік-топырақтары.
6. Құрғақ дала және жартылай шөл даланың өсімдік -
топырақтары.
7. ТМД елдерінің шөлді зонасының топырақтары.
8. Қызыл 
және 
сары 
топырақтар, 
олар 
қандай 
аймақтарда таралған. 
9. Зонасыз топырàºòàðäû» ïàéäà áîëóû.
10. Æàçûº òåððèòîðèÿëàðäû» òîïûðàºòàðûíû» ïàéäàëàíóû.
11. Зонааралық äåãåí қàíäàé òîïûðàқòàð.
12. Зонасыз топырақтар, олардың таралуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет